108
Клара Қабылғазина
Ұяттан айырыла салу оп-оңай екен де, қайтадан жиып алуға бол-
майтынын түсіндім... Бірақ, бәрі кеш... Тек жаратқаннан сұрайтыным
– менің тағдырымды бойжетіп келе
жатқан қызым қайталамаса
екен. Нәпсінің күңі болғанымды енді мойындап отырмын. Біреудің
шаңырағын шайқалтып, отбасын бұзып, бақытқа жету де мүмкін емес
екен... Еркектің аты еркек, маған не жорық? Басы бос біреу де емес, бір
әулеттің ақсақалына жабысқаным не?!
Кейіннен әйелі естіп қойыпты,
ұрыс-керіс болып жатыр екен оларда дегенді естіп едім... Бірақ, мына
отырыстарына қарағанда еш ың-шың болмағандай... Қайта айналып
үйіріне барды, «адасқанның айыбы жоқ» деген емес пе...
* * *
Қызым мүлде тыңдамайтын болды. Түні бойы қаңғырып, күні бойы
ұйықтап, оқуына да бармайды... Қайтсем екен ?.. Шарасыздықтан ба-
сым қатып отыр едім...
Кенет... есікке әлдекім келгендей, сығалағандай болды. Баланың
оянып жылағанына қарамастан есікке жүгіріп
барып қарасам, ешкім
де жоқ.. Сөйтсем, тағы да сығалап жүрген жалғыздық екен...
2008 ж.