12-қаңтар
Көп болды. Ерекең келмеді. Былтыр осы уақытта қуанышым
қойныма симай отыр еді. Телефон соғамын алмайды немесе өшіріп
тастайды. Япырмай, сүйетін сияқты еді ғой... Әне-міне әйелінен заңды
түрде ажырасып, бірге тұрмақшы болғанбыз. «Жасы келіп қалған
адам. Мен оның жарты жасындамын. Ертеңгі күні құтыла алмай жүрем
бе, мінезі де қиындау көрінеді, қайтемін?» деп ұзақ ойланып, ақыры
сүйетініне көзім жеткен соң, келісімімді бергенмін. Риза болғаны
соншалық, қасымда қалып қалған болатын. Сол «келемнен» әлі жоқ.
Жұмысына іздеп баруға дәтім жетпеді.
Достарыңызбен бөлісу: |