Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
іштерінен жақтыртпай жүретін. Билік те, қаражат та таныс та оның 
қолында болғандықтан наразылықтарын білдірмей, қарсы ештеңе дей 
алмай, біржағынан аналарының мұңайған, жалғызсыраған жүзі жан-
дарына батып, күй кешіп жатқан еді. Ал Қалекең болса бір мекеменің 
құлағын ұстап отырған жолдасының хатшысы, сүйкімді жас қызға сөз 
салып, бозбала кездегідей жүрегі лүпілдеп, сый-сыяпат жасап, қолына 
гүл ұстап, әжептәуір өзгеріп кеткен-ді. 
Соңғы демалысында екеуі шетелге де барып келді. Жас ағзаның 
әсері ме, әлде күйдің өзгерісі ме әйтеуір, Қалекең түлеп, қанатын 
қомдап, ширығып шыға келді. Желіккен көңіл мұнымен басылмады. 
Сарықарын бәйбішесін ертіп ақсүйектер ортасына барғаннан гөрі 
әрі жас, әрі сұлу келіншекпен жарасатындай көрінді де тұрды. Соның 
сылап сыйпағанын үнемі аңсайтын болды. Содан қолда тұрған соң 
мәселені тез шешіп, өзіне салдырып жатқан үлкен үйдің босағасынан 
көңілдесін аттатты. Балаларына:
– Үйлі-жайлы болғандарыңа да, болмағандарыңа да көмектесіп 
тұрамын. Жағдай осылай болып қалды. Мамаларыңмен тұра алмай-
мын, – деді. 
Тек институтта оқитын қызы шыдай алмай, еңіреген күйі көзі жасқа 
шыланып, аузына сөз түспей, дағдарып отырған анасының алдына 
құлап түсті. Бар болғаны осы. Бірақ ол өз басы үшін, өзінің өмірін 
мәнді, маңызды тіпті, бақытты ету үшін жасалған бұл әрекетін күнә 
деп есептеген емес. Сөйткен сүйіктісінің мұның қолынан билік кетіп, 
судай тасыған бақдәулет сарқыла бастағанда қолда барды бөлгізіп, 
өзіне тиесілісін алып, өзін төрт қабырғаға қаратып, жасырақ біреудің 
етегінен ұстап кетіп қалғаны жанына батады, жүрегі сыздайды. 
«Күлшелі бала сүйкімді» дегендей жай-жағдайларын айтып, мұның 
қабылдауына көп адам келетін. Келгендердің көпшілігін жоғары дағы-
лар 
дың таныс-туыстары болмаса орынбасарларына жіберткізеді. 
Ақиқат, шындық іздеп келгендердің, қолында қаржысы жоқтардың 
көпшілігі жылап қайтып жататын. Еркіндікті өздеріне беріп қойған 
орынбасарлары мен көмекшісі басшыларының осал жерін біліп 
алғандай.... 
– Мына бір мәселеге қолыңыз керек болып тұр, – деп құжаттың 
астына конвертті қоса қоюды әдетке айналдырған. 
– Байқаңдар-ей, сендерге сеніп, қолымды қойып жатырмын, 
-деп көзі жымыңдап ескертуді де ұмытпайды. Мұның бәрі біреудің 
көз жасы арқылы, немесе адал еңбек арқылы келіп жатыр ма, жоқ 
әлде басқа жолмен келіп жатыр ма оған мән бере бермейтін. Берген 


122
Клара Қабылғазина
екен «белшесінен бас» деген принциппен жүріп «жемқор» атанғанын 
байқамай қалыпты. 
Бірақ оны өзіне күнә деп санаған емес. Өйткені, заман сондай. 
Қолында билік бардың бәрі өз ұрпақтарын, өз болашақтарын, өз қарын 
қамын ойлап жатқанда халықты ойлап бұған не бопты. Бұл кішігірім 
әкім ғана. «Жоғарыдағылар, үлкен әкімдер басын ауыртпаса маған не 
жорық? «Балық басынан» дегендей, сол жақта ондай кісілікті қимыл 
болса мен де қозғалармын. Әйтпесе өмір де, билік те бір-ақ рет келеді. 
Аллаһ «аса» деген екен, менің қандай күнәм бар? Жоқ. Құдай қостап 
отырса мен оған айыпты емеспін» деп өзін-өзі ақтап қойған. 
«Жоқ әлде, күнәм басқада ма екен», – деген ой басында жалт ете 
қалды. Япырым-ай, бір жолы өзіне кезек күтіп отырған көптеген 
адамдарды бұл «қабылдай алмаймын, сіздердің шаруаларыңызды 
орынбасарым шешеді» деп асығыс өте кеткенде, өзіне ұмсына бер-
ген қарт адамды танымағансып кетіп еді-ау. Әрине, таныған. Ең алғаш 
Түркістаннан келгенде, жоғары оқу орындарының есігін сығалап 
жүргенде, қол ұшын беріп, студент атандырған қамқоры еді ол. Баяғы 
бір бейдауа тірлік.... Тағы да асығыстық.... толып жатқан қолына 
ұсталмас, қусаң жеткізбес тіршіліктің жетегінде кете берген еді. Сол 
үшін кейін өз ісіне есеп беріп отырғанда ұялатын. Бірақ мұны да күнә 
деп есептеген емес. 
Есіне тағы бір оқиға сап ете түсті. Қасындағы қорғаушы жігіттермен 
сыртқы есіктен шыға бергенде бір әйелдің: «Мұндай басшы құрысын! 
Қаржысы, қорғаны жоқ әлсіздерді жылата беретін уақыт та кетер. 
Бізді сен жылатсаң, құдай сені жылатсын», – деп тілдеп, тура осыған 
қарағандағы жанарының сұғын-ай! Денесі тітіркеніп, бойы шымырлап 
кеткен болатын. «Неге жыладыңыз, сізді кім жылатқан? Не мәселеңіз 
әділетсіз болды?» – деп сұрауға оқталды да, тағы да сол кердең көкірегі 
дес бермей, бұрылмай кете барған-ды. Әлде сол көз жастың кәрі тиді 
ме? «Халықтың бәріне бірдей жағу қиын, тіпті өтірік жылап беретіндер 
де бар. Ондай-ондайға көңіл бере берсеңіз текке шаршайсыз», – деген 
орынбасарының сөзіне құлақ түрген-ді. Орынды санады. 
Тұнжыраған күйі отырғанына көп уақыт болды. Өлі тыныштық және 
жалғыздық үндескендей. Балалары да «өзіңе де сол керек» дегендей 
бірде біреуі халын сұрап келмеді. Тіпті телефон соғулары да сиреді. 
Жанарына жас үйірілді. Сол сәтте жүрек тұсы шым етіп, қаны басына 
тепті. Сол жақ иық, жауырын тұсы қатты шаншып, ауырсынған күйі 
қисая кетті. Солай көзін жұмған бойы ұзақ жатты. Бейдауа өмірге на-
лыды. Қолында билігі жоқтың, қалтасында пұлы жоқтың, қамбасында 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет