Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет43/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
дегендей еріне мойын бұруға шамасы келмеген. Енді аяқ-қолын ба-
уырына алып, ауруханадан кейін үйіне келіп, көңілі жайланған соң 
байқағаны Қайроштың сезімінің өзіне суый бастағандай кейпі еді. 
Бірақ, алаң дауға шама жоқ. Өмірдің есігін ашқан сәбиі Әселдің қамымен 
таң атып, күн батты. Ақыры Қайрош та Айтолқынға ағынан жарылды. 
Басына түскен қайғыны айтып, «ойнақтаған от басардың» кебін кигенін 
жеткізді. Сөйтіп, Жанаттың екі бөлмелі үйіне кіріп алды. «Қалай келсе, 
солай кетті» ғой деп өзін өзі жұбатқанымен де, Айтолқынның сүйенер, 
ешкімі болмай көңілі қоңылтақсып, уайымға берілді. Ең қиыны жан 
бағу жағы болды. Сәл тамаққа аузы ілінетіндей боп қанаты қата ба-
стаса сәбиін үй иесі әйелге ақшасын төлеп, қаратып жұмысқа шығып 
кетпекші де болды. Қайроштың қауқарсыздығына, опасыздығына, 
алды-артына қарауға шамасы келмей кеткен қорқақтығына налыды. 
«Менің сотқа берем» деп қорқытуға ұятымның жетпейтінін біліп тұр-
ау... Бұл заман осындайлардың заманы болды-ау...».
Уақыт зымырап өте берді. Күндіз жұмысынан қалжырап, кешкісін 
баласының тәрбиесі, қамымен жүріп оның төртке келіп қалғанын да 
байқамапты. Әлдебір тұңғиық ойлардың қажағанына біраз күндер 
болды: «Бұл не жүрісім?! Басымда баспана да жоқ. Қолтығымнан 
демер ерім де жоқ. Біріне тартса біріне жетпейтін қаржысы мынау. 
Сонда бұл неғылған мағынасыз тірлік болды?!» деп ойлады. Соны-
мен, ауылдағы қарт ананың қолына қайтпақ болып шешті. Жұмыс 
орнымен есеп айырысып, қызын жетектеп, азын-аулақ киім-кешегін 
көтеріп кете барды. Қош, армандай болған ақ қала! Бір уақытта таудай 
талаппен аттап едім босағаңды. Сол сұп-сұр күні келген мені сен де 
сұрланып қарсы алдың, бауырыңа тартпадың. Ақыры, не көрмедім?! 
Адам жаны бәрі көтереді екен... «Адамның басы Алланың добы» деген 
ғой, біраз домалаттың. Енді міне, орын таппай, от таппай, елге ауып 
бара жатқаным мынау...». Біраз тебіреніс, толғаныстан көзіне жас алған 
Айтолқын поезға отырды. Алда да жарқырап күтіп тұрған даңғыл жол 
жоқ сияқты. Мұнарланған боз даланың сағымы қандай жұмбақ болса, 
ендігі жердегі өмір де сондай мұнарлы болатын.
Ауыл сол баяғы ауыл екен... Жастардың көпшілігі қала жағалап 
кетіп қалған. Кете алмағандардың жұмыстары жоқ, уақыттарын кар-
та ойнап, арақ ішіп, ара-тұра төбелесіп өткізіп жатқандарынан анасы 
хабардар етті:
– Өз бауырың, Қанат та солардың қатарында... – Қызмет болмаса 
да, «мал өсіріп, бағып дәулет жасауға болады ғой» десем тыңдамайды...
– Мен сөйлесіп көрейін...


93
Тіршілік
– Ойбу, ол ешкімді тыңдамайды. Әкең қайтқалы тіптен өзгеріп 
кетті. «Араққа ақша тап» дейтінді шығарды...
– Менің қызымды бағып берсең, ана киім тігетін шеберханада бір 
әйел декреттік демалысқа кетеді екен, соған кірсем деп ойлап тұрмын...
– Әрине, аяқ-қолым жүріп тұрғанда бағып беремін ғой...
Осы бір әңгіме-дүкеннен кейін Айтолқын азын-аулақ ақысы бар 
жұмысқа кіріп, орын тапқанына риза болатын. Кешке-кешке кейде 
Қанаттың шығаратын шуы болмаса, бір қалыпты өмір басталғандай 
еді...
Кешегі ішкен ішкіліктің зардабынан басы зеңгіп тұрған Қанат не 
істерін білмей аласұрды. Бір жарты алып, кешегі достарымен бөліп 
ішіп алса жаны жадырар еді... Оған, қалтада соқыр тиыны жоқ, сана-
сында тек бас жазу.
– Апа, әй, апа! Қайдасың?, – деп ышқына айқайлады.
– Не болды, қарағым-ау, – деп сүріне, жығыла жүгіріп анасы келді.
– Маған ақша керек...
– Оны қайдан аламын? Жоқ қой...
– Қайдан алсаң, одан ал... тап деген соң тап...
– Әй, қайдан табам, жоқ болса, Зейнетақы бітті ғой. Ешкім қарыз 
бермейді.
– Өтірік айтасың береді...
– Енді араққа ақша бер деп жүгіремін бе?
– Нанға сұра!
– Бала болмай бақа болғыр сенен-ақ көрдім ғой...
– Не дейсің?!
– Мұндай болғанша өліп неге қалмадың?
– Ә, ә.... мені өлтіргің келіп тұр ма? Одан бұрын мен сені өлтіремін....
Басына қаны теуіп, көзі қарайған Қанат қолына түскен көсеуді ала 
салып анасының басынан ұрып жіберді. Есінен танып құлап түскен 
ананы темірмен ұрғылай берді. Өзі өмір берген ұлының қолынан осы-
лай ана өлім құшты. Қорқып тығылып отырған қаршадай Әселді көріп, 
көңіліне небір ойлар кіріп, еркектік делебесі қозды. Жүрегі әлдебір 
жамандықты сезіп жылай бастаған қызды, шырқыратып, сүйреп 
әкеліп, зорлап, аюандық әрекетке барды.. Тән құмарын тарқатып 
алған соң, талып қалған қызға көңіл бөлместен үйден ақша іздей ба-
стады. Шешесінің әмианын тауып жартыға жетер тиын -тебенді алып, 
арақ алып келді дүкеннен. Асықпай отырып ішімдікке тойып алған 
соң, есін жия бастаған қыз көзіне түсті, сәлден кейін қаршадай сәбидің 
басы оның айқасып кеткен саусақтардың арасынан сылқ ете қалды.


94
Клара Қабылғазина
Асықпай ауланың ішінен жер қазып, анасы мен жиен қызды көміп, 
үйге кіріп бөтелкенің қалғанын тауысып тұрған болатын. Аяқтары 
жүрмей отырған жігіттің көңіл күйін жұмыстан қайтқан әпкесі бұзды:
– Қанат, тағы ішіп отырсың ба?!
– Іштім, ішемін...
– Апам қайда, Әсел қайда?..
Бөлмелерді аралап, шарқ ұрған Айтолқын бір сұмдықтың болғанын 
сезді:
– Қайда деймін, олар?....
Жауап бергеннің орнына көздері қанталаған бауырының өзіне 
қарай ұмтылғанын байқады. Қолында пышақ. Жан-дәрмен қашып, 
есікке жетті. Сол жүгірген бойы, көршінің үйіне жетіп жығылды:
– Аға, тез милиция шақыр. Қанат мас. Үйде анам да, қызым да жоқ. 
Білмеймін, не болғанын. Бір жамандықты жүрегім сезіп тұр...
Аудан орталығынан келген милиция қызметкерлері Қанаттың 
мастығынан айыға бастағанын байқап, сұрақ ала бастады. Аз уақыттан 
кейін ол өзінің істеген қылмысының бәрін жайып салды. Денелер 
көмілген жерді ашқан кезде әйелдің денесі суымағанын байқаған 
олар көмілген уақытта оның тірі болғанын анықтады. Келген экс-
перттер әлденені ұзақ жазып Қанатты түрмеге, қазаны көзімен көріп, 
есінен танып қалған Айтолқынды ауруханаға аттандырды. Ол ауыр 
халде жатқанда ел болып, ағайын болып марқұмдарды жер қойнына 
тапсырды. Сәл сауығып шыққан Айтолқын туған шаңырақтың есігін 
ашуға жүрегі дауаламай сол күйінше беті ауған жаққа кетіп қалыпты.
– Қайтадан қалаға кетіп қалыпты, – деді біреулер.
– Көрші ауылдағы туыстарына кетіпті, – деді тағы біреулер.
– Бір жерге барып байғұс өліп қалмаса не етті? – деді әркімдер.
Жаратқан иеміз де біреуге бақ,дәулетті, бар жақсылықты үйіп-
төгіп бере салады, ал кейбіреудің сорын бес елі қып, тағдырын тәлкек 
етіп, допша домалатады. Өмірдің қатыгез толқыны бір тұншықтырып, 
бір көтеріп алып келе жатқан келіншек қайсарлық көрсетіп, қасқайып 
тұра алар ма? Тұра алмас па? Бұл тағдырдың эпилогын тек жаратқан 
Алла ғана біледі...


95
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет