Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет56/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
өзіне қаратып еді, тұп-тұнық көздердің шошына қарағанын, селк етіп, 
секем алғанын сезді. Еріксіз құшағына тарта түсті. Алпысты алқымдаса 
да қызуы бойынан қайтпаған еркекті табиғи талап еркіне қоймай, 
аяушылық сезімін тапап өткендей... Айдындай мөлдіреген жанарлары 
жасындай жарқ етіп, селк ете қалғанымен қыз қимылсыз тұр. Басына 
қаны теуіп, құлағы шыңылдап, көзі қарайды Серікқұлдың. Жазықсыз 
жанға, еліктің лағындай жаутаңдап тұрған мұңлыққа деген аяныш 
сезімді құйындап келген нәпсі дауылы жеңді. Әлсіз, иілген жағына 
қарай майысқан нәзік денені қолынан келгенше умаждады. Дәл осын-
дай құнығып, дәл осындай нәпсі рахатын көрмегендей, әбден аймалап, 
шаршап құлағанша әуреледі. Ыңырсып жылаған қыз талмаусыраған 
ба, үнсіз. Нәзік тұла бойы жансыз қалды ма, әлде мойынсұнғандықтан 
ба әйтеуір, көзі жұмулы. Шалқалап жатқан қызды өзіне тартып еді, 
құшағына құлады. Бұла бойы бұлқынбады. «Оның жаны да рахат күйін 
шерткендей ме, әлде...» – деген оймен жіңішке, аппақ білекті кеудесіне 
салып еді, қайтып алмады. Аптығы басылып, алқынғаны қойып, есіне 
келген соң алдына алып, сүмбі талдай иілген бойжеткенді балаша 
әлдиледі. Ана әлпешінің, әке ықыласының тапшылығы ма, аялай түссе 
екен дегендей қыз да ер мойнына білегін орай, қапсыра құшақтады. 
Көздері жұмылғанымен көңілі ояу, өзіне пана, жанына демеу тапқандай 
әсерде. Одан басқа ештеңе ойлауға құлқы жоқ. 
Ертегідей өткен сол бір сәттің елесімен Серікқұл да бірнеше күн 
бойы бей-жай күйде жүрді. Бірақ әдеттегідей шалдың есігі ашылма-
ды, бойжеткен мұның үйіне қарай бет алмады. Беттің арын белге бай-
лап, көпті көрген басалқы емес пе, кемпір-шалдың үйіне кіріп барды. 
Жанары жалт етіп, есіктен кірген Серікқұлға қараған қыздың жүзіне 
қуаныш реңкі ұялағандай болды. «Бірнеше күннен бері неғып кірмей 
қалдың ?Көрші ауырып-сырқап қалды ма?» – деп кемпірден сұраймын 
дегенді айтып шал қаңғалақтап жатыр. Серікқұлдың жүрегі орнына 
түсті. Кемпір-шалдан келіп-кетер кикілжің көрінбейтін сияқты. Тіпті 
соның болмайтынына сенімді де еді. Өйткені, олардың азын-аулақ 
малдарын қарар адам болмаған соң, өсімінен еңбегіңді аларсың деп 
осы Серікқұлға табыстап қойған. Ит-құстан аман сақтап, күзетіп, 
бағып, жайып жүрген көршілеріне ризашылықтарын білдіріп, рахметін 
жаудырғаннан басқа қолдан келетін амалдарының жоқ екенін бұлар 
да түсінетін. 
Серікқұл үшін түн күнге ауысқандай. Түнімен малдарды күзетіп 
шығады. Таудан анталаған аш қасқырдан жиі-жиі мылтық атып қана 
қорғана алады. Қалың қардан жемтік таба алмаған аш бөрілердің 


112
Клара Қабылғазина
етектегі үйлердің малына көз тігіп, аңдығандарына біраз болды. Топ-
топ болып, шоқыда шоқиып отырып алып ұлидай келіп... ауууу-ауууу... 
Бұл болса олардың ұлығанына жауап қайтарғандай әлсін-әлсін тысқа 
шығып меңірейіп-меңірейіп тұрған құз-шыңдарды, тау-тасты бір 
сілкіндіріп қояды. Соны аңдып тұрғандай жаңғырық мылтық даусын 
іліп алып, тау-тасты аралатып әкетеді. Бірін-бірі қайталай жартастар 
біразға дейін өздерінің тыныштықтарын бұзғанға наразылықтарын 
білдіргендей ащы дауысты қақпақылдап жібермей тұрар еді. 
Күндіз терезеден түскен, сәулелі жарық күннің шуағына шомыла 
жатып, бойжеткенді құшып, мауқын басады. Әйел қолынан құйылған 
шайды ішуді ұмытып қалғанын есіне ала отырып, сораптап, ұзақ ішеді. 
Қырдан әкелген тәттілерін қыздың аузына тосып, оның үлбіреген әдемі 
еріндерімен сүйірлете сорғанын көріп, балаша қуанады. Тіршіліктің 
беті түзеліп, бояуы қанығып, әдемі рең алғандай, мына баз дүниеде 
екеуінен басқа ешкім жоқтай.... Дәл осы сәтте бұларға шынымен-ақ 
ешкімнің де қажеті жоқ болатын. Тылсым әлем, қар жапқан дала, өлі 
тыныштық, табиғаттың төл перзенттері әйел және еркек. Адам-ата 
мен Хауа-ана тәріздес... Күндер өткен сайын олар бір-біріне әбден 
үйренісіп қалды. Бірін-бірі аңсай күтіп, сағына қауышатын болды. 
Міне, тағы да Алтайдың ақ түтек бораны басталғалы бірнеше күннің 
жүзі. Мал да, жан да тырп етпей мүлгуде. Боран езуінен ысқырып, 
«қане, маған кім бар қарсы келетін?» – дегендей қаһарына міне түскен. 
Жер астынан шыққандай ирелеңдеп, созалаңдап қатар тұрған екі түтін 
шығады. Сол екеуі тіршіліктің нышанын танытқандай. Бүкіл аспан мен 
жер асты астасып, тұтасып ақ әлемге айналғандай... Биыл бұл өңірде 
қыс қатты болып тұр. Ат бауырынан асып түскен қарды омбылап, 
екі үйдің ортасында жүретін екі-ақ адам. Бүкіл тіршіліктің үміт жібін 
жалғастырып, өмір атты үлкен сахнаның басты кейіпкерлері рөлін ой-
наушылар да осылар. Сүю, сағыну, бірін-бірі аңсау бар жерде торығу, 
жабығу, үмітсіздік дегендерге орын жоқ екендігін тіршілік шіркін тағы 
бір дәлелдегендей. Өмірге, өмір сүруге деген махаббат оты да қоздап 
жалындай түскендей. 
Дүлей табиғат та, маң дала да, түксиген таулар да осы бір адамзат 
сезіміне, өзге тіршілік иелерінен осындай ерекшеліктері бар адамға 
қызғана әрі қызыға қарағандай... 
Әлде бір тосын сезім қыз бойын билегелі бірталай уақыт болды. 
Тал шыбықтай белі толысып, аяқ-қолы жұмырланып, өңінде шырай 
көбейгенін «сәл толысқаным жақсы ғой» деп ойлап қойған болатын. 
Енді түннің бір уағында біреу түртіп қалғандай оянады. Шынымен-ақ 


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет