Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет51/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

11 сәуір
Бүгін менің туған күнім. Әдеттегідей жұмыстан өзім сияқты «еркін» 
әйелдерді, кәрі қыздарды жиып алып, ішімдіктен ішіп, мұңымызды ай-
тып, жылап алушы едік... Бүгін ешкімді шақырмадым. Күттім. 
Далада көктемгі нөсер құйып тұр. Жаңбырдың біркелкі, сылбыр сы-
рылы көңіл күйіме қатты әсер етіп, жалғызсырадым. Түн ортасы болып 
кетті, келмес пе екен деген күдік көңілімді жайлап, әбден торықтым. 
Келді-ау... Отбасынан шығып кетудің ретін таба алмай ол да әбден 
қиналыпты. Әйтеуір, біреуге айтып, әлдебір шұғыл шаруа шығып 
қалды дегізіп, телефон соққызып, әзер шығыпты. Сондай, амалтапқыш 
өзі... Қонып қалғысы келіп-ақ еді, бірақ үй-іші сезіктенетін көрінеді. 
Кәдімгі түнгі жортуылда жүрген ұрыларға ұқсап, түнделетіп, боран-
датып қайтып кетті. «Өзіңе бірнәрсе сатып аларсың» деген қаражатты 
көріп, жанымды жылыттым. 
Өзім қуанып, алғаш рет «еріммен» туған күнімді қарсы алдым. 
Сыртынан біреудің ерін өзіме таңып, мәзбін. Шын ерім болуға әзірге 
ниет білдірген жоқ. Ал, ниет білдірсе ше?! Әне-міне зейнеткерлікке 
шығайын деп тұрған, әкемнен мүшел жас үлкен адаммен (оның 
қызынан да кіші екенмін) өмірім қалай байланыспақ? Әзірге, өз басым 
махаббаттан гөрі жалғыздықтан құтылғым келді, біреуге арқа сүйегім 
келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет