146
Клара Қабылғазина
– Тұрағыңды айтшы… Дәрiгер жiбертейiн…
Осы бiр әңгiме Айнаштың құлағында әлi күнге тұр. Айтқандай-ақ
сол күнi дәрiгер келген-тiн. Дәрiгерден соң көп ұзамай-ақ Ермектiң өзi
келдi. «Айнаштың басшысы едiм, жағдайын бiлуге келдiм», – десе үй
иесi қалбалақтап, бұған ескертпей кiргiзiп жiберiптi.
Жатқан жерiнен
атып тұрып, киiнбек болған қызға: «Жата бер, жата бер Айнашжан! Сен
ауырып қалған соң… Менiң де мазам болмай…», – дедi. «Қызық, неге
мазасы болмады екен? Әлде менi сүйе ме? Бұған дейiн де көз қарасын
өзi сезетiн. Ұзақ-ұзақ қарайтын, жұмыс жазып отырса, артынан келiп
иығына қолын салып, оқығандай болатын. Осының бәрi сүйетiндiгiнен
екен ғой» деген ойлар жалт етiп, өте шықты.
Ол еңкейiп, маңдайын ұстағандай болды… Әрi қарай ернiне төнген
еркек қызуына бiр сәт елiткендей болды ма, жоқ әлде басшының
мысы басты ма Айнаш қарсылық бiлдiрмедi. Қыз тарапынан «Кет әрi!»
болмаған соң талай-талай ләззатты басынан кешiрген еркек батылдық
көрсетiп жiбердi. Үлкен адамнан сескендi ме, әлде көптен берi еркек
құшағын көрмей сағынып қалды ма қыз да көне бердi. Мiне, содан
берi ыстық, тәттi түндер жалғасып кеттi. Бүгiн де Ермек Айнаш үйiнен
шығып қызметiне кеткен. Түнгi ұйқы шала болған соң, қыз бiраз
ұйықтап, асықпай, керiлiп-созылып жатқан едi…
Ермек осы өңiрде туып-өскен жiгiт болатын.
Шет жерде оқып
жүрiп, осы әйелi Иринаға үйленген едi. Есейiп қалған қызы бар. Жаста-
ры ұлғайған сайын екеуi бiр-бiрiмен тiл табысқанның орнына, кейiнгi
кездерi әйелiмен жиi-жиi ренжiседi. Майда-шүйде бiрдеңелерге бола
келiсе алмай жатады. Кейiнгi кездерi бұл ерегiстiң бiр себебi – Ермектiң
ауылдағы ата-анасын алып келуi. Өз жанын күткен, молшылықпен өмiр
сүрiп, өмiрдiң ләззатын көбiрек бағалайтын келiншек жұмысының
көбейiп, кемпiр мен шалдың масыл
болғандарына шыдай алмай
жүрген. Соның да әсерi болар бұрын да олқыланып жүрген көңiл одан
сайын қаязданып, ерiмен төсекте бастарының түйiспегенiне бiрталай
болған. Араларындағы дәнекер тек қыздары-Карина. Кейiнгi кездерi
қартайып, өздерiн өздерi күтуге шамалары келмей қалған соң, қарттар
қалаға баруға келiскен-дi. Әйтпесе, ауылдың шаңын да, түтiнiн де,
тiптi
итiн де қадiрлейтiн қариялар қала десе азар-безер болатын.
Ермектiң әкесi жасында қолынан өнерi тамған, зергер ұста болған.
Парасаты мол, ақылды адам да, ал, анасы керiсiнше берекесiздеу, не
болса соны сөйлей салатын адам болатын.. Бұл әйелдiң бiр ерекшелiгi
– бiр нәрсенiң шет жағасын естiсе болды, арғы жағын өзi жеткiзетiн.
Кейбiр өзi қатарлылар күлкi етiп, мысқылдап: «Кейiнгi уақытта көп