Тіршілік
Жақындап келiп қалған емтихан да, ағайын-туыс та, ата-ана да,
құрбы-құрдас та естен шығып, тек кеш батып қас қарайғанын, сүйген
жанның келуiн ғана асыға күтетiн қыз өз iсiне, әрекетiне есеп берер
қалде емес… Бақыттан басы айналғандай… Қыздың толықсып, ақ
балтыры, бөксесi жұмырланып, жүзiне қан жүгiрiп, кеуде тұстары
оқшауланып, сүйiрлене түскенiн, көңiл күйi де өзгерiп бара жатқанын
егде тартқан, талай қыз көз сынынан өткен мұғалiм әйел байқаған едi.
Ол Айнашты сөзге тартқысы келiп, жақындауға сыңай танытып едi, қыз
iлтипат бiлдiрмедi, тiптi «шаруаңыз қанша?» дегендi айтпаса да көзiмен
бiлдiрдi. Сонымен жабулы қазан жабулы күйiнде қалып, оқу жылы
аяқталып, әр кiм өз тiрлiгiмен болып кеттi. Мектептi тәмамдағаны ту-
ралы құжаты қолында болғанымен оқуға баруға асыққан қыз жоқ, са-
насында тек iңкәрлiк, құштарлық, бақытты сезiндiретiн сәттi тағы бiр
көру, рахаттану.
– Айнаш-ау, мен сенi оқытамын деп әкелдiм ғой… қимылдап,
қағаздарыңды жөндеп, қалаға баруға дайындал.
– Жоқ, бармаймын.
– Бармағаны несi, үй-iшiңнiң алдында не айтамын?
– Ауылға барып, жағдайдың бәрiн айтып, мойнымызға алып, содан
соң әрi қарай бiрге өмiр сүремiз…
– Не айтып отырсың, жаным-ау?! Бұл болмайтын жағдай!… Оның
үстiне Сайраш та тәуiр болып қалды… Кеше дәрiгерi «жақында үйге
шығарамыз» дедi.
Соңғы сөз қыз жүрегiне пышақ қадалғандай әсер еттi, әпкесiнiң
бар екенiн ұмытып кетiптi-ау! Масқара! Ендi қайтпек? Шынымен,
қалаға қарай көзiн жоғалтуы керек екен… Тынышжанымды қалай,
қалай қиып кетемiн? Не iстеймiн? Қыз санасы сан-саққа жүгiрiп,
ойланып-толғанып «кету керек» деген шешiмге келдi. «Балдызымды
қалаға апарып оқуға түсiремiн» деген желеумен бiраз күнге демалыс
алып Тынышжан қалаға тартты. Барысымен пәтер жалдап, жылдық
ақысын төлеп, жұмысқа кiргiзбекке талпынды. Ондағы ойы… «оқуға
түсiргенмен арты не болады, әлiптiң артын бағайын», болды. Өткен күнi
төсекте жатып қыздың iшiнiң қатқылданып, жұмырланып, бұлтиып
қалғанын байқап:
– Айым, ештеңе мазаламай ма? Бiр жерiң ауырып жүрген жоқ па?
– деп сұраған едi.
Балалығы ма, әлде аңғалдығы ма қыз ешнәрсенiң мазаламайтынын
айтып, еркелей мойнына асылған. Бiрақ, Тынышжан өз ұрпағының
қыз құрсағында жатқанын сезiнiп, жоғының орны толатындай болып
144
Клара Қабылғазина
марқайғанымен, екеуiнiң ел бiлмейтiн жайларын ойлап, жүдеп қалды.
«Ол жайлы айтып, қыздың мазасын кетiрмейiн, кейiн өзi бiле жатар»-
деп жұмыс тауып, орналастырған соң үйiне қайтып кеттi. Жарты жаны
артында қалғандай, iшi-бауыры езiлiп, жүрек тұсы шым-шым сыздап,
артына қарай-қарай кете барды.
Ауылына келiсiмен ауруханаға соғып едi, Сайрашты ауруханадан
шығаратындықтарын, аяқ асты болған қайғыдан жүйкесiне қысым
түсiп пайда болған жүйке аурулары ғана тез емделетiнiн түсiндiрiп,
жас келiншектiң жылдам айыққанын, бiрақ әлi де күтiм керек екенiн
айтып, «миына қысым түсiрмей, бiраз күтiп бағыңыз», – деп дәрiгерлер
шығарып салды. Өзiнiң оңалғанын, ендi өмiрге сау адамдардай арала-
са алатынын тiптi қызметке шығуға да болатынын айтып Сайраш үйге
жеткенше мәз-мәйрам болды. Өз табалдырығынан аттап, шаңырағына
оралған әйел көңiлi алғашында балалары алдынан жүгiрiп шығатындай
алаңдап, көңiлi бұзылса да, өзiн-өзi ұстап «маған ренжуге болмайды,
өзiмдi-өзiм ұстауым керек», – деп табиғатында берiк, ұстамды, ақылды
болғандықтан да ақжарқын күйiне көштi. Алыс жолдан келгендей жа-
тын бөлмесiне кiрiп, залға енiп, әр затын сипап, сағына қарады. Бәрi
ыстық, бәрi сол күйi, бәрi иесiн асыға күтiп тұрғандай. Бiрақ, Айнаш-
ты сұрамағанына күйеуiнiң таң қалғанын байқамады. Жарына деген
сағынышын да жасыра алмады. Мойнына оралып, құшағына ене түстi.
Келiншек жанары тез арада өн-бойын шола қарап, тiптi iшкi сарай-
ын аралап кеткендей сезiнген Тынышжан абыржып қалды. Арадағы
бiр салқындық лебi сыз бергендей… Бойын жинап алған Сайраштың
денесi тiтiркенiп кеттi…
Жұдырықтай жүрегiн қақ бөлген жiгiт көңiлi күптi. Сана сан та-
рау. Әрi сағыныштан, әрi аяғы ауыр Айнаштың хал-жағдайын бiле
алмағандықтан туған алаңдаушылық соңғы күндерi үдейе түскен.
«Жұмыс бабымен жақында қалаға кетуiм мүмкiн» деп әйелiн құлағдар
етiп қойғанына да бiраз болған. Ұйқыдан да маза кеткен. Жанындағы
жарының да көңiлi де бұған олқы түсiп қалғандай… Түс көргiш те бо-
лып алды: Кеш қараңғылығы түсiп кеткен екен дейдi. Апалы-сiңiлiлi
екеуi өзен бойлап кетiп барады… Алдарындағы шыңырауды байқар
емес «Байқаңдар, құлайсыңдар, құз… !!!» деп жан-дәрмен айқайлайды
бұл. Оларға дауысы жетпей ме, әлде әңгiмемен аңғармай ма, әйтеуiр,
тура кетiп барады. Әне, жақындап қалды. Жанталасып қуып жеткенi
сол екен олар да шыңырауға түсiп кеттi. Әлдеқандай бiр күш бiтiп,
екеуiн екi қолымен ұстап қалды. Бiр кезде оң қолындағы Сайрашты
тартып шығарып алды, ал Айнаш түсiп кеттi ме, әлде аман қалды ма
145
Достарыңызбен бөлісу: |