Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет50/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

16-наурыз
Өміріме өзгерістер еніп, кәдімгі күйеуі бар әйел сияқтанып қалдым. 
Жалғыз жатқанмен де келер адамның бары жақсы екен... Күткен 
дегенді, тамақ дайындап қойғанды әдетке айналдыра бастадым. 
Көптеген әдеттермен де, әрекеттермен де қош айтысуға тура келді. Ол 
келгенде өмірден орынсыз таяқ жеген, опасыздық көрген соң қайтып 
еркек дегеннің не екенін білмеген бейкүнә адам сияқтанып, сызылатын 
болдым. Әйтеуір, бұған дейінгі көңілдестерімнің бірі келіп қалмасын 
деп бәрін «тазалап» қойдым. Ер адамдар әйелдердің құйтырқылығына, 
сайқалсығанына онша-мұнша сенбей, «бұған дейін не істемедің екен» 
деп күдіктеніп тұрушы еді, мына кісі сенгіш екен... Өзім тарапымнан 
әлде қайтеді, мүмкін қойсам қоя салармын деп жүрмін. Ал, маған де-
ген шын сезімді алғаш қабылдауым. Қыздың әкесі де ойнап, күліп бо-
лып, қызық тарқаған соң тастады да кетті өз отбасына. «Бұл қайтер 
екен?» деген күдік те жоқ емес. 
2-мамыр
«Әй, осы мен не істеп жүрмін?» деуге мұрсат, тіпті уақыт жоқ сияқты. 
Басқа бір шаңырақтың ойранын шығарып жүрмеймін бе? Қандай 
әйел, қандай еркек болса да отбасының адалдығын, бір-бірлеріне де-
ген тазалықты талап етпей ме? «Тана көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын 
үзбейді» дегенді қазақ текке айтпаған шығар... Бәленің бәрі менен 
басталып тұр ма екен дегенді ойлағым да келмейді. «Қарғысқа бе-
кер қаласың...» деп еді әнеукүні қызметтес келіншек, менің әрекетімді 
естіген көрінеді. Қарғыстан қырылса ендігі жерде бүкіл зинақорлар, 
көңілдестер қырылып қалар еді ғой... Жүр ғой, әне, бәрі тайраңдап... 
Қайта ақ, таза, арлы деген небір сұлулар күйеулерінен айырылып, 
азып-тозып, бейшара болып қалды. Яғни, көңілдестердің заманы... 
менің заманым, қолыма келіп өзі түсіп тұр екен, неге пайдаланбасқа?... 
5 қазан
Ыстық құшақ, айқасқан білектер жазылмай тұрып ол: « Сен маған 
бір бала туып берсең, мен саған үй сатып алып берер едім» деген-ді. 
Жас иіс аңсады ма екен?! Немерелер өз сәбиіндей болмайтын болғаны 
ғой, сірә... Іштей қуанғаным соншалық, келістім. Жап-жас әйелге сол 
сөз болып па тәйірі?! Өз шатырыңның болғанына не жетсін? Өйтіп 
тұрған адамды шал деуге аузың бара ма? Шал демекші бір әзілдің 
есіме түсіп тұрғаны: Шалмен көңілдес болған бойжеткенге құрбысы:
– Не болды сонша, шалмен жүріп, көзің қарайды ма ? – депті. 


106
Клара Қабылғазина
Сонда анау:
– Ақшасын алғанда қай жылы шыққанына қарамайсың ғой, – депті. 
Менікі де сол ғой... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет