Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет55/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

ТІРШІЛІК
Алтайдың қысы ақ көрпесімен даланы қымтап, орап тастаған. Аппақ 
жамылғы боз аспанмен астасып, айналасы жұп-жұмыр, аузы-мұрны 
жоқ отау сияқтанады. Ал, етектегі елді мекен сол алып қауыздың 
құйттай дәнектері сияқты бір жерге ұйлығып қалған. Елді мекен де-
ген аты болмаса бүгінде заты жоқ. Бір кездері әжептәуір тіршілігі бар 
бөлімше болатын. Енді сол бөлімше бөліне-бөліне, жұрты тарай-тарай 
екі-ақ үй қалған. Нарық деген алпауыт келіп, халық урбанизацияның 
уысына түсіп, сөйтіп отарыла ойдан қырға қарай ауыса бастаған-ды. 
Тып-тыныш жатқан елдің тұрмысын шайқап-шайқап тарыдай шашып 
жіберген болатын. Күн көріс қамымен ел тау асып, даладан қалаға 
ойысқан. Әл-ауқаты барлар тұқым-тұяғымен опырыла көшкен. 
Отырып қалғандардың бірі «төрімізден көріміз жақын» дейтін Жар-
қынай кемпір және шалы Рақыш. Ержеткен ұл-қыздарының қалалап, 
құйрықтарын қайқайта, сәйгелден қайтқан сиырдай кет 
кен 
дері 
қашан?! Үлкен қыздары Үкіш осы бірнеше жылдың жүзінде бір хат 
жазып, «күйеуге шықтым» деген, біраз уақыттан соң «қызды болдым» 
деп хабар жіберіпті. Кемпір мен шал «Ия, алла, ұрпақтарымды өсіріп, 
өркендете гөр! Жарылқап жанды, есіркеп малды қыла гөр», – деп бір 
Аллаға жалбарынып, сырттарынан тілеулерін тілеп отырған-ды. Со-
дан біраз жыл бұрын тағы да хабарсыз кеткен қыздары бір күні тал-
дырмаш, жас өспірім қызды әкеліп, «Бірдеңе ғып бағыңдар, мен басқа 
күйеуге шықпақпын, сендерге де жұмсарға бір адам керек. Жолыма 
кедергі болатын түрі бар», – деп әкеліп тастағанына талай күндер куә. 
Қыз байғұстың не құлағы естімейтінін, не тілі жоқ екенін білгеннен 
кейін ауылдағы екі үйдің тұрғындары «Меңіреу» деп атап кеткеніне 
де бағзы бір уақыт өткен. Бүгінде сол қыз кемпір-шалдың қолқанаты, 
жандарын тындырып, үй-ішін, қариялардың үсті-басын мұнтаздай 
етіп ұстап отыр. Қолынан келмейтіні жоқ. Үкінікіндей дөңгелек көздері 
тұнжырап, мөлдірейді де тұрады. «Бұл пендемді мылқау, керең еттім, 
енді көріктен құр қалдырмай-ақ қояйын» дегендей АллаҺ оны тал 
шыбықтай бұралтып, көздің жанарын, адамның назарын аударатын-
дай әсем, сүйкімді етіп жаратқан. «Балаларымыздан қайыр болмай-
тынын білген Алла- тағала жиеннен жақсылық көрсін деген шығар», 


110
Клара Қабылғазина
– деп қартайған шақта, шәй қойып ішуге шамалары келмей қалған 
сәттерінде қариялар бұған неге риза болмасын, соған шын ниеттерімен 
қуанышта болатын!
Тау сағасында тұрған ауылдың тағы бір тұрғыны Серікқұл. Әкесі 
Берікқұл өзіне серік болсын деп осылай атаған екен. Сол Серікқұлдың 
өзінің серіксіз қалғанына да бес-алты жылдың айналасы болып қалды. 
Өз кіндігінен тараған екі қыз, бір ұл да қалаға қарай оқу, жұмыс іздеп 
кеткен еді. Содан тұрақтап қалып, ауылға қайтпады. «Қыз байына, ұл 
жайына...» дегендей өз күнін күйттеп жүріп жатқан-ды. Алыстағы, ақ 
қарға көмілген ауылға пошта да келмейді. Хабар-ошарсыз болғанына 
да көп болды. Әйелі Естігүл қайтқалы бері мал-жан, үй-ішінің тірлігі 
бір мойнында. Қуаты қайтпаған еңгезердей, батыр денелі Серікқұлдың 
малы-малына қосылып, жыл сайын көбейе түскен. Сауылатын 
сиырлардың да қатары молайып, егіз-сегізден төлдеп, әбден мал ба-
сты болып қалған. 
Сиырларды күрп-күрп сауып, сүтін тартып, қарын-қарын сары май-
ын, қап-қап құртын бұрын аудан орталығы болған қалашыққа апа-
рып, ақша жасап қайтады. Пұл салған қапшықтың да бүйірі бұлтиып, 
қалыңдай түскен. Атына теңдеп, ұн-шайын, қант-кәмпитін ала келеді. 
Бір жаппа наны бірталайға жетеді. Қарыны тоқ, уайым – қайғысы жоқ 
болған соң өзі де бүйрекбеттеніп, қызыл-шырайланып, мұрты жылты-
рап, қоңдана бастаған. 
– Үйімнің іші әйел өлгелі көк сасып, ыс тұрып, кірлеп кетті...... Мына 
жиендерің әйел заты ғой, маған қолғабыс беріп, үй-жайымды бір рет-
ке келтіріп берсінші, ақысын жемеспін, – деп кемпір-шалдан меңіреу 
қызды сұрап алып келіп, ымдап ұқтырып, нені қалай істейтіндігін 
түсіндірген болатын. Содан бері Меңіреу де өзіне тиесілі, жұмыстай-
ақ көрші үйге де жүгіріп, Серікқұлдың қолынан әйел тірлігінің біразын 
алып, қолы босап, мойны жеңілдеп қалған болатын. Қырау басқан 
терезенің аяз салған суретін жайлап қыра-қыра үңіліп, Рақыш шалдың 
жертөлеге ұқсап қалған үйі жағына қарап, Меңіреуді күтетін әдет тауып 
алған еді бұл соңғы уақытта. Міне, бүгін тағы сөйтті. Жертөленің есігінен 
шығып, өз үйіне бет алған қызды көргенде баяғы жас кезіндегідей бой-
ына ыстық қан жүгірді. Жас қайыңдай майысып, ырғала басып келе 
жатқан қызға әдеттегіден өзгеше көзбен қарап, құлын мүшелеріне 
көз тігіп, үйіне кіргеннен ішіп-жеп, жанарымен тояттады. Қырдан 
алып келген тәттілерін үстелге қойып, қыз үй тіршіліктерін, оны-мұны 
шаруашылықтарын реттегенше дастархан жасап қойды. Ымдап, шай 
іш дегенді айтайын деп еді, қарай қоймады. Жәйлап қолынан ұстап


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет