Клара Қабылғазина
– Сонда не істейміз?
– Соларға мықтап қызмет істеуіміз керек. Яғни, морально, телесно,
жандарына шаршап келгенде өзіңнің энергияңнан бөліп беру керек?
– Ол қалай, түсінбедім...
– Что они хотят, безотказно болуың керек... және олардың не істеп,
не қойып жүргендерінде шаруаң болмасын. Ештеңе сұрамайсың.
Өздері береді, біледі. Самое главное, олармен қарым-қатынасың
жөнінде ешкімге тіс жармайсың... Әйтпесе, олардың ашуына тисең,
қабырғаға айналасың...
– Онысы несі тағы, қабырғасы несі?
– Көп сұрама дедім ғой мен саған...
– Жәрәйды, қойшы, сенің нұсқауларыңды ұқтым. Мына ақшаны
қайда жұмсасам екен?! Үйге беріп жіберсем, қайтеді? Киім алсам ана
жақта ата-анам отыр жәудіреп, ішсе асқа, кисе киімге жарымай...
– И-и-и... ауылда отырған олар отыра берсін. Они так привыкли
жить... кейінгі ақшаларыңнан бересің. Так что, по нормальней киімдер
ал. Мен де беремін но маған қашанғы жүгіріп жүресің? Свое есть
свое. Давай кеттік дүкендерге, крутой бутиктер бар, заказбен товар
әкелетін... Содан бастау керек. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген Абай
атаң. Давай, давай... машина ждет. Өзінің құнды-құнды нұсқаулары
бойынша киінген Айтолқынды Гүләй үйіне әкеп салды. «Ұқтың ба, не-
мая, глухая как рыба», деп қадағалады, үнсіз басын изеген Айтолқын
күркесіне келіп, алған заттарын қарап, киіп көріп, үлкен айна іздеп үй
қожайындарына кірді.
– Ой, батюшки, кого я вижу? Что за красавица? Неужели это наша
Айтолкын? – деп тетя Шурасы алдынан шықты.
– Сол... бір ақша алып киінген едім... Үлкен айна керек боп тұрғаны...
– Кел, кел, қара, мына бөлмеге...
– Рахмет...
«Адам көркі шүберек» деген осы екен-ау...» деп ойлады Айтолқын
өз келбетіне қарап тұрып. «Әдемі екенмін-ау! Алла, рахмет саған!
Көрік бергеніңе де, мың шүкір. Егер қазір келбетім болмаса, Мәкеңмен
кездесер ме едім...?! Бірақ Гүләй ше?! Жәй ғана қыз ғой... Әне қалай
өмір кешуде!. Соған қарағанда «таудай талап бергенше, бармақтай
бақ берсін» деген де рас екен-ау! Сонда ол қандай бақ? Бақ деген
еңбекпен, адалдықпен, ақиқатпен, біліммен келеді деуші еді ғой...»
Сан түрлі ой жетегінде жүріп жұмысына келген Айтолқын өткен
жолғы «Ең озық бригадир» келіншекті көрді. Кәсіпорын бастығының
машинасынан түсіп жатыр екен... Құндыз тоны құбылып, біз өкшесін
тықылдатып, бөксесін ойнатып, райхан гүлдеріне оранып бара жат қан-
79
Тіршілік
дай, гүл иісі аңқып кетіп бара жатты. Күнде өзінің үстіндегі киімдерінен
қорынып, бүгежектей жүретін Айтолқын да өзінің кербез келіншекке
ұқсап жүріп бара жатқанын байқамай да қалды. Бойына әлдебір қуат
құйылып, әлдебір арман аңсаулар пайда болып, үлкен бір үміт қол
бұлғап тұрғандай...
Үйіне келсе ауылдан жедел хат жатыр. Әпкесінің қызы Райгүлден
екен. «Поезбен елден шықтым. 13-вагон. Күтіп ал», – депті.
«Мектепте оқитын қызға не болды? Оқуы қайда? Әкелері қайтыс
болған соң жағдайлары келмеді ме? Бүкіл туған-туыстардың басын
біріктіретін, қолда барын бөліп беретін өз әкесінің жоқтығы біліне
бастады ма екен?Әпкемнің қазасы жайлы жедел хатты алып, жылап-
еңіреп жұмысымдағы басшыларға барғаным анадай болды. Бөлінгені,
жиналғаны мардымды болмай барған жолыма жетсе қайтарыма
жетпейтін болғаннан кейін, үсті-басым тозып тұрған соң еліме де бара
алмап едім... Сол кезде жолықса ғой Мәкеңдер... Мына қыз неге келе
жатыр?. Өзім зорға күнелтіп жүргенімде...»
Райгүлдің әңгімесі:
– Әкемді білесіз ғой... Көп ішетін... ішкен соң міндетті түрде ма-
маны сабайтын. Бес бала, екі ауыз үй. Тамақ ішетін бөлмеге бөлініп
ұйықтап жүрдік қой, ішпесе жап-жақсы. Ал, ондай күндер өте сирек
болатын. Неше түрлі анайы киноларды көріп алады, орталықтағы туы-
стары ескі видигін берген... Әрине, бізге «кетіңдер, көрмеңдер» дейді,
мамама маза қоймайды. Бізді қуып шығады да түпкі бөлмеде білгенін
істейді. Түн ішінде қайда барамыз?! Дауыстары естіледі, үлкеніміз Ба-
зар бар еді ғой, сол жымыңдап күліп отырады. Біздер кішкентайлар
көп нәрсені түсінбейміз. Тағы бір қатты ішіп келгенінде мамам итеріп
қалып, басымен құлап, өліп қалды. Ол жайды естіген шығарсыз, әпке?
– Ия, ия, естігем, қалай қайтыс болғанын...
– Сонымен ауыл-аймақ, туған-туыстар жиналып, әйтеуір, жетісін,
қырқын бердік. Мамам ертеңнен күн батқанға дейін майда-шүйде
сатып, бізді бағатын еді ғой... Базар мектепті биыл бітіреді ғой...
Кішкентайлар өздері отырады үйде ... Мен мектептен келген соң, тамақ
пісіріп, үй жинап, соларға қараймын. Мен 9-шы сыныпта оқитын едім...
– Білем ғой...
– Бір күні мектептен келсем ағам үйде екен... Папамның көретін
киноларын көріп жатқанын байқап қалдым... Балалардың тамағын
құйып беріп, ағамды шақырмақ боп бөлмеге кіргем. Орнынан тұрып
есікті жапты да мені жерге алып ұрды. Әбден мамамның жеген
таяғынан жүрек шайлыққан басымды қорғай бердім... Сөйтсем, оның
|