Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет41/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
Ой, қазақ шіркін дархандығына, даладай кең пейілділігіне қара-
мас тан шамырқанғыш та ғой... Сол анамыз бен атамыз көрші отырған 
жама 
ғайынның үйіне өкпелеп, бір күнде көшіп кеткен екен басқа 
ауылға.
Көрші туыстардың ауласының сыртында үлкен өрік ағашы өсіп 
тұрған екен. Едел-жедел туып, бірінің артынан бірі өсіп келе жатқан
атамның өлгенде талғанда көрген балалары жаңағы өрікке өрмелеп 
шығып, піскенін жеп жүретін көрінеді. Жамағаттың бәйбішесі бірлі-
екілі рет балаларды қуып жібергенін көңілге түйіп, бірақ айтуға ауыз-
дары бармай жүріпті. Сол кілтипанның тетігі бір-ақ күнде шешіліпті. 
Бір күні ертеңгісін қараса арпылдаған үлкен төбетті әлгі өріктің түбіне 
байлап қойыпты.
– Менің балаларым жегеннен өрігінің саны кеміп қала ма екен?! 
Қашанғы жейді дейсің? Біраз күн жеген соң өздері де шығып қалады. 
Бала емес пе, қорыған сайын ұмтылатын... «Ит қорыған жерге өш» 
деген емес пе?! Қарашы-ей, мынаны! Ұят-ай! Қайнағасынан ұялмай 
ма? «Қайнағамның өлгенде, талғанда көрген балаларынан аямай-
ақ қояйын» демей ме? Ой, сый білмес, қу мазар құсап отырмасын, 
балалардың бірін алып тәрбиелеңдер деп айтпақшы боп жүрсем... Ой-
бу, қой... сол өрік те дүние болыпты-ау! Аллаһ бермей, үсіп кетсе ше? 
Онда қайтеді екен?.. 
Үлкен шешеміз бір күн бойы бұрқылдап жүріп, шалы екеуі, «қой, 
мынадай түйсіксіздермен қоңсы болмай-ақ қояйық», – деп бір күннің 
ішінде көрші ауылға көшіпті де кетіпті.Сөйткен бабалардың ұрпақтары 
сенің әкең, – деп отыратын анасы.
Бір шикі өкпе үшін осындай ерлікке барған, күндесін келініндей 
күткен аналары жайлы әңгіме есіне түскен сайын Айтолқын өз ісіне 
опық жейді. Тұла бойы тұңғышын өз қолымен өлтіргендей болады
өлтірген емей немене түсе сап бойында жаны бар нәрестені тастай 
қашқаны. Енді ол күндер келмеске кетті. «Әгәрәкім сол шақ қайта ора-
латындай мүмкіндік болса, әттең, бәрін мүлде басқаша бастар едім», – 
деген ойлар да шарасыздықтан туындаған болатын. Кеудені кернеген 
өкініш өмір лебі ақыр соңында лықсыған өксікпен шығатын, тұншыға, 
егіле жылаған соң барып бойы жеңілдейтін. Әрі қарай тіршіліктің 
қарекеті қайта жалғасады. Өйткені өмір сүру парызы деген үлкен 
ақиқат алдынан қарсы алатын...
Тарс-тұрс қағылған есіктің екпінінен шағын жер тамның өн бойы-
на діріл жүгірді. Шеті-шегі болмаған ой көшкіні бірінен кейін бірі ба-
сып, денесін батпан салмақтан суырып ала алмаған Айтолқын тарсыл 


89
Тіршілік
естігендей болды. Одан кереуеті діріл қақты. Жер сілкініп тұр ма, әлде 
түс көріп жатырмын ба деп кеш келген ұйқысын бұза алмай жатыр еді, 
«Айтолқын» деген қосыла шыққан айқай елең еткізді. Шашы қобырап, 
ұйқы көйлегі көлеңдеп, жүгіріп барып есік ашты:
– Таң атпастан, дабырлап, не болды, Гүләй-ау?!
– Болды, бұдан ары не болушы еді, болды...
– Айтсаңшы енді, ел аман ба?
– Ой, сен де, елін айтады ғой...
– Енді не болды?!
– Түнде келіп, милиция Мәкеңді тұтқындапты...
– Неге?! Неге?!
– Үкіметтің қаржысын жеген және де кісі өліміне де қатысы бар 
көрінеді...
– Не дейді?!
Айтолқынның өңі қуарып, жағы сола қалды. Әдемі өңі бір сәтте 
шарасыздық, бейшаралық халге түсті.
– Енді біздікіне де қауіп төніп тұрған екен... Екеуі сыбайлас емес 
пе... Әуелі, екеумізді де тексеруі мүмкін...
– Енді қайттік?
– Білмеймін... маған алып берген үйін де тартып алады екен... Дала-
да қалатын болдым... ай-и-и...
Егіле жылаған Гүләйдің дауысы жоқтау айтқандай естілді.
– Болды, қойшы, Гүләй бірдеңе ғып күн көрерміз...
Сенің бетіңнің әрі бар, жерде қалмай, тағы біреуді тауып аларсың, 
маған құдай бір мүмкіндік беріп еді. Бетім емес, қылығыма қаратып 
едім, әйтпесе, қазіргі еркектерге жан-жақты көбелектер керек қой...
Қосыла егіле жылаған егіз сормаңдайлар баяғы қалыптарына түс-
кен деріне, бақ даулеттерінің, ырзықтарының өмірі қысқа бол ғанына, 
тағдырдың тәлкегі бұларды әбден мазақ еткеніне налыды. Алайда 
біреудің бақытын ұрлап, ынтымақтарын ыдыратып, ырзығына ортақ 
болғанының пәтуасы болмайтынын керсінше жазасы болатынын, бір 
тәңірге жақпайтынын түсінгендей еді.
* * *
Күні бойы шаршағаны аяғына түскендей ілби басып, мойны салбы-
рап, бүкшиіп келе жатқан әйелді «Айтош!» деген дауыс елең еткізді. 
Сонау жап-жас бойжеткен шағындағы естіген есімі, баяғы сол қоңыр 
дауыс! «Құдайым-ау, Қайрош қой, мынау». Артына бұрылып, тұра 


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет