Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет77/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
«Күтiмi жақсарды ма, әлде аурудан айығайын дедi ме кейiнгi 
уақытта Сапар да түлеп, түрленiп, ширығып қалғандай. Жүрiп, тұра 
бастады. Маржан да толысып кеткен бе, қалай?» – деп ойлап жүрген 
шеше көңiлiне еш жамандық кiрмеген едi. Кейiннен барып қызының 
аяғы ауыр екенiн бiлдi. Япырым-ай, тағдырдың тағы бiр тәлкегi мой-
нына құрығын салды ма, – деп шамырқанып, ашуға ерiк берген Ырыс 
қызын соққының астына алады:
– Айт қане, кiм ол оңбаған? Айт деймiн, айт!
Сазарған қыз жауап бермедi. «Ендi қайттiм, алдыртып тастай-
тын уақыттан да асып кетiптi. Кiмнен жүктi болғанын бiлсем, сотқа 
берсем де соған тигiзер едiм… Кiмге жабысады, беталбаты кiмнен 
көредi?» деп жүрген кезде уақыт зымырап, босанар күн жақындады. 
Ырыс алдынан тағы бiр соққының күтiп тұрғанын бейхабар болған. 
«Судмедэксперттiң» адамы баланың анализi арқылы Маржанның 
өз әкесiнен жүктi болғанын анықтап бередi. Сонымен, Сапар сотта-
лып кетедi. Ал, Ырыс Маржанның сәбиiн көзге түрткi болмасын деп 
ауруханаға қалдырыпты. Тiрi жетiмдердiң қатарына үлкендердiң 
ақылсыздығынан, парықсыз, пайымсыздығынан тағы бiр жетiмектiң 
қосылғаны ең өкiнiштiсi болды. 
Жүрек ауыртып, жан сыздатар мұндай оқиғадан сәл серпiлгендей 
болып едi Ақжан. Тағы бiр оқиға дүңк ете қалды. «Бiр шаңырақтың 
отағасы iшiп келiп, әйелiн ұрып өлтiрiп қояды. Шиеттей бала-шаға 
аңырап қалыпты. Әкелерiн түрмеге алып кеткен… Шаңырағы ортасы-
на түскен емей немене?!
Япыр-ай, елдiң пейiлi бұзылды ма, ниетi тарылды ма? Мұншама 
азғындауға не себеп? «Жаным арымның садағасы», – дейтiн халықтың 
ұрпағы емес пе едiк?!» «Өлiмнен ұят күштi» дегендi ту етiп ұстайтын 
ұлтты басқа халықтардан өзгешiлiгi ерекшеленiп тұратын дарын-
ды, парасатты нәсiл деп есептейтiн Ақжан жамандыққа қимайды. 
«Хан Абылайдың түсiндегiдей құрт-құмырсқаға айналып кеткеннен 
сақтасын… Азғындау уақытша қиындықтан туып жатқан жайлар бо-
лар… Бәрi де орынына келiп, ел еңсесi көтерiлер… Еш уайымы жоқ, 
қарыны тоқ, адам құны бәрiнен де қымбат бағаланатын мемлекеттер 
қатарынан әлi-ақ көрiнермiз» – деп ертеңге қашанда үмiтпен қарайтын 
ол айналасындағыларды да сендiре бiлетiн. 
Бұл елiнде болмаған соңғы жылдардың өзiнде адамдар да қатты 
өзгерген. Бәрiнiң еңсесiн езiп, жанарларын торлаған, адымдарын 
аштырмайтын, iстегендерi өнбейтiн, ешнәрсенiң қисыны келмейтiн
әйтеуiр, бiр қыспақтың барлығы байқалады. Әлде табиғат аурасы мен 


158
Клара Қабылғазина
адам аурасының теке тiресi ме екен?! Адам мен қоғамның қатынасы 
ажырап, ашыну пайда болған жерде адамдардың ниетi өзгередi. Ал, 
«ниет пен ынтымақтан кеткендердi құдай да апатын, ауырлығын 
жiберiп жазалайды» – деушi едi марқұм әкесi. Оған елдiң де көзi жетiп 
келедi. Ендi не iстеу керек? Ашынып, халықтың пиғылы өзгермес үшiн 
олардың тұрмыс-тiршiлiгi жөнделуi қажет. Оны кiм жөндейдi? Кiм-
кiмге қайыр жасайды? «Ойлай бiлетiн санаткерi бар халық бақытты», 
– деген ұлы орыс жазушысы Антон Чеховтың сөзiн оқып, жадында 
сақтап қалған едi. Басшылар, қоғамның тiзгiнiн ұстап отырғандардың 
терең ойлауға түсiнiктерi жетпеуi мүмкiн бе?! «Бас-басына би болғысы 
келетiндердiң» көбеюi де жақсылық емес-ау! Қолында дипломы бар 
мұның өзi жұмыссыз, елдiң бағалауынша»талантты журналист, проза-
ик»… Бiрлi жарым достары көмектесiп, әупiрiмдеп шығарған әңгiмелер 
жинағын өзiң сатып, баспаға ақшасын қайтар деп, қолтығына қысып 
жiберген… «Менiң жазғаным едi, ала қойыңызшы» деуге аузы да барар 
емес. Көркем шығарманы қойып, тамағына көк тиыны жоқтар бұның 
кiтабын қайтсын… Сонда бұл не тiршiлiк? Мақсат, мүдде не болғаны? 
Қарынның қамын ойлаудан аса алмаған ұрпақтан не күтпекпiз? Ин-
теллект, ой-өре тек қарын қамын ойлағандардан шыға ма? Осындай 
толып жатқан ой құрсауынан шыға алмаған күйi Ақжан қайтар жолға 
жиналды. 
Пойыздан түсiп, аялдамаға келгелi талай болды. Маршрутты ав-
тобус келмей, қымбат алатындары ағылып, бiрiнен кейiн бiрi бос 
тоқтауда. Әдемi, жас қызға жолаушы тасып, ақша тауып жүргендер 
терезелерiнен телмiре, сүзiле қарайды. Қалжыңдауға қабағы қатыңқы 
жас сұлуға батыңқырамай, қарай-қарай өтiп жатыр. 
Ақжан кеткен бiр айда ештеңе өзгермеген екен. «Келдiң бе, кеттiң 
бе? Кiмсiң, несiң?» деген ешкiм жоқ Баяғы ағылған, әлдеқайда асыққан, 
ерсiлi-қарсылы сабылған жұрт. Ағылған, көздiң жауын алатын шетел-
дiк машиналар, қарапайым тобыр, бiрi қабын, бiрi түйiншегiн көтерiп, 
әрлi-берлi сарсылып, бiрi жаяу, бiрi жол күтiп телмiредi. Сырты жыл-
тырап тұрғаны болмаса өзiнiң де осындай бейшаралық халде екенiн 
тағы да мойындады. Бiр жұмыс табылса… Орталық газетттiң бас-
шысы мығым денелi, қасқа бас жiгiтттiң ешкiмнiң талантына бас 
ұрмайтынын, тек сұрағанын берсең жұмысқа алатынын естiген. Оған 
берер қаржы қайда? Қайтар жолына там-тұмдап, жинап зорға жетiп, 
автобустың арзанын күтiп тұрғаны мынау. Бiрден-екiден сатып беруiн 
сұрап, кiтаптарын бiраз адамдарға қалдырып едi… Егер олар сатыл-
маса, тамағына, пәтерақысына қарыз сұрамақ... «Кому на Руси жить 


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет