Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет40/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
қой... Қанша өмірдің дауылына қарсы жүріп, қаншалықты әрекет 
етіп бақсаң да, «әйелдің жолы жіңішке» деп бабалар текке айтпаған. 
Машинаның рөлін ұстап, депутат болам, ел басқарамын деп ұмтылып 
жатқан әйелдер айналып келгенде, сол ер азаматтардың қолдауымен 
еркелеп жүргендер екеніне көзім жеткендей... Сондықтан, біздің қазақ 
әйелдеріне ата-баба дәстүрінен ауытқудың, боразда бұзғанның еш 
қажеті жоғын түсіндім...
Риза әңгімесінің толқытқаны соншалық қыздардың бәрінің ша-
ралары жасқа толып, жандары жабырқап, біраз үнсіз қалды. Өмір 
– өзеннің қайда ағызып апарарын, желегі желкілдеген, жанға жайлы 
алаңға ма, әлде елсіз қайранға шығарып тастай ма деген бір сәттік ой 
құшағында қалған олар үнсіз отыр. Сәлден соң Риза: 
– Қой, қыздар, үйіме қайтайын... Кешке қарай дәулетті екі адамның 
үйін жинап келуім керек..., – деп үнсіздікті бұзды. Қонақтарын шығарып 
салған апалы-сіңілілер үн-түнсіз төсектеріне жатты. Көздері ұйқыда 
болғанымен көңілдері алай-дүлей. Әр қайсысы өздерінің болашағы, 
бүгінгі күні, ертеңіне әбден бойлап жатқандары аунақшыған сәттерінен 
білініп тұрды.
Әсіресе Айтолқын өз жағдайын көп електен өткізді. Шынында 
да өз жағдайының ескексіз жел айдаған қайық сияқты екенін жа-
нымен түсінді. «Жас кезінде, әдемі, мүсінді күндерінде керек болып, 
ертеңгісін кір сүртіп тастаған шүберектей лақтырып тастамасына 
кім кепіл?! Бірақ... не істемек?.. Қолдан келер қайран жоқ. Қайта сол 
Мәкеңдердің керегіне жарағанына шүкіршілік. Ана Ризалар осындай 
өмірді армандап отыр емес пе? Сондықтан, қарным тойына бастаған 
соң, әр-нәрсені ойлап кеттім бе? Басыма бір шаңырақ алып алайын, 
сонан соң тағысын тағы көрермін».
Жұмыстан шаршап келгенде қатып ұйықтайтын Айтолқынның енді 
ұйқысыз түндері көбейді. Қажалаған, кемірген ой лектері ілініп бара 
жатқан көздің шарасын айнадай ашады. Әрі аунап, бері аунап, қап-
қара бұлттай салмағы батпан, зілі ауыр ойларды қуып кетіре алмай 
тағы әуре. Жарқынырақ нәрселерді ойлап, көңіл ауанын аулайын десе 
оған дәйек болатындай тағы еш нәрсе жоқ. Көбінесе жарқын жайлар 
ауылға байланысты келеді.
Әкесі Байзақ атасының екінші әйелінен туған екен. «Ойпырым-
ай, сол кездегі адамдардың көңілін-ай, парасатын-ай», – деп бастай-
тын анасы әңгімесін... – Жарықтық атамның бәйбішесі, Алла иманын 
бұйыртсын, Ақлима өте ақылды болыпты. Өз құрсағынан бала көтере 
алмапты. Жылдар жылжып өтіп жатыр.Жас болса келіп қалған... Іштегі 


87
Тіршілік
күйік қалыңдай түскен. Атамыз да махаббатына өте адал,сабаз адам 
екен, бала таппадың деп кінә артпапты...Содан апамыз шалына әйел 
айттырып алып бермек боп шешеді. Ауылдағы алыс жамағаттардың 
бірінің үйінде отырып қалған қызы бар екен. Соны айттырып алып 
беремін шалыма деп сұрап барады. Аналар қыздарын бермей қуып 
жібереді. Жігері құм болған апамыздың еңсесі түсіп, бүкіл қайғы-
қасіретін есіне алып, жылап келіпті. Ертесіне буынып-түйініп қайта 
барады:
– Әй, Есіркеп, мен саған жетіскеннен келіп отырған жоқпын. Бір 
әулет ұрпақсыз өтейін деп отыр, оған мен кінәлімін. Алла сөйтіп қойса 
не шара?! Құдай әйелді ұрпақ өрбітсін деп жаратқан. Үйде отырып 
қалған қыз ғой деп келіп отырмын. Шалым қартайып тұрған жоқ
қуат-күші бойында. Ал, мен күн бермейтін, ойындағысы бойында 
тұрмайтын, желөкпе қатын болсам өз байыма өзім қатын іздеп жүрмес 
едім. Сондықтан ойлан, ай туғанда қоржыныңды әкеп, алып кетсек...
– Тоқал боп барған соң қызымды тоқпақтап отырсаң, менің де 
іштей өлгенім. Одан да ақ босағасында отыра бергені жөн шығар?!
– Егер, қызың бала көтеріп, ұрпағымыз көбейіп жатса, мен өзім-ақ 
бағамын... Күйеуімнің қойнына салып қойып, тілеуін тілеймін.
Сонымен екі жақ келісіп, атамыз тоқал алады. Арада бір жыл өтеді. 
Тоқал анамыз да құрсақ көтермейді. Сонда бәйбіше апам дұғасын 
оқып отырып, күндесіне Алладан бала сұрайды екен. Егіліп, жылап 
отырып сұрайды екен... Алла оның көз жасын көріп, тоқал анамыз, 
бес бала туыпты. Кәдімгі келінін күткендей бала туысымен бауыры-
на салып, өзі күтіп-бағып, бәйбіше анамыз шалына да, күндесіне де 
жағдай жасап, емшек сүтімен едел-жедел көтерген бес баланы да 
өсіріп, ер жеткізген екен. Сол балалардың кішісі ғой Байзақ. Екі енем 
де байғұстар, Алланың бергенінен бас тартпаңдар, табыңдар деп оты-
рушы еді. Қандай кемеңгер, қандай кең, ақылды парасатты адамдар 
өмірден өткен десеңші....
Балалардың бәрі үлкен шешелерінің қамқорлығында өседі. Кіші 
шешелері Алла беріп, ұрпақ жалғастырғаны үшін құрметке бөленіпті. 
Әйтпесе, бос белбеу, салақтау, бірақ өте жуас әйел болған. Өле-
өлгенше бәйбіше шып-шырғасын шығармай, атамыздың шаңырағын 
шайқалтпай, берекелі, бейбіт отбасы етіп ұстап отырыпты. Сөйтіп 
зорға көрген балаларын атам да қызық, тәрбиелеуге немесе баласы 
жоқ туыстарға беріп жібереді екен... Кең даланың дархандығы дарыған 
үлкендеріміздің үлгісі үгіліп бара жатыр ғой...Сол біздің заманымызға 
дарыса ғой шіркін!...


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет