Тіршілік
– Әзімхан бе екен? Құлағына таныс дауыс, жағымды қоңыр үн кел-
гендей:
– Кешірші, жақұтым, мен ит болып адасыппын... үйге келейінші...
– Балаларға айтпашы, ұят болар бәрі бір-бір үйдің иесі ғой...
– Жаздым, жаңылдым... Енді сені ешқашан ренжітпеспін. Сен мені
алғаш әке атандырған балаларымның анасысың ғой. «Өлімнен ұят
күшті» деген бабалар ұрпағымыз ғой, менің ісім әбес болған екен...
– Өмірдің небір қиындықтарынан бірге өтіп, ендігі ісім сатқындық
болған екен... Отбасын сатқан отанын сатқанмен бірдей ғой, кешірші...
Сайтан сезім соларды ойлауға жол бермепті...
Осындай сан түрлі ойлардың бірі отағасының аузынан шығар деген
үлкен үміттің жетегінде бебеулеп жатқан тұтқаны көтерді:
– Алло?...
– Әлеу, Әзекең бар ма екен?
– Жоқ үйде...
– Қайда екен?
– Білмеймін...
– Сіз кімсіз?
– Әйелі едім...
– Онда неғып білмейсіз?
– Япырмай, мені қинадыңыз-ау, шындығында білмеймін...
– Жақсы онда, сау тұрыңыз...
– Сізде сау болыңыз!
Лүпілдеген үміт оты жалп етіп сөнді. Абажадай-абажадай есік тер-
ден әлдекімдер сығалап, бұған күліп, мазақтап қарағандай болады.
Алқын-жұлқын қайтадан далаға жүгірді. Дәліздегі айнаға көзі түсіп еді,
таралмаған шаштары қобырап, жылағаннан көздері ісініп, қан жүрмей
сұрланған табиғатынан әдемі бет әлпеті тіпті өзгеріп кеткен екен...
Оған көңіл бөлуге мұршасы да болмай, далада әлдене ұмыт болғандай
шыға жөнелді. Даңғарадай үй-іші даладай. Тіпті пана болмақ түгілі
азынап, ішіне суық толып кеткендей.
Күн әлі тас төбеде. «Ал, жылжымаймын, қайтесің?» – дегендей.
Үйдегі телефон тағы безілдеді. Тұра ұмтыла беріп әлденеге шалынып
екбетінен ұшып түсті. Жараланып қалған тізесін құшақтап, ебіл-себіл
көз жасына ерік берді. Бебеулеп, бебеулеп телефон да тоқтады:
– Қап, Әзекем болып «тұтқаны неге алмады?» деп уайымдап қалды
ма екен? Бірақ, аса қажет болса ұялы телефонына соғар еді-ау деген
ой келмеді басына. Сол отырғаннан отырып, жылай-жылай көз жасы
таусылып, жанары жасып, кештің салқыны өте бастаған соң үйге қарай
98
Клара Қабылғазина
жүрді. Күнде самаладай самсып жанып тұрған шамдар жанбады.
Еңсені басқан түнерген түн жақындап келе жатты. Ілбіп, құр сүлдері
ала көлеңке дәліздегі орындыққа отыра кетті. Мұндай жан күйзелісін
алғаш кешуі. «Кеше түнгі 9-да Әзімхан үйден шығып кеткен, бүгін
болыпты ғой, яғни тоғыз бен тоғыздың арасы он екі сағат, яғни, мен
осынша уақыт осылай сенделіп жүрмін... Ештеңеге зауық жоқ, тәбет
те жоқ. Кеше қай күн еді? Бейсенбі ме еді? Яғни, күн жұмаға ауғанда
ол кетті. Осы түн өлмесем ертең балаларым келеді. Ал, өліп қалсам
ше? Онда өте өкінішті жай болады. Мынадай қорлықты көрем, осын-
дай бейшаралық күнді бастан кешемін. Сонда неге өлмекпін? Жоқ
«аққа құдай жақ» дегендей, Алла маған болысса керек-ті». Ішін әлде
бір өткір нәрсе тырнап-тырнап жібергендей болды. Бүктетіле құлады.
Басы айналды, айналаның бәрі көшіп бара жатқандай... Қолдарын
ербеңдетіп, әлденені қармағысы келді. Көзге түрткісіз қараңғылық
үйде де, түзде де. Әр жер әр жерден көздер сығалағандай... Кенет
шыққан дауыстан жаны түршігіп, арқасын аяз қарығандай сезім пайда
болды.
– Біз, сайтандармыз, сенің ерің Әзімханның санасын улап, жолынан
тайдырған, сені бақытынан айырған біздерміз.
– Кетіңдер әрмен! Кетіңдер, құрыңдар!
– Жоқ, кетпейміз, сенің қандай күйде екеніңді еріңнің құшағындағы
сайқалға жеткіземіз. Оның жаны кіріп, рахаттанады. Ал, сен азап
шегесің!
– Не жазығым бар? Неге жазықтымын өйтетіндей?
– Сенің жазығың сол, бала-шаға, үй тіршілігі деп, солардың
жағдайын жасаймын деп оған жөнді көңіл бөлмедің...
– Ойбай-ау, менің ғана бала-шағам емес қой...
– Бәрібір көңілді оған көбірек бөлуің керек еді...
– Көргің келе ме көңілдесінің қайтып жатқанын!
– Жо-жо-оқ... Қажет емес маған...
– Тіпті болмаса не деп жатқанын есті. Әне...
«Сендей еркек жоқ бұл дүниеде... Сен менің пірімсің, сен менің
барымсың, байлығымсың... Сені өле-өлгенше сүйемін» деп жатыр. Сен
өйтіп айттың ба? Жоқ, айтпадың. Сен оны сүйдің-ау, жаныңды ол үшін
құрбан етуге бар болдың... Сүймедің демеймін. Тек оны уысыңнан
шығарып алдың...
– Енді не істеймін?
– Ештеңе істей алмайсың... Анау сайқал менен де ақылды сайтан.
Ол талай еркектің ығына жығыла тұрып айтқанын істетіп үйренген.
|