120
Клара Қабылғазина
жүгіргені түсіп еді. Соған іші жылып, баланы өзімен ертіп, институтқа
алып кіріп, ешкімі жоқ шал-кемпірдің
баласы екенін естіп біліп, қол
ұшын беріп, оқуға түсіріп жіберген. Аузына салып бергенді сіңірмесін
бе, оқу орнын жақсы тәмәмдап, көптің қолы жетпей жүрген дипломды
қалтасына салған. Сонан соң біреуді ағалап, біреуді апалап жүріп сан
түрлі қызметке қолы жетті.
Әрі қарай несін айтасыз, әрі қарай қолының ұшына іліккеннен ай-
ырылмайтын табиғи бейімнің арқасында қызметтен қызметке өсіп,
бағы жанды. Үкіметтің түрі ауысып, шенеуніктердің
қызметтерінің
аты өзгеріп, қалың жұртшылық қайта құрылыстың оңына әлде соңына
қарарларын білмей мәңгіріп қалған тұста бұл өзінің еті тірілігімен
әкімдіктің божысына ие болған болатын. Міне, содан бастап «Қалеке»
болды, содан бастап тасы өрге домалады. Жұмыс жүріп жатыр.
Бағыныштыларын шақырып алып сілкілеп-сілкілеп, бағыттап қоя
береді. Олар тепеңдеп желіп береді, желімей көрсін....
Ақша деген жарықтықтың көгі де, жасылы да өзінен өзі келіп
қалтасына түседі.
– Қалеке, үйге
шақырса келмейсіз, уақытыңыз тығыз ғой.... Үйге
келе қалса, кигізейік деген костюміміз еді....
– Қалеке, шет жаққа демалысқа жүрейін деп жатыр екенсіз.... мына
бір пұл жолаяққа дегендей...
– Қалеке, келуіңізді жуып шақырайық десек, келмейсіз.... мінеки
жолыңызды жуып бергеніміз....
Мұндай толып жатқан себеп-сылтаулармен келетін конверттің бәрі
есебі жоқ нәрселер. Кейбірі есінде қалады, кейбірі есінде қалмайды
да. Есеппен, жоспармен жасалынған, жасалып жатқан үлкен шаруа-
лардан
келіп құйылып, еселеніп кіретін табыс түрлері өзіне ғана мәлім.
Қаражат молайған сайын, бара-бара, кейіннен тіпті көңілге желік кіріп,
жас қыз- келіншектерге көз сала бастады.
Отыз жыл отасқан, алғашқы қалыптасу дәуірінің ыстық-суығын
бірге атқарысқан, пәтерден пәтерге қаңғып жүріп балаларын,
өсірген
қиын-қыстау кездердің бәрінде, өмірдің аумалы-төкпелі күндерінде
қасында табылған жардың бойынан мін табатын мінез пайда болды.
Жасы келіп қалған әйелдің олпы-солпы денесінен бойын
аулақтатып,
«Саған керегі осы-ау...» дегендей бір уыс ақшаны үстелге шаша
сала
тын. Әйелі болса: «үлкен қызметтің аты үлкен қызмет қой...
жауапкершілігі көп... шаршап жүрген болар.... аман болсыншы» деп
өзін-өзі жұбататын. Балалары да әке бойындағы өзгерісті байқап,