Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет37/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
ойы басқада екен. Ол болса, мені, туған қарындасын зорлады ғой... 
Айқайлауға да шамам келмеді.
– «Егер аузыңнан мен туралы сөз шықса – өлтіремін», – деді.Со-
нымен оның әрекеті әдетке айналды. Кішкентайларды далаға қуып 
жібереді. Менің көнбегеніме қарамайды. Кинодан көргенінің бәрін 
маған істейді... Сонымен қашып келген бетім... Әпкетай, қайттым 
енді, не істеймін?! Мамама «қалаға барып колледжге түсем, саған 
көмектеспекпін» дедім. Не істеймін, одан да сорақысын көрсем, 
екі қабат болып қалсам өлгенім жөн ғой... Мектептегі балалардың 
көпшілігі осындай әрекетте. Қыздардың қалай сақтануы жөнінде ле-
циялар жиі оқылады. Бұрын қыздық ар-ождаңды сақтау жөнінде сөз 
болушы еді, енді қалай екі қабат болмауды үйретеді. Соған қарағанда 
ұл-қыздардың көпшілігі таза жүрмейтін сияқты. Соның енді менің 
басыма келгенін айтсаңшы... Басқа емес, туған бауырымнан мұндай 
қорлық көргенім үшін ішім удай ашиды. 
Бетін тарам-тарам жас жуған әрі сәби жүзді, әрі көпті көрген 
әйелдей сөйлеп ой толғаған сіңілісін аяған Айтолқынның басына қаны 
теуіп, жүрегі шанши жөнелді. «Құдайым-ау, бұл не деген сұмдық? 
«Ел іші алтын бесік» дейтін елдің сиқы осындай болғаны ма? Бала 
тәрбиесіне бас-көз болатын еркектер мынау, нәпсілеріне ие бола ал-
май, ойларына келгенін істеп жүрген. Қаршадай сәби қызды зорлаған 
алпамсадай еркекті кеше де теледидардан көрсетіп жатыр еді... 
Немерелеріндей қыздарды алып жатқан шалдар анау...Соған қарай 
жастардың тәрбиесі осылай бұзылған болса, келешектен не қайыр? 
Енді қайтсем екен? Мына қызды ауылға қайтару обал. Не де болса 
үйдің қасындағы мектепке бере тұрайын, сонан соң Мәкеңдерді пайда-
ланып, интернаттардың біріне кіргізермін...Тамақ тауып жерміз, оған 
да Мәкең көмектесер...», деген сияқты ойлармен ұзақ дөңбекшіген 
Айтолқынның көзі таңға жуық ілінді.
Ұйқысы қанбай, әрі ауыр ойлардан езілген, жұмыстан шаршаған 
Айтолқын сұранып, ертерек үйіне келіп демалып жатқан еді, Гүләй 
жетіп келді.
– Тұр тез, киін! Әдемілен! Мәкең бүгін тағы сенімен болғысы келеді.
– Қойшы, шаршап тұрмын...
– Есің дұрыс па? Қандай болып тұрсаң да Мәкең хочет, значить 
дайын болуың керек. Ойбай-ау, Мәкеңдерге қолы жетпей жүргендер 
көп... Сен маған рахмет айтуың керек, әуелі.
– Кеше ғана болдым ғой... 


81
Тіршілік
– Яғни, оған әбден ұнағансың, көңілінен шыққансың. Сондықтан, 
оған қуан, сен.
– Тһуу...
– Мынау қайтеді-ей! Сені тәрбиелеп шашым ағаратын болды ғой...
– Ауылдан бір сіңілім келген болатын... Оны қалай жалғыз тастап 
кетемін? Қазір көшеге шығып кетіп еді...
– Ничего не знаю. Бол тез, жуын, киін! Машина күтіп тұр.
Дайындалып, сыланып болған Айтолқын есіктен шыға бергенде 
сіңілісі келіп кірген еді. «Тамағыңды істеп ішіп, алаңдамай ұйықтай 
бер. Мен кешірек немесе ертең келемін»,- деді де шығып кетті.
Өткен жолғыдай емес Мәкеңнің үйіне Айтолқын еркінсіп кірді. Кең 
құшағын айқара ашып, есіктен кірген Айтолқынды қапсыра, құмарлана 
сүйген Мәкең шынында да сағынып қалғандай. Көзінен, ернінен, мой-
нынан өбіп, ып-ыстық демімен күйдіріп, жандырып барады. Гүләйдің 
кеңестері есіне түсе қап, бұл да емеурін танытып, сүйіп, былқ-сылқ 
бола қалды.
– Қандай тәттісің, жаным... Сен сияқты бойжеткенді алғаш рет жо-
лық тырып тұрмын. Не скрываю, талай қыз-келіншектер кездескен. 
Бірақ, сен сондай ерекшесің. Жұмыстан келген шығарсың... Шәй қоя 
ғой... Ауқаттанып алайық... Мен де ашпын. Тоңазытқышта қызмет-
керлер дайындап кеткен тамақтар болуы керек. Соларды жылытып 
дайындай ғой... Тез жылытатын техникаларды көрсетіп берейін... Міне, 
мынау... 
– Жақсы...
– Мен демала тұрамын. Дайындап шақырарсың...
– Жақсы..., мақұл...
Айтолқын асүйдегі шеті алтындатылған әдемі ыдыстарды, сынды -
рып алмайын дегендей баппен ұстап, дастархан жайып, тоңазытқыш-
тағы уылдырықтың түр-түрін шығарып, қазы-қартасын турап, сәндеп, 
Гүләйден үйренгендерін істеп, қожайынды шәйға шақырды. Әкесін 
анасының қалай күтетінін көрген, үй ұстаудың тәлімін алған Айтолқын 
сәнімен, салтанатымен шәйін құйып, майысып отыр. Мәкеңнің де 
көңілі толып, талайдан бері орысшалыс, арбаң-қорбаңы басым, сал-
пыетектеу әйелінің сар еткізіп құйып, кесесін тарс еткізіп қоя салатын 
әдетінен кейін Айтолқынның мына отырысына риза болғандай, кесесін 
алған сайын, қолын сипай түседі.
Ас ішкен ыдыс-аяқтарын жинап, жуынып-шайынып, жатын бөл-
меге кірген Айтолқынды ай сәулесі түсіп, көгілдірленіп тұрған төсекте 
құшағын айқара ашып, Мәкең күтіп жатқан-ды. Құшағына құлай кет-


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет