152
Клара Қабылғазина
бiледi. Қандай бiр iске ұмтылса да ұзақ,
ауыр жолдан өтiп, қиналған
сәтте iске асатыны да бар, iске аспай қалатыны тiптi жетерлiк. Соған
да шүкiршiлiк етедi. Қайырымды адамдардың да көмегiн көрдi. Осы
бiр жалғыз өзi тiршiлiктiң дауылына, желiне қарсы жүрiп келе жатқан
әйел затының өмiрiн мүлде жаңартып, жақсартып, өзгертiп жiберу, ал-
дымен
құдайдың, сонан соң билiктi, қалталы адамдардың қолында-ау!
Ақжан кейде армандап:»шiркiн, ана бiр бизнесмен жiгiттердiң бiрiнiң
көзi түссе бұған, немесе билiк басында жүргендердiң бiрi сөз салса»,
ойланбай-ақ шықпақшы болады. Бiрақ, арман бiр басқа да, құдайдың
пешенесiне жазғаны бiр басқа екенiн, Алланың алтын кiтабындағыдан
озу мүмкiн еместiгiн iштей сезiнедi де ерiксiз мойынсұнады.
Автобус аялдамасынан балалар үйiне дейiн бiраз жер. Ақжан бет
алған жерiне жеткенге дейiн құрсаған ойлар шырмауынан шыға ал-
мады. «Өмiрдiң маңызы,
мәнi көш соңына iлескен иттей, қарын
қамымен тiлi салақтап шаба беру ме? Ойдан, таланттан кем емес адам
да сол көште, бiр Алла добалап жарата салғандар да сол көште. Бiр
жақсылыққа жетсем деп тырбанып жүрiп анасы дүниеден қайтты,
әкесi болса шаршаған сыңайда, бүкшиген, жанары суалған, бұның
зейнетақысын талғажу еткен балаларын көрiп мұңаяды. Қоғам адамға
керек пе, әлде адам қоғамға керек пе? Қайсысының үлес салмағы
басым?! Өзiнiң жүрiсi де
мынау, iшсе тамаққа кисе киiмге жарымай
жүргенi… Не баспанасы да жоқ…»
Ұзын сонар ой тiзбегi бiрiнен соң бiрi келiп, әп-сәтте межелi жер-
ге келгенiн де байқамай қалыпты. Кiрген беттегi ұзын дәлiздiң iшi
қаракөлеңке. Қаншалықты балалар мекемесi болғанымен еңсенi
басқан зiл сезiледi. Түкпiрдегi кiшкентай бөлмеде қызметкер ретiнде
Пұсырман жалғыз өзi тұрады. Газет-журналдардың жаңа нөмiрлерiн
бiр құшақ етiп кiтапханадан алып келiп, қарап жатыр екен. Ақжанды
жақын бiр туысқаны табылғандай қарсы алды:
–
Ақжан тәте, сәлеметсiз бе? Денсаулығыңыз қалай? Қабағыңыз
жабығыңқы қой… Жәй ме?- деп абдырай сұрап жатыр.
– Жәй… ой дегенiң бiр теңiз, батасың да кетесiң…
– Малтып шықсаң тереңнен,
Арманыңа жетесiң…
– Япыр-ай, өзiңде ақындықтың да ұшқыны бар ма деймiн…
– Адамның ерекшелiгi – сезiмталдығында ғой…
– Сезiмсiз құр өткенiң,
Өмiрден бос кеткенiң, – деп тақпақтай бiр жағы әзiлдей берген
балаң жiгiт жауабына риза болған Ақжанның жүзiне күлкi үйiрiлдi.