Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет34/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
Сахнаға көтерілген әдемі, сылқым келіншектің жүріс-тұрысы, киім 
киісі фабрика қызметкеріне ұқсамайтындай көрінді Айтолқынға. 
«Бригадир болса, бір-екі рет болса да көрер едім ғой... Әлде сырттан 
басқара ма екен?!»
– «Ең үздік жұмысшы» атағы, 1 айлық көлемінде сыйақы және ше-
телге жолдама Нұрсұлу Әлімоваға.
«Бұл кім болды екен?! Мәссаған, бұл әлігі шетелге жиі кететін қыз 
ғой... Міне, қызық! Бұл қай уақытта үздік болып үлгерді екен?! Мүмкін, 
бұлар көптен жұмыс істеп әбден, мақтауға лайық болып алғандар 
шығар»... 
Айтолқын «еңбегіне қарай-өнбегі» дегеннің ескіргенін, қоғамның 
жең ұшынан жалғасу, тамыр-таныстық жайлап алғаны сияқты дерті-
нен бейхабар еді. Күні бойғы жұмыстан әбден-ақ шаршап қалыпты. 
Отырған жерінде отыра бергісі келді. Тағы да толып жатқан мақтау 
қағаздары, алғыс хаттар дегендерді жариялап болған соң бәрі үйді-
үйіне тарасты. Қайтуға жиналған Айтолқынды жұмыстас қыз шақыр-
ды: 
– Айтолқын менің ұялы телефоныма сені шақырып жатыр. Тез кел!.
«Япырым-ай, ол кім болды екен? Ешкім іздемеуші еді ғой...»
– Айка, мен Гүләй ғой, сен ешқайда кетпей, есіктің алдында күт. 
Мен саған келемін, жақсы жаңалық бар...
«Япырым-ай не жаңалық екен?! Маған бір ақылы жұмыс табылды 
ма екен? Әлде ауылдан біреуді көрді ме? Не болды екен?»
Сәлден кейін зу етіп жетіп келген Гүләй Айтолқынды әй-шәйға 
қаратпай, машинаға мінгізіп ала жөнелді.
– Қазір үйге барып айтамын бәрін.
Гүләйдің пәтеріне екінші рет еркін кірген Айтолқын баяғыдай аузын 
ашып қалған жоқ. Еркінсіп, жұмсақ диванға күмп ете қалды:
– Ал, сөйле! 
– Сөйлейін. Қазір сен жуын, менің киімдерімнен тағы да жарасаты-
нын таңдап беремін. Сонан соң тағы бір крутой жігіттің үйіне қонаққа 
барамыз. Өзіңді дұрыстап ұстап үйрен, қалалық әйелдер сияқты, осы-
нау қала тірлігінің бәрінен хабардар болып көрінуге тырыс.
– Ол қалай?!
– Яғни, мыңқиып отырмай, ширақ бол! Жақындаса мойнына асыла 
кет. Еркелеп, бұраңдап, сылқылдап күлуге тырыс. Неғұрлым жарқын, 
сыңғырлап күлсең, соғұрлым еркек майдай ериді. Әне-міне жеріңді 
ұстаса шоршып түспе, тағы. Әй, осы сенен қорқам...


75
Тіршілік
– Неге?
– Сен байғұс, әне бір оқиға болмағанда... Нағыз нетронутая, мо-
нашка – красавицасың ғой... уәде бересің бе, маған?
– Не деп?
– Ойбай-ау, бағанадан бері не айтып тұрмын. Дикая, дикая... Не де 
болса, ертіп апарамын. Өйткені, обещала сұлу, свежая особаны тауып 
берем деп. Давай, тез киін.
– Жәрәйды, ал жасандыр!
– Осы бір жаңадан алған көйлегім маған онша жараспайтын 
сияқты.Ал саған қатып кетеді. Қане,қане маған қарашы... Шынымен-
ақ құлпырып тұрсың... Мына Мәкең ұзын шашты сипағанды жақсы 
көреді дейді, қысқа шаштар қолына толмайтын көрінеді... Значить 
ұзын шашың пойдет.
– Мәкең кім ол?
– Зачем тебе? Барған соң көрерсің. Енді сәл ерніңді боя, сәл- сәл 
қызарту керек. Аһа, тамаша! Сенің мына бүртиген ерніңді сүйген де 
зар, сүймеген де зар шығар-ау! Әй, жігіт болсам өзіңді ешкімге бермес 
едім... 
– Қойшы, мақтай бермей...
– Шын айтам, бір маңдайы жарқыраған еркектің әйелі боларсың-
ау. Әдемісің, ақылдысың... Мінезің де жақсы... тек, сәл жолың болмай 
тұр. Айтпақшы, сыртқы киімің де жұтаң ғой... Менің мына бір құндыз 
тоным саған қатып кетеді. Мә, ки, тү-у-у, тіфә, тіфә! Жайнап кеттің 
ғой... Әне бір мықтының қатынының түрін көрсең ғой. Кім еді?! Ой, 
әлгі министрдің орынбасарының қатыны ше? Божбандай қара, танауы 
аспанға қарап тұр. Сөйтіп тұрып тонның түр-түрін киіп, бізді көзіне де 
ілмейді. Құдай соларға бере салған ғой... Ой-бу, уақыт болып қалыпты 
кеттік, жүр!
Екеуі күтіп тұрған машинаға мінді. «Мәкеңнің үйіне!» – деді 
шопырға. Жол- жөнекей шашылған әтірдің жағымды иісі көңілді 
сергітіп, Айтолқынды әлде бір сезім билеп, өмір бойы осылай 
жүргендей, шалқып, кимнің буы ма, астындағы «жүрдек сылқымның» 
буы ма әйтеуір масаңданғандай болды. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен 
жүйрік пе?» деген-ау! Өзін бір бастықтың әйелі етіп елестетіп, жымиып 
қояды.
Зуылдаған машина қаланың шет жағындағы үлкен үйге келіп 
тоқтады. Биік дарбазаның арғы жағындағы үйдің шамдары осы 
мекеннің салтанатын білдіргендей жарқырап, шақыра түскендей. 


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет