Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет68/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
деген оймен жұмысынан ертерек қайтып, балаларын балабақшадан 
ала-мала асыға үйге кiрген Сайраш толып жатқан үй тiрлiктерiн бiтiрiп 
алмақшы болды. Балалары жас, әрi тете болғандықтан шаң-шұңдасып 
қала берген соң, далаға ойнауға жiбердi: «Сырғанаққа бармаңдар, 
шетi қатқанымен, тереңi қатқан жоқ. Қауiптi, үй маңында ойнаңдар», 
– деп шығарып салды. Нағыз ойын баласы үлкенi iнiсiн шанаға 
отырғызып «мықтап ұста, құлап қалма» деп ескерттi. «Мен қазiр қатты 
жүгiремiн» деп әрлi-берлi бiраз жүрдi де, қырбақ қарға көңiлi толмай
сырғанаққа қарай тартып отырды. Екпiнмен жүгiрiп келiп, шананың 
артына жармасса, лыпып тұрған шана табаны әжептәуiр жерге дейiн 
сырғиды. Ойын қызығына түскен бала қыңқылдай бастаған iнiсiнiң 
аузына емiзiгiн салып қойды да, әрi қарай ойнап кеттi. Әлi онша қата 
қоймаған жаққа қарай дендеп кеткенiн байқамаған олар екпiндеп 
жүгiрiп, сырғанақтың зырылына елiте түстi. Кенет балалардың салма-
ғына шыдамай шарт ойылған мұз ойығына сәбилер түстi де кеттi. 
Жағалауда жүрген балалардың бiр ересектеуi: – Батты, батты, ана-
лар суға батты, – деп айқайлап, одан ел жиылғанша әжептәуiр уақыт 
та өттi. Батқандарды судан шығарып алған уақытта серейiп, қимыл-
сыз қалған денелерден олардың о дүниелiк болғаны аңғарылып, 
адамдардың көздерiне жас толды. Кiшкентайының аузындағы емiзi-
гi мен қатып қалғанына қарағанда, қорқыныштан, өлiмнен бейхабар 
сәби жылап та үлгермеген. Ерiндерiн томпайтып, емiзiктi жұтына ем-
ген күйi көз жұмыпты. Үлкенiнiң шарасынан шыға қорыққан көздерi
судан жасқана, қорғанғандықтан ба толық жұмылмапты. Бейқам, пәк 
аңғырт күйi ұйықтап қана кеткендей сұлық, үнсiз, тыныссыз. Япыр-
май, мұндай да қатал, қатыгез тағдыр болады екен-ау! Ақыл-естерiн 
жинауға шамалары келмей, аңырап, ошарылып тұрған қауым етегiне 
сүрiне, жығыла жеткен Сайраш пен Тынышжанның дауыстарынан селт 
еткендей болды. Ес-түс жоқ, көзiнде тек үрей мен шарасыздық қана бар 
әке жансыз денелердiң әр қайсысын бiр көтерiп, сүйiп, «ояныңдаршы, 
ұйықтамаңдаршы, қатып қаласыңдар» деп, ессiздiктен жанталасып, 
жүгiрiп жүрген ананы ұстамақ, тоқтатпақ болып аузын ашқандай, бiрақ 
үнi шықпайды. Үнi қайда, неге даусы шықпайды, әлде ел естiмей ме? 
Әйтеуiр, әлдеқандай қуатты қолдардың, қатты дауыстардың әсерiмен 
машинаға мiнiп, Сайрашты да бiреулердiң көтермелеп әкелiп, жаны-
на отырғызғанын байқады. «Жедел жәрдем» аурухана алдына тоқтап, 
балаларды алып кеткен соң да, әлдеқандай үмiтпен, жауап күтiп екеуi 
ұзақ отырды. Есiк әр ашылған сайын жалтаңдай, армандай қарайды. 
Көршi-қолаң, қызметтес, таныстардың «ендi берiк болыңдар, балалар-


140
Клара Қабылғазина
ды өзi берген құдай өзi алды» деп естiрткенде барып Тынышжан өкiрiп 
жiбердi. Iштi буып, лықсып тұрған зар құса лақ етiп сыртқа шықты. 
Бiраз дауыс салған соң, бойы жеңiлдеп, ес жиғандай болды. Ал, Сай-
раш ұстап, демеген, басу айтқан жұртқа бой бермей балаларды алып 
кiрген есiкке қарай тұра-тұра жүгiрiп, өз шашын өзi жұлып, еркiнен 
тыс қуат-күш бiткендей жұлқынады. «Балаларым, қайда менiң бала-
ларым?» деп өзеурейдi. Еш нәрсенi тыңдар емес … Үйлерiне алып келе 
жатқан жолда да бiресе басын аямай ұрғылап, бiресе шығар есiкке 
ұмтылған келiншектiң ақылынан адасып қалғанын түсiнген адамдар 
оны жүйке ауруларын емдейтiн жерге апарап салды. Өйтпесе болмай-
тынын, оның бiрдеңеге ұшырап қалуының кәдiк екенi айқын едi. 
Бүкiл аймақты дүр сiлкiндiрген сол бiр оқиға болғалы де айлар өтiп, 
ел есiнен шыға бастағандай… «Балалы үй базар, баласыз үй қу ма-
зар» деп текке айтпаған-ау! Тек бауыр етi баласынан айырылған ата-
ана ғана бақытсыз, қайғылы, солар ғана мәңгi жоқтайды, солар ғана 
мәңгi iздейдi, мәңгi жылайды… Үй-iшiнiң еңсесi түсiп, тас қабырғалар 
да қайғыға батқандай… Бiр түрлi жабырқау, сүрең, сұрғылт… Иесiн 
жоқтағандай, жылылық iздегендей дүние-мүлiк те сазара қалған… 
Есiктен кiрген сәтте бойды дiр еткiзетiн сурет Айнаштың алдынан 
күнде шығады.. Сайраш ауруханада, Тынышжан күнi бойы жұмыспен 
алданып, кеш қайтады. Айнаштың өз тiрлiгi өзiмен. Оның жанына да 
батқан жағдай көп уақыт ұмытылмағанымен бәрi-бiр өзге қайғыдан 
сергiп, қуана бастаған болатын. Тек жездесiнің түнi бойы аунақшып, 
уҺiлеп, күрсiнiп, шығатыны қинайды бұны да… Барып, жанына жа-
тып қайғыдан ақ араласа бастаған шаштарын саусақтарымен сара-
лап, аққұба, әдемi жүзiн аймалап, жұбатқысы келедi. Бiрақ … олай 
болмайтынын бiледi… Сайраш анандай күйде жатқан уақытта бұл не 
iстегенi демей ме! Апасына не айтпақ? Әкпесi жазылып келген болса 
не iстемек. Әйтеуiр сан түрлi жауабы жоқ сұрақтар мазалап бұл да түн 
баласына көз iлмейтiн болды. 
Әне, тағы да олар ұйықтайтын бөлмедегi төсек сықырлап, оның 
тұрғаны, ас үйге кiргенi, шырпының жанғаны естiлдi. «Темекiнi түнде 
де тартатын болды-ау», – деп ойлап Айнаш та ерiксiз күрсiнiп қалды. 
Әлден уақыттан соң бұның бөлмесi алдынан өтiп, жатар орнына 
барғанына дейiн сезiп, бiлiп жатты қыз. «Жолай кiрсе екен, сен де оңып 
жүрген жоқсың-ау, Айнаш», – деп аймаласа екен« деген бiр тiлектi 
қалай тiлеп қалғанын байқамады. Сөйттi де, өз ойынан өзi шошып 
кетiп, құлақтарын жастықпен басқан күйi ұйықтауға тырысты. 


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет