Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет61/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
дәні жоқтардың күйін енді түсінгендей.... Бір кездері «Қалекелеп» 
жүгіретіндердің бір де біреуі тіпті жағдайын білуге де шамалары кел-
мей, сырт айналғандары үшін қапаланды. 
«Өмір шіркін, бар болсаң бетін берген, 
Басыңнан бағың тайса к... берген», 
– деп домбырасын ақырын тыңқылдатып, ыңылдап ән салып отыра-
тын еді марқұм әкесі. Қандай философ болған олар деп өзінен-өзі 
таңдайын тақ еткізіп, таңданғанын байқамай қалды. 
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей өзіме қол ұшын беретін азаматтар 
дайындамаған екенмін. «Қолдан келсе, қоныштан басты» бетке ұстап, 
сауық-сайранды өмірге алданып жүре беріппін-ау!» деген ойларға 
көбірек оралды. Адам өз қатесін білген кезде ақылды болады екен-ау. 
Бірақ.... білгеннен не пайда? Амалсыздық, шарасыздық бойын билеп
тіпті орнынан тұрып шай ішуге де құлқы болмады. 
Қанша жатқанын өзі де білмейді. Сары уайым, сананы торлаған 
топ-топ ойлар, көңілдің көкжиегін көлегейлеген алдамшы күндер, 
өзеуреткен өткінші сәттер, әйтеуір толып жатқан жайлар мұны 
томырық күйге түсірген. Қоғамға, адамдарға керек болмаудың күйігі 
– жанына тіпті батып тұрған жай. Алдына келіп, кетіп жатқандардың, 
талай жылағандардың, талай қиналғандардың біріне болса біріне 
көмек берген болса, мүмкін солардың алғыстары үшін мұндай болмас 
па еді.... кім біледі.... «Алғыспен ел көгерер» деп атам қазақ орынсыз 
айтпаған ғой....» деген пікірдің санасынан орын тепкеніне де бірталай 
болды. Бір ой мұны қажайды: «Өзің бәріне кінәлісің.... өмір бақи осы-
лай жүре-беретіндей, артыңды ойламадың. Ал, енді басыңды сүйейтін, 
аузыңа су тамызатын қасыңда ешкім болмай отыр. Ал енді көр.... ал, 
енді біл.... ал, енді тарт сазайыңды!» деп табалайды. Табаланған сай-
ын кірерге жер таппай қиналады. Маңдайынан суық тер сорғалайды.... 
Ішінен, әріден шым-шымдап, бойын шымырландырып, денесін 
тітіркендіріп әлде бір сезім бой көтереді. Сонан соң көзінен жас болып 
құйылады. Ащы жас беттегі әжімдерді сағалай, қуалай жылжып ағады. 
Көптен бері мұндай құлазыған емес. Қу далада, әр жерде селтиіп-
селтиіп тұрған қараған, тікеннен басқа ештеңе өспеген, қатпар –қатпар 
болып жарылып, сусыраған, тап-тақыр, елсіз, жансыз шөл далада бір 
өзі жатқандай. Айқайласа дауысы жетпейді, жүгірсе аяғы жетпейді, 
дәрменсіз қауқарсыз, шарасыз халде. 


124
Клара Қабылғазина
Есіне шешесі жарықтықтың жиі айтатын әңгімесі түсті де, көз ал-
дына бейнесі елестеді. Анасы сонау Сарыарқаның сары даласынан 
келген, ақ тотыдай таралған, сұңғақ, сұлу адам болатын. Тігінші еді. 
Жалғыз ұлын бетінен қақпай өсіріп, жасынан момын, «ақкөңілділігі 
атының соры» дегендей далақтап, өзінен гөрі өзгенің ісіне жүгіруден 
жалықпайтын күйеуінің қас-қабағына қарап, күндіз-түні киім тігіп, 
қартайғанында бүгжиіп, мүлде бүкір болып қалған анасына деген ая-
ныш сезім кенеттен пайда болып, көз жасына тұншықтырды. 
Анасы көне Түркістан жеріне келін болғаны жайлы жиі әңгімелейтін:
– Қалау, құлыным, сен менің қалап келген елімде, қасиетті баба-
лар жерінде туған балам болғандықтан атыңды Қалаужан қойғанмын. 
Тұла бойы тұңғышымсың... Бар үміт, бар армынымды саған ғана 
бағыштағамын... Соғыста қаза болғаны жайлы «қара қағаз» алдымен 
әкеме, іле-шала ағама келді. Қайғы жұтып, қамыққан шешем орны-
нан тұра алмай, қасіреттің азабынан төсек тартып жатып қалды. Арқа 
қысының ұзақ түні өтпейді, таңы атпайды. Түнімен жастығымды сулап, 
анамның жүрегін одан әрі сыздатпайын деп, көз жасымды көрсетпей 
жылаймын. Әкемнің, ағамның қазаларына қосымша маған басқа 
дерт қосылған. Ол келер жылы тұрмыс құрмақ болып, уәделескен 
адамымның қазасы еді. Неке қиылып, құда болыспаған, оң жақта 
отырған қыз болғандықтан баруға болмады. Үйіне хабар келіпті. 
«Ерлікпен қаза тауыпты» дегенді естіп, отын жинап, далада жүрген 
кезімде ессіз қалыппын. Әлден уақытта ес жинап, сүйретіліп үйге 
жеттім. Келсем шешем де нашарлап қалыпты. Көршілерді шақырайын 
десем аяқ-қолым сал болып қалғандай, мүлде жүре алмаймын. Бір 
кезде ол көзін ашып «жалғыз қалдың қызым-ай, сенің тірлігің керек 
енді жерде. Бекем бол!» деп көзінен жас парлаған күйі жүріп кетті. Шы-
рылдап үстіне құладым. Тағы да талықсып қалған екенмін. Жағдайды 
білмекке келген көрші-қолаң есімді жидыртыпты. Көптеп-көмектеп 
анамды жерлепті. Міне, осыдан бастап сал болдым, балдақпан ғана 
кіріп шыға аламын. 
Өлмегенге көктем де шықты. Арқаның қатал, қаҺарлы, ұзақ қысы 
көктемге дес беріп, күн көзі нұрын төгіп, жан-жануар, адамзаттың 
еңсесі сәл көтеріліп, арқасы жазыла бастаған-ды. Балдағыма сүйеніп, 
күн шуақтап, денем жылығанмен, жаным тоңып, мұңайып тұрған едім. 
Қасыма бас аяғына дейін аппақ киінген бір шал ғайыптан келіп:
– Қызым, жап-жас екенсің.... Болашағың алда... ИншаллаҺ, жақсы 
боласың.... Бірақ ол үшін қасиетті Түркістан жеріне барып, құдыреті 
күшті бабалар мекеніне, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып тәу ет... 


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет