133
Тіршілік
шағып алғандай, көздерiн бағжаң еткiзген Қатыш өршелене жөнелдi:
– Бiр тастанды, шiрiген жұмыртқаны бағып адам қылғаным аздай-
ақ ендi сенiң балаңды баққаным жетпеп едi. Қу ғана құдай, өзiңнiң
iшiңнен шықпаған соң, не қызық көрсетер дейсiң бұлар?..
Сөз тiзбегi тiзiлiп жалғасып жатыр. Айтбектiң көзi қарауытып,
басы айналып кеттi. Осы бiр сүйектен өтер сөздер жер өмiрiнен өтiп,
ызыңдап тұрып алғандай. Теңселiп тұрып қалған ол бiраздан соң ауыл
сыртындағы жазыққа шығып кеттi. Ағыл-тегiл жылап келедi. Осы
қысқа ғұмыр iшiнде көрген қызығы
мен қасiретiн сарапқа салып, егiлiп
келедi. Жұдырықтай жүрегiн бiреу сығымдап, езгiлеп жатқандай...
Ашық қара көк реңнен бiртiндеп ажыраған аспан қою қара түске
енiптi. Қарауытқан төбелер шөгiп жатқан ару ана секiлдi. Күнi бойғы ты-
нымсыз сабылыстан соң табиғат мүлгiп, сәл саябыр тауып жатқандай.
Бетiн қатайып қалған шалғынға төсеп жатқан Айтбек көкiрегiн кере
күрсiндi. Әлде оған солай көрiндi ме, жер-ана да терең күрсiнгендей...
Аунап түсiп аспанға, сан мың жымыңдаған жұлдыздарға қарады.
Көптен көрмегендей тесiле, емiрене қарады. Жусан мен ерменнiң
мұрынды жарған иiсi келедi. Бәрi-бәрi орынында. Дүние қаз-қалпында.
Осындай бейқам табиғат көрiнiсi кенет оның жүйкесiне тиiп, тағы да
арпалысқан, жөңкiлген ой легi лықсып келiп қалды.
Япыр-ай, қуанышы тiптi аз екен-ау! Шыр етiп дүниеге келгеннен
бастап сараптаса шын пейiлден сақылдап күлген күндерi саусақпен
санарлық екен... Жалт еткен үмiттiң нәзiк жiбiн жалғастырып, арман-
ды күндердiң ақ сағымын елестеткен осы Нәркес едi. «Тастанды, шiрiк
неме» деген сөздер тағы да желмен бiрге үзiк-үзiк келiп жатқандай...
Түн қараңғылығы қоюлана түстi.
Дененi тоңазытқандай салқын
жел соғып тұр. Ауылға қарай бет алған Айтбек, ұйқы құшағындағы
ауыл көшесiмен жайлап келiп, әкесi көзiнiң тiрiсiнде сатып алынған
шағындау үйдiң алдына келiп тоқтады. Әке босағасы кеудесінен итер-
гендей сезінді... Тағы да өткен өмiрдiң күңгiрт, сұрғылт суреттерi ойы-
на оралып, жайсыз сөздер жаралы жанын жей түстi. Алда да не аға-іні,
не апа-қарындас, сүйеу болар, арқа тiрер осы бiр түнектен алып шығар
ешкiм жоқ-ау деп егiлген Айтбек бiр сәт тiршiлiктен күдер үзiп кетiп
едi. Осындай бiр дәрменсiздiктi аңдып тұрғандай суық ойлар сумаңдай
кiрiп, тiршiлiктiң, өмiр сүру деген қасиеттi ұғымның жүгi
ауыр болса да
қасиеттi екенiн, тiршiлiктiң сәнiн келтiрер Нәркестер барын, ақ пейiлдi
адамдардың да көп екенiн ұмыттырып жiбергендей болды. Көзiнiң
алды мұнартып, суық ойдың шылауына, шайтанның азғыруына iлескен
Айтбек жүгiрiп қораға кiрдi. Қорада жатқан арқанды қайтып байлап,
134
Клара Қабылғазина
бұрышта тұрған ағаш келiнi қойып, оған қалай шыққанын да аңғара
алмай қалды. Бәрi де көздi ашып-жұмғанша өте шықты. Жас дене
созылып, жерге аз-ақ жетпей керiлiп барып тұрып қалды. Айтбектiң
төсекте жатқан-жатпағанымен шаруасы
болмаған Қатыш кемпiр таң
сәрiден тұрып, тысқа беттедi. Қораның есiгiн аша салып, ойбайлап
кейiн шегiндi:
– Ойбай, ойбай! Жарандар-ау, Айтбек өлiп қалыпты. Ендi не бол-
дым, құдай-ау!
Таңғы мамыражай тыныштықты, адамдардың тәттi ұйқысын, тұнып,
мүлгiп тұрған бейқам сәттi ащы айқай шайқап-шайқап жiбергендей
болды. Шырт ұйқыны шайдай ашқан осы бiр суық хабар елдi екi
аяғынан тiк тұрғызды. Өз көздерiне өздерi сенер емес. Шырқатып
ән салып, небiр көңiлдi көрiнiстiң ұйтқысы болып жүретiн Айтбек
өлдi дегенге сенгiлерi келмейтiн сияқты. Балғын өмiр балауса гүлдей
қиылып түсiптi. Тiстерiнiң арасында қалып кеткен ерiндерiнен шыққан
қан ұйып қалыпты. Бәрi де ендi кеш екендiгiн сезiнiп, төмен қарасты.
Аяушылықтың «әттеген-ай» дегiзген өкiнiштiң
жастары жерге тырс-
тырс тамды. Айтбек салған әндердi, оның әзiлдерiн, Нәркеспен ма-
хаббатын айтып ауыл жастары, жолдастары көпке дейiн оны ұмытпай
жүрдi. Жас өмiрдi аяп, бар қасiреттi бiреуге, немесе бар қуанышты
бiреуге үйiп-төгiп қоятын «әдiлетсiз құдайды» тiлдеп жатты бағзы
бiреулер. Бiрақ ешкiм де Қатыш кемпiрге аяушылық бiлдiрмедi. Ба-
лалар да, үлкендер де осы бiр әлсiз жiптiң әйтеуiр бiр үзiлерiн бiлген
тәрiздi. Ал, Шарипа болса құрсағынан шыққан тiршiлiк иесiнiң көзi
тiрiсiнде бiр келiп маңдайынан сипап көрмегенiне өкiндi. Айтбектiң
өлгенiн естiгенде жылап баруға ары жiбермесе де, iштегi шерiн бiр
тарқатуды ұйғарды. Бар өкiнiшiн, қайғы-шерiн қосып, сай-сүйектi
сырқыратып Айтбектi жоқтаған Шарипаның дауысы бүкiл ауылға
естiлiп жатты.
– Қайтсiн-ай, – деп көзiне жас алғандар да болды. – Тiрiсiнде бiр
келiп, балам едi деп аналық сезiмiн бiлдiрмеген соң несiне жылайды
екен?, – деп сөккендер де болды. Не айтылса да бұл тiршiлiктiң аясына
сыйып жатты.
1971 ж.