126
Клара Қабылғазина
жерге, туған топыраққа тиісімен, Қалаужанның жүрегі
атша тулап, қан
қысымы көтеріліп кеткендей болды. «Бәленбай келіп қалыпты-ау»,
«Көптен бері бұл жаққа келмеген беделді азамат келген екен» деген
ешкім болмады. Өзінің еленбегеніне өкінбегенмен, іші алай-дүлей
болған күйі киелі кесенеге қарай жүріп кетті. Көк аспанмен астасып,
«байсың ба, кедейсің бе, бастықсың ба, қосшысың ба, қарасың ба,
ақсың ба кім болсаң да Алланың жаратқан пенделерінің маған бәрі
бірдей» дегендей көгілдір күмбез алыстан асқақтайды. Пенделердің
теңесетін, тәубасына келіп, күнәлары мен адами қасиеттерін таразы-
лайтын орынға қарай асыға бет алды Қалаужан.
Жақындап келген
сайын құдыретті бабалардың аруақтарының мысы баса түсті ме, әлде
жолдан шаршады ма, аяқ-қолдары дірілдеп, жанары жасаурады.
Кесененің ішіне кіре бергені сол еді, басы айналғандай болды. Есіне
қасиетті жәдігердің табалдырығына маңдайын төсеп, тағзым етпекші
болғаны түсті:
– Кеше гөр, Алла, күнәларымды! Кешіре гөріңдер, бабалар аруақ-
тары! Қасиетіңнен айналайын, туған топырақ! Пендешілікке салы-
нып,
атақ пен мансап, байлық пен даңқ қуып жүре беріппін... Есейгелі
келіп тұрғаным осы екен-ау... Кешіріңдер, мен бейбақты... Адам де-
ген адамдығынан аттаған күні бейшара болып шыға келеді екен, соны
білдім... – деп күбірледі. Еңкейе берген сәтте көтеріліп тұрған қан
қысымы лақ етіп ми қауашағына құйылғандай болды да, ары қарай
ессіз-түссіз құлап түсті. Жұдырықтай жүрек бұлқынып-бұлқынып ба-
рып тоқтады.
– Қожа Ахмет Яссауи баба кесенесінің табалдырығын сүйе берген
күйі бір қазақ о дүниеге жүріп кетіпті. Байғұс, шын ниетімен аңсап кел-
ген екен...
– Қасиетті аталар аруақтары, аспаннан
бәрін бақылап отырған
Жаратқан Иеміз пендесінің күнәларын кешті ме екен? Әй, кешкен –ақ
шығар...
Не айтылса да, қандай қауесет тараса да Жер-ананың аясына сиып
жатты. Бірақ Қалекеңнің жүзінде сақталып қалған емеурін, ерін ай-
наласында үйіріліп қалған жымиыс табы өзінің сол киелі орынға
келіп тәубасына түскеніне, жүрегінің түкпіріндегі арман-мақсатына
жеткеніне риза болғанын білдіргендей еді...
Адам жанына кең дүние тар көрінгенде, өмір атты дауыл-құйын
қақпақылдап, адамның басы «Алланың добы» болғанында осындай тәу
ететін, көңіл жұбататын, жан сергітетін жердің бары да ғажап екен ғой...
Пенделікті, күйкілікті, бейшаралықты бір сәтке болса да теңестіріп, ой
127
Тіршілік
салатын орынды жаратқан
Алла Тағалаға жиналған топ, рахметін ұз-
а-а-қ айтып, Қалаужан сияқты пенделерге шын жанашырлық білдіріп
тарасты. Қара жер де: « Ей, адамдар, адамдар! Күнадан ауыр ештеңе
жоқ. Бәрін көтерсем де, сол бар ауырлықтың, бар жамандықтың ба-
стауы болатын күнәҺарлықты көтеруге ғана ауырсынамын» дегендей
күрсінді. Бірақ, оны ешкім де естімеді. Пенделерге рухани дем беріп,
көгілдір кесене көктен көз тігіп, адамдарды мәңгі бақылап тұра бер-
мек...
1997 ж.