85
Тіршілік
жатырмын. Бүйірімнен жатқан жерімде бір тепті. Одан сайын аузыма
келгенді айтып, зарлай бердім. Есікті тарс еткізіп, шығып кеткен бола-
тын. Мен де жүгіре қоймадым. Сол кеткеннен мол кетті. Әкесінің үйіне
барыпты да, асылып қалыпты. Асын өткізгенше отырдым да, сонан
кейін баланы жетектеп, үйіме кеттім. «Қайта шапқан жау жаман, қайта
келген қыз жаманның» керімен үйіме, ата-анама да сыймағандай күн
кештім. Баланы соларға тастадым да, Алматыға тартып отырдым.
Орналасқанша, орын тапқанша талай оқиғаны бастан кештім. «Алматы
қалталылардың, шенді-шекпенділердің қаласы» дейтіндерге сенбеуші
едім... Басқа түскен соң, көрдік қой бәрін... Біреудің танысының үй
күтушісі болып жүріп, біраз еңбек сіңіріп, сенімдеріне кірдім. Алып
қойған үйлері көп екен, соның бірін маған берді. Тұра бер, бізге адал
қызмет ет, ұрлық қылма, міндеттеріңді дұрыс атқар, – деді. Ойбай-ау
оларға қызмет етпегенде кімге қызмет етем?!
Тағы бір жерде жұмыс
істеймін, соның ақшасына ас-ауқат аламын. Сөйтіп жүріп жатырмын...
Бірақ... жас адамға еркексіз қиын екен... Беталбаты кімге ұмтыламын?
«Кел, бірге өмір сүрейік» немесе тіпті «көңілдесім болшы» деп те
ешкім айтпады. Түнімен өзіммен өзім арпалысып, өртеніп шығамын.
Ұйқы қашады. Ешкімге керексіз болған жаман екен. Қай еркектің мой-
нына асыламын? Асылдыра ма? «Күйеуімді неге бағаламадым, неге
оны қадірлемедім? Еркектің аты еркек қой, кішкене шыдағанымда
бәрі жақсы болып кетер ме, еді... Бала анау не әке жоқ, не
шеше
жоқ қасында. Мен мынау, әркімнің кір-қоқысын жинап, өмір сүріп
жүрмін деп мәзбін. Жападан жалғыз отырмайын деп, пәтерден пәтерге
көшіп,мазасы болмай жүрген ағамның баласын кіргізіп алған едім.
Кейде аунап, дөңбекшіп, өртеніп жатып, сол бауырымның қойнына
да кіріп кете жаздадым. Өзімді өзім әрең тоқтатамын. Шалқасынан
ұйықтап жатыр екен. Оған көзім түсіп, жынданып кете жаздадым.
Ар-ұят жеңіп, мен жеңілдім. Ертеңгі күні түнде тағы көзім түсті.
Нәпсі деген бәле нағыз сайтан екен...
Бой алдырып бара жатып, зорға
тоқтадым. Қой, бұл бала менің үйімнен кетпесе абыройдан жұрдай
болармын, әулетті ойлап отырмын ғой, баяғы. Бұл жақта мені кім біліп
жатыр дейсің... әрлі-берлі ойлап, балаға «үйді босат, күйеуге тиемін»
дедім. «Әпкетай-ау, енді қайда барамын?» деп жылай-жылай кетті.
Міне, құрбым, сенің жан досыңның жағдайы осылай... қол ұшын беріп
тұратын, анда-санда болса да кездесіп тұратын біреудің тоқалы болуға
қарсы емеспін... Біреуге қажет болу, сүю, күту,
соған қызмет қылу да
арман екен... Басында Алланың берген бағын қолда ұстап тұра алмай,
ұшырып алғаннан артық бақытсыздық жоқ. Оның бәрін енді ұғындық