Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет27/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
ұялатын Жадыра жiгiт құшағына да үйренген едi. Ыстық құшақ өн-
бойын күйдiрiп, Жадыра өз басынан ұмыт болғанына талай уақыт өткен 
ғұмырды қайта кешкендей... Екеуi де жас жiгiт пен қыз күндерiне қайта 
оралғандай... Аймаласқан сайын тоймайтындай халде. Махаббаттың 
бал ләззатына бөленiп, шарықтау шегiнен асып кеткендерiне де бiраз 
болды. «Япырмау, мұндай сәттердi алғаш тұрмыс құрған кездерiмiзде 
бастан кешкен едiм ғой.. Не болды маған? Әжептәуiр жасқа келгенде 
не iстегенiм? Қой, тиылайын...» – деп өзiн жөнге келтiрмек болады. 
Бiрақ, елiгiп, желiгiп алған сезiм бұны құрсаулап, өн-бойын жаулап 
алған сияқты. «Еркектiң, оның үстiне басы бос азаматтың ештеңесi 
кетпес, азын-аулақ ойнап күлейiн, уақытымды босқа жiбермейiн» деп 
жүрген шығар. Маған не жорық?» Қандай оймен болса да оны өзiнен 
аластайын десе де болар емес... 
Әдеттегiдей ертеңгiсiн орнынан тұра салғанда ойына соңғы күн 
екендiгi, ертең үйлерiне қайтатындары түстi. Лезде денесi суықтан 
тiтiркенгендей, қалтырай орнынан атып тұрды. 
– Не болды қарағым? – дедi жанындағы қартаң әйел жақтыртпай 
қарап. Соңғы кездерi келiншек бойындағы желiктi байқап, көптi көрген 
адам ұнатпай жүрген. 
– Жәй, әншейiн, – деп атып шыққан күйi, бақ iшiн аралап, алаңдап 
Мәдидi iздей бастады. Анадайдан көрiп, көңiлi орнына түскендей, 
жоғы табылғандай болды. 
Әншейiнде сырғып өте шығатын уақыт жылжымай қалғандай... 
Кештi, Мәдимен кездесер сәттi аңсаған сайын келiншек жаны жай 
таппай, бiр отырып, бiр тұрды. Күн еңкейе бере қалың қарағай ара-
сына енген екеуi бiр сәт құшақ жазбады. Тән мен тән табысып, айма-
ласып, әбден құмарлары қанған олар таң атып қалғанын да сезбептi. 
«Қырықтан асқан әйелде де осындай ыстық махаббат болады екен-
ау...» – деп iштей жiгiт ойлауда. Аспанға қарап, үн-түнсiз маужырап, 
рахаттана дамылдап жатқан келiншек: «Мұндай тәттi түндер шынымен 
басымнан өтпеген екен-ау», – деп толқиды. 
Сол ұйқысыз түннен кейiн, ертемен келiншектi шығарып салған 
Мәди ернiнен, көзiнен сүйiп тұрып: «Тiрi болсам, жер басып жүрсем, 
мiндеттi түрде барамын iздеп... Тiптi мүмкiндiк болмай қалса телефон 
соғармын», – деген. 
Мiне, бас-аяғы бiр айдың iшiнде болған, бiткенi осы. Жадыра сол 
бiр айдың әр күнiн, әр сағатын тәптiштеп қайталап, есiне түсiредi. 
Түсiрген сайын алабұртқан көңiл, жүдеген жүрек, сазды сағыныш ма-
засын алады. 


61
Тіршілік
«Қап, намыстанбай-ақ өзiм мекен-жайын жазып алуым керек едi...».
Сол Көкшеден екенiн ғана бiледi. Басқа еш мәлiмет қалмапты жадын-
да. Әр телефон шырылына елеңдеп, жұмысында да береке болмай бара-
ды. Әйелiнiң көңiл-күйiн күйеуi де сезгендей... Қаншама күн түнерiп, тiл 
қатпайды. Iстер амалдың жоқтығына, опық жегенiне, күйiнгендей iшуiн 
үдете түскен. Бұрынғыдай жасқанар әйел жоқ, «Ал, тиiп көр, мен баяғы 
көрсоқыр Жадыра емеспiн, сенсiз де күн көремiн. Кетемiн де қаламын» 
деген сыңай байқатады. Өзiн бағалайтын, сүйетiн, жанын түсiнетiн адам 
табылғанына сенiмдi сияқты. Кеш кездескен махаббаттың қасиетi оған 
күш берiп, тiптi батылдандырып жiбергендей... 
Курорттан келген күндерiн санай-санай шаршады Жадыра. Жарты 
айдың жүзi болды. «Неге телефон соқпайды? Әлде, уақытша алда-
ныш еттi ме? Жоқ! Мүмкiн емес!»– деген ойлар маза бермейдi. Сол 
бiр күндердi аңсап, армандап, сағынышпен, үмiтпен алысқа көз тiгiп 
отырып Бектайдың үйге кiргенiн аңғармай қалыпты. 
– Ә-ә-ә, алысқа кетiп қалыпсың ғой. Мен сенi... берi қайтарайын... 
Әкеңнiң... – деп аузынан былапыт сөздердi лек-легiмен ағытқан Бек-
тай әйелдi басқа, көзге төпеп, мастықтың әсерiнен өзiн тоқтата алмай, 
аяққа да ерiк бердi. Егер балалары келiп қалып, арашалап алмағанда 
кiм бiлсiн өлтiрiп те қояр ма едi? Бұл оқиғадан кейiн олардың аралары 
суысып, бiраз жүрдi. Балалары да өкпелегендей томсыраяды. Уақыт 
– емшiнің жазбайтын жарасы бар ма? Күйеуiнiң де ашуы басылып, 
келiншектiң сезiм оты сөнiңкiреп, төсекте бастары түйiсiп, өмiр өз 
қалпына келе бастады. 
* * *
Арада жылдар өттi. Сенбi күнi қызымен дүкен аралап жүрген 
Жадыраның көзiне анадайда келе жатқан Мәди оттай басылды. Жүрегi 
тулап, өрекпiген сезiм қайта лықсып, бас көтергендей... Қасындағы 
бойжеткен қызына да қарамастан: «Мәди, Мәди!» деп айқайлап 
жiбердi. Бұрылды, қарады, Мәди екен. Бiрақ, Жадыраны танымады. 
Әдемi қастарын кере таңданғандай бiр қарады да кете бердi. Сонда 
ғана келiншек өзiнiң «уақытша ермек болған көп әйелiнiң бiрi болған 
екенмiн» деген ойына сендi. Бiрақ, өз басына келген махабаттың 
шын, таза екенiне, құлай сүйгенiн, тек кеш келген сол бiр сезiм оты-
на тек жылынғанын түсiндi. Бiрақ, сондай бақытты күндердiң басы-
нан өткенiне iштей риза болды. Осы бiр ғұмырында есiнде мәңгi орын 
алған бақытты сәт ретiнде ескерткiш етiп қалдырды сол күндерді. 


62
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет