КҮЙЗЕЛІС
Тағы келді ғой, құстар ән салып,
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып...
Ән жолдары қайта-қайта санасына оралып, тіліне үйіріліп, кеуде-
сін дегі мұңды одан әрі қалыңдатып, көкірегін кере күрсінді. Ағынды
суға қарағанына да біраз уақыт болды. Өзеннің бұрала, үйіріле аққан,
сыңғыр-сыңғыр сылдыры да көңілін жадыратпады. Қос аққу да бір-
бірінен алыстамай, айналшықтап жүзіп жүр. Екеуі де сұлу, екеуі де
табиғат жарастырған жұп.
Әзімхан екеуіне де айналасындағылар туыстар, дос-жолдастар,
қызметтестер солай деуші еді ғой... Тіпті бірде үлкен құдағи, сексеннің
сеңгіріне келген Асылы апа да:
– Әй, Әзімхан, Күміс екеуің сондай жарасатын жұпсыңдар, – деп
сүйіспеншілігін жасыра алмай, шын ниеттен қуанатынын айтып қалған-
ды. Енді не болды? Күміс жалғыз. Жан-жарынан мұндай опасыздық
болар деп тіпті үш ұйықтаса түсіне, оянса есіне келмеген екен... Бір-ақ
ауыз сөз бүкіл тірліктің күл-талқанын шығарды:
– Күміс, осы уақытқа дейін мен сені сүймеген екенмін... Өзімді-өзім
алдап жүріппін... Сондықтан... Мен... сүйетін адамыма кетемін.
Төбесінен соққы тигендей, мең-зең, меңірейген Күмістің аузына сөз
түсер емес... Үндемеген, мелшиген күйі қала берді... Қала қазағының
әдетінше балалар бөлек тұратын да, сенбі күндері бәрі осы қара
шаңыраққа жиналып, бастары қосылатын. Немерелер де кең үйде
шапқылап, анда барма, мұнда жүрме деген тиымдардан құтылып,
мәре-сәре болатын. Ата-әже болып, масаттанып, масайрап, солардың
қызығына қуанатын сәттердің бәрі де алдамшы болғаны ма сонда?
Бала-шаға жиналып келетін күнге дейін Күміс жанын қоярға жер
таппады. Телефон соғып, бәрін шақырып алып, әкелерінің іс-әрекетін
айтпақ болды.
– Одан не пайда? Кімнің сөзін ол тыңдай қояр?... Бұл не деген
әділетсіздік? Бүкіл өмірімді сол жарыма, осы балаларыма арнадым
емес пе? Енді қайттым? Не істедім?
Жылай-жылай көз жасы таусылды. Мынау өмір өзен суындай су-
ылдап өте шығыпты-ау... Тұңғышы – қызы туғанда екеуінің қалай
96
Клара Қабылғазина
қуанғандары көз алдына келе қалды. Титтәй нәрестені құшағына
ала тұрып, қуаныштан ол көзіне жас алған-ды! Жарының басынан
бақайына шейін сүйіп, ризашылығын білдіріп, ұрпағын дүниеге әкелген
адамға деген шексіз ықыласын білдіріп еді.
Сол бақытты сәттің ендігі бақытсыздығын сезініп, жанардан жас
саулады...
Ұлдың үлкенінде ше?! Ол туғанда тіпті не істерін білмей абдырап,
елдің бәрінен, кездесе кеткеннің әрқайсысынан сүйінші сұрап, абыл-
дабыл болды ғой...
Ұл мен қыз есейіп бара жатқан сәтте кішісін дүниеге әкелгеніндегі
шаттықты, бақытты сәтті қайтып ұмытарсың? Қалаға бейімделіп,
қызмет қуып, мансап іздеп, күйкі тірліктің бірде бар, бірде жоқ
тірлігінде жүргендер біреумен немесе екеумен тежеп, «есептерінің
мықтылығына» мәз болып, «модаға» бет бұрып тұрған заманда өтті
ғой бұлардың жастықтары. Соның бәрінен аттап, үшінші баласы Аза-
матты дүниеге әкелгенде Әзекесі.
– Күмісім, Алтыным, Жақұтымсың... Саған тең келер әйел жоқ
бұл жалғанда... Балпақтай ұлды қылдың, тұлымды қызды қылдың,
жаным... Сенің құлың болып өтуге даярмын енді..., – деп тебірінген
еді. Сонда сол бақытты сәттердің, әдемі де әсерлі сөздердің бәрінің
де жалған болғаны ма?! Яғни, мені ғана емес, ұрпақтарын да жалған
жақсы көрген ғой... Мұндай да болады екен? Ой, Аллам-ай...
Есіктің алдында ағып жатқан судың сыбдыры жүйкесіне тигендей...
Қашан кеш батып, ертеңгі күн келер екен? Көздерін сығырайта күнге
қарап еді, орнынан қозғалмапты. Ол да мұны мазақ еткендей... Нәр
сызбағанын, көз ілмегенін кімге айтпақ? Қызметтестеріне ме? Онда
өсектің ордасына түсіп, отына күймей ме?
– Ойбай, ана Күмісті отыз жыл отасқан байы тастап, жас қатын
алып кетіпті.
– Өзіне де обал жоқ, сонда ғана бай бардай қайқаңдап жүруші еді...
Айтылар сөздер, тіпті аузы-аузына жұқпай сөйлейтін сары әйелдің
даусы да құлағына келгендей болды.
– Құдай-ау, досқа күлкі, дұшпанға таба қылдың-ау... Енді қайттым.
Ұятынан өлетін болдым-ау... Өзімді үлгілі отанасы, ерім тәрбиелі
отағасы, балаларымның бәрі білімді, әдепті шаңырақ иелері құдайға
шүкір, немерелеріме бермекпіз ендігі жиған-терген тәлімімізді, қол-
дағы барымызды, – деп талай жерде айтып жүретін адамдар едік қой...
Қаумалаған қалың ойды телефонның шырылы ыдыратып жіберді.
Екі қолын кеудесіне ала салып, жүгіріп кірді. Жеткенінше сан ойлар
келіп, сан ойлар кетті:
|