Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет67/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
бе, ерке жел?» деп амандасады. Осы бiр сөздердi өзi ойлап тапқанына 
мәз. Титтәй жүрегiнiң сезiмталдығына, «ақынжанды» (мамасы айтқан-
дай) болып жаратылғандығына да өзi риза болғандай … Мөп-мөлдiр 
судың астынан көрiнiп жатқан, әжесiнiң езген құртынан кейiнгi қалған 
малтасындай, әр түрлi доп-домалағы, сүп-сүйiрi, жұп-жұмыры аралас 
тастарды сүйiр саусақтарымен сүзiп алады да «май жалатады». 
Бұл маңға бiрге оқитын ұл-қыздармен де талай рет келген-дi. Та-
лай-талай өзен жағалап жүгiргендерiнде олар да «май жалатып» тас 
лақтырып жарысатын. Сөйтiп, тастары қанша рет секiрсе, сонша рет 
«әйел аламын» деп мәз болғандарын естiген. Өткен жылы қаладан 
демалысқа келген әкпе-жездесiмен осы өзен жағасында қыдырғандары 
есiне түстi. Ана бiр кiшiсi тiптi қызық бала өзi. «Май жалатып», тас 
лақтырып тұрған әкесiне:»сенiң тасың бiрнеше рет секiрдi ғой, папа, 
мамамнан басқа тағы неше әйел аласың?« деген сәбилiк сұрағына бәрi 
де күлген едi. 
– Жоқ-а, сендер тұрғанда мамаңнан басқа маған ешкiмнiң керегi 
жоқ, – деп жауап берген әкесi. 
Сол бiр сәттер есiне түскен сайын ерiксiз бiр-ақ рет шолп ете қалған 
өз тасына қарап, өз тағдырын өзi жоритын: «мен де бiр-ақ рет күйеуге 
шығады екенмiн…, әрине, бiр-ақ рет сүйiп, үйлену қажет. Өмiрдiң та-
лабы, заңы сондай» деп едi ғой анасы. 
Биылғы оқу жылының аяқталуын, келер оқудың басталуын Айнаш 
дәл осылай асыға күткен жоқ едi. Өйткенi балаң көңiл, балауса шақ, 
жастық жалыны көңiлiн бейтарап қалдырмай алысқа шарқ ұрғызатын
әлдененi аңсайтын, армандайтын. Қиялы алысқа жетелеп, сан мәрте 
түн ұйқысынан оянып, немесе көз iлмей, таң атқызатын күндерi бола-
тын. Әйтеуiр, арманының ақ көгершiнi қалықтап ұшып, талай-талай 
асулардан асып, қиырларға кетiп, шартарапқа жетiп жататын. Алды-
мен махаббаттының кейiпкерiн, сонан соң бiр мамандық иесi болғысы 
келетiнiн, бiр үлкен қалада тұрып қызмет iстегiсi келетiнiн арман-
дайтын. Мазасыз жүрек алқынып, аптығып, сол бiр жақсылықтарға, 
асуларға тезiрек жеткiзгiсi келгендей жас жанға жай таптырмағанына 
көп болған. Тезiрек орталау мектептi бiтiрiп, шағын ауылдан шулы 
ортаға қарай кетiп қалғысы, сөйтiп көп арманының бiрiн орындағысы 
келетiн. Апа-жездесiнiң айтуынша биыл күз сол теңiз жағалауындағы 
ақ қаладан оқып, орта мектептi бiтiредi. Сөйтiп, әрi қарай жездесi 
оқуға түсiредi... Сонан соң, тағы да өмiр жалғасын табады, ал бұл-
армандарының келесi алынар биiктерiне қарай қадам басады… 
Тағдыры, тәлейi қалай екен?!


138
Клара Қабылғазина
Сарғая күткен күз де жақындады. Айнаш жездесi Тынышжанды 
күтiп, азын-аулақ киiм-кешектерiн жинап қойғалы қашан… қала жақ 
бағытына жүретiн қара жолға қарай-қарай кей кездерi көзi талады. 
Жеке машинамен келе ме, әлде автобуспен бе? Қызының мiнезiндегi 
өзгерiстердi балалыққа жорыған анасы оған аса мән бермеген едi. 
Тағат таусылып, үмiт үзiлер шақта әлдебiр арманның ақ сәулесi ме, 
сезiм бе, жақсылық нышаны ма жалт ете қалатыны бар емес пе? Бұған 
да сөйтiп, сәтi түсiп, жездесi Тынышжан келiп, өмiр күле қарады. Бiрер 
күн түнеп, асығыс екенiн, келген шаруасы Сайраштың тапсыруы бой-
ынша Айнашты алып кетпек екенiн айтып, жолға жиналды. Айнаштың 
қуанышында шек жоқ. Бiр қалыпты, мамыржай тiрлiгi өзгеретiн бол-
ды. Жаңа қала, жаңа орта, жаңа достар не керегi бар бәрi жаңаратынын 
ойласа шын мәнiнде қуанып, тiптi бiр бақытқа бөленетiн едi. 
Автобус терезесiнен телмiре қарап, жас қыздың көзi талып, жа-
нары шаршады. Шетi, шегi жоқ көкжиекке барып қана тiрелетiн сар 
даланың өңi өзгерсейшi… Әне бiр көрiнген белге барып, көкжиекке 
тас жолдың тұмсығы белгісіз арман қалаға тiрелгендей болады да, әрi 
қарай ұшы-қиыры жоқ дала тағы жалғасады. Ана бiр белден асқан соң 
жетiп қалармыз-ау деген үмiтi қайтадан алданады. Жеме-жемге кел-
генде жалт ете қалатын тұп-тура алдамшы жалған сияқты…
Түс ауғанша әлi селеулi даладан басқа ештеңе көре алмаған қыз 
жездесiнiң алақанына басын салып, ұйықтап кеттi. Ұйқысы әлдеқашан 
қанып, шаршағаны басылып қалған екен… Автобус әлi селкiлдетiп 
келедi… Неге екенiн өзi де бiлмедi, әйтеуiр ыстық, үлкен алақаннан ба-
сын көтергiсi келмедi. Бiр қолын қыз басына төсеп, екiншiсiмен кеуде 
тұсынан құшақтап отырған, өн бойын қыздырып бара жатқан қамқор, 
аялы ер адам қолының қасиетiн, махаббат деген сезiмнiң осылай пай-
да болатынын ол ұқпаған едi. Бiрақ, жанына жаққанын, тiптi кейiнгi 
кездерi де осы сәттi сағынатынын бiлмедi. 
Жаңа мектептiң Айнаш барған сынып балаларының бәрi бұған 
керемет көрiндi, бар жағынан. Бұйығы, жасқаншақ ауыл қызы қала 
оқушыларының арасында көп уақыт үйрене алмай жүрдi. Бiраз 
уақыттан кейiн өзiне достар тауып, пiкiрлес, мiнездерi ұқсас қыздармен 
тiл табысып кеттi. Айнаштың өзi айтқандай «жаңа өмiр» жалғасын тау-
ып, күндер зулап өтiп жатты. 
Қалашық балаларының, жастарының ұзақ қыс бойы барар жерлерi 
жасанды теңiз мұзына сырғанау. Үлкенi алтыдағы, кiшiсi екiдегi 
Тынышжанның екi баласының да теңiздiң дәл түбiнде тұрған соң ой-
ындары сол сырғанақ болатын. «Айнаш оқуынан әлi қайтпаған ба?» 


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет