59
Тіршілік
Оларға iлесе берген едi бұл да. Сол топқа қосылғалы берi тамаша бiр
сәттер басталып кеткендей... Әндi тамылжыта салатын, күлдiргi әңгiме,
әзiл-қалжың айтып езу жиғызбайтын Әлжанның, ашық-жарқын
Әлиманың, үнемi әлдебiр ой үстiнде жүретiн,
көп сөйлемейтiн Мәдидiң
қатарларына қосылған Жадыра да өзiнiң кiбiртiктеп, қысылып тұратын
мiнезiнен ажырап шыға келдi. Тiптi, түлеп, өзi де, жаны да жаңарғандай.
Тамақтануға, ойын-сауыққа, қыдырыстауға да бәрiнде бiрге жүредi.
Жатар орындарына тарасқан уақытта Әлжан әзiл-шыны аралас: – Бiр
бөлмеге ұйықтай кетпеймiз бе? – дейтiн. Оған қалжыңбас Әлима жау-
ап қайтарып, «кет әрi емеспiн» деп әзiлдеп жатады. Жадыра ғана бiреу-
мiреу естiп қалмады ма дегендей қысыла түсетiн.
Жақсы күндердiң тез өтетiн әдетi емес пе? Жолдамада белгiленген
күн де бiтуге жақындады. «Жақсы демалып жатырмыз, күндерiмiздi
тағы бiразға создырсақ қайтедi?» – деген Мәди пiкiрiне бұлар қарсы
келмедi. Күнделiктi бойды балқытып, сезiмдi шалқытар ән, әуездi
күй,
таза ауа, көтерiңкi көңiл, қызықты әңгiме, әзiл-күлкi бәрi аста-
сып Жадыраға да шырай бiткендей... Айнаға қарап, өз-өзiне сұқтанып:
– Әдемi келiншек екенмiн-ау, – деп, көңiл шiркiн одан да гөрi
сұлуланғысы келiп, боянатынды шығарды. Алғаш танысқан сәттерiнен
бастап-ақ Мәдидiң көзi Жадыраға қатты түскен. Ол өзiнiң басы бос,
бойдақ, әйелiнен ажырасып кеткен жiгiт екенiн де сездiрiп, көзiн ал-
май қарап жүрiп, әйелдiң iшкi сарайына бiраз енiп кеткендей... «Басы
бос, бойдақ болса қайтейiн? Не
ойлап кеттiм мен, менiң балаларым,
күйеуiм бар ғой...», – деп өзiне қанша тоқтау салғанымен желiк кiрген
көңiл алып-ұшып соны iздейдi де тұрады. Есiнен шықпай, көзi ұйқыға
кеткенше оның байсалды әрi әдемi жымиысын, тұнжыр, ойлы көздерiн,
аз сөйлесе де, көп бiлiмдiлiктi байқататын әңгiмелерiн елестетiп барып
ұйықтайтынды шығарған болатын. «Қой, ойбай, құрысын! Қайдағы бiр
еркектi елестетiп, рахаттанғанша өз күйеуiмдi,
балаларымды көз ал-
дыма әкелiп, сағынышымды басайын» деп қанша тырысса да, босқа
әуре болады. Қайдағы бiр ренжiскен сәттерi, қолы, сөзi тиген кездерi,
Бектайдың сұрланған жүзiнен басқа ештеңенi көре алмай, ерiксiз
алғашқы елес оның орнын басады.
Таңертең тұра салысымен қасындағы үлкен кiсiнi оятып алмайын
деп аяғының ұшымен бөлмесiнен шығып, осы тәттi күндердiң сәтiн
түсiрген Әлиманың бөлмесiне барады. Әрi қарай төртеуi бiрге асха-
надан тамақ iшедi... Сонан соң...
сонан соң бiр-бiрiне асыққан, бiр-
бiрiн сағынған жандардың жақсы сәттерi өте бастайды... Ебiн тауып
Әлима Әлжанмен бiрге бөлiнiп, бұларды жеке қалдырады. Басында
ыңғайсызданып, өз-өзiнен қуыстанып, әлдебiреу көрiп қала ма деп