Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет85/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
ӨМІР КҮНДЕЛІГІ
* Барыс жылының сәуір айында бұл дүниеге келіппін. Сәбилік, 
балалық шақтарымнан есімде ештеңе жоқ. Кейбіреулер: «үш-төрт 
жасымда сөйткенмін, бала кезімде бүйткенмін» деп жатады. Менің 
жадымда ештеңе қалмапты. 
* Ойын ойнайтын ойыншықтың қат кезі еді... Даладан сынып қалған 
ыдыс бөлшектерін алып келіп аяқ-табақ қып, таяқтан, батпақтан 
қуыршақ жасап ойнайтынбыз. 
* Әкем Семей қаласында зоотехникалық оқуда болды да, бірде мені 
өздерімен бірге алды. Кешке қарай анам Бибатия бір қолымнан, әкем 
Қабылғазы екінші қолымнан ұстап, Семейдің құмын кешіп келе жатқан 
қызыл арайлы іңір есімде қалып қойды. Сол күнгі бақыттылығымда 
шек жоқ еді... Әлі күнге еске түскен сайын балалық, бал дәуренге деген 
сағынышты сезінемін. Шамасы төрт-бестерде болуым керек. 
* Бірде ата-анам мені ауылда қалдырып, оқуларына өздері кетіп 
қалды. Қызыл шапақ бүкіл көкжиекке таралып, күннің сәулесі батуға 
жақындаған сәт еді. Үйдің іргесіне отырып алып, көкірегімді кернеген 
сағыныштың табын сезіндім бе, түсіндім бе, әйтеуір, солқылдап, ұзақ 
жыладым. 
* Ағам Кәрімхан (Кәкен дейтінбіз, Украинаның Тернополь деген 
қаласында тұрады, жеңгеміз Наташа, ұлты украин, Клара деген қызы, 
Сергей деген ұлы бар. Менің құрметіме қызын солай атапты.) мектепке 
барса, «мен де барамын» деп қалмай, қолыма Сталиннің томдарының 
бірін ұстап, ілесе біріншіге барыппын. Алғашқы ұстазым Аухади деген 
(аса бір парасатты, мол пейілді адам екенін кейіннен бағаладым) педа-
гог мектепке жасым толмай тұрса да «Әй, осы қыз жерде қалмайды
жақсы адам болады» деп қабылдапты. Нашар баға қойса-ақ жылап 
қоя бергесін, жыламасын деп жақсы баға қояды екен сонда. Қайран, 
ұлағатты ұстаздар-ай... Ал өмірде мүлде басқа, бәрі керісінше бо-
лып шықты. Егер өмір өзегіңнен тепсе, тағдыр тұзды тәлейін тарт-
са, басыңа бәле үйірілсе.... мынау жылаған екен деп сол ұстаздардай 
ешкім есіркемейді, ешкім маңдайыңнан сипамайды. Құдай ондайдың 
бетін ұрпақтарыңнан аулақ қылсын. Аухади ағаның үрім-бұтақтары 
қазір баршылық. Кейіннен Марзия-Ораз, Маурия-Керімбек, Күпән 


175
Тіршілік
әпке т.б. сол кісінің ұрпақтарымен араластым. Маурияның әпкесі Мар-
зия- нағыз қазақ әйелінің кемеңгер образын жасап отырған, ұлт ана-
сы болуға лайықты жан, медицина саласында еңбек еткен. Ері Орекең 
– Ораз Беденұлы медицина ғылымдарының докторы, «Алатау» атты 
ғажайып сауықтыру шипажайының бас дәрігері болды ұзақ жылдар, 
өзіне тартып ұлдары да осы сала ғалымдары болып шықты. Қызы да 
бір отбасының түтінін түтетіп отырған ана. 
* Айт күндері анам міндетті түрде үстіме жаңа көйлек кидіретін. 
Жоқшылықтың кете қоймаған кезі. Анам жылтырақ торғын де-
ген матадан етек көйлек тігіп берді (бүтін көйлекке мата болмаған-
ау). Соны киіп үлкен атамыз Рақыштың үйіне барып едім, жап-жаңа 
көйлектің етегін Жәміш апам сәл жыртып берді. Жыларман болдым. 
Сондай ырымның бар екенін кейіннен білдім. Рақыш ата, оның ұлы 
Тұрысбек және Көксеген ағалар ата-бабаларынан бері жылқы бағып 
келе жатқан жылқышылар әулеті. Небір марапаттарды алған адам-
дар. Бірде олардың үйіне бір журналист келіп, сұқбат алып отырыпты. 
Журналист балаларының атын сұраған сәтте, әр тұяқ малының атынан, 
түрінен жаңылмайтын Тұрысбек аға кіші сегізінші баласының атын 
ұмытып-ақ қалған ғой. «Әй, Шолми (жеңгеміздің аты) ана жалаңбұт 
жүргеннің аты кім еді-ей?» – депті. Қайран, табиғатынан адал, аңғал 
азаматтар-ай... 
* Орталықтан 7-8 шақырымдай жердегі фермаға әкем бастық 
болды да, сол жерге көшіп бардық. Мұндағы мектеп 4 жылдық. Со-
нан соң орталықтағы мектеп-интернатқа әкем орналастырды ағам 
Кәкен екеумізді. Оқып жүрдік. Мен 5-де, ағам 7-де. Екеуміздің ара-
мыз бір жарым-ақ жас, шешем «сені емшек сүтімен көтергенмен» 
деп отыратын. Ағамды жаңадан босанған кезі екен анамның, көрші 
ауылдан енесі (әжем Бапария) жаяулатып келіп, емізіп отырған, әлі 
қырқынан да шықпаған баланы жұлып алып кетіп қалады. Алғашқы 
бала ата-ененің баласы деген қағиданың барын білетін анам үндемей, 
емшегінен сүті саулап қала береді. Сол ағама әжем шешесін Бибатия, 
әкесін Қабылғазы дегізіп, аулақтатып өсірді. Орысша оқудың мықты 
боп тұрған кезі, орысша оқып, сол күйі армия қатарына алынып, орыс 
жеріне барып, орыстан әйел алып, алдымен Мәскеуде, кейін Батыс 
Украинада тұрып қалды. 
Сонымен интернатта неше түрлі бала бар. Неше түрлі мінез, неше 
түрлі тәрбие, әйтеуір мүлде басқа өмірге тап болдық. 9-10-сыныпта-
ау деймін, Қуаныш деген бала оқыды. Мені көрсетіп тұрып: «Мына 
қыз өскенде мен оны аламын», – дейді. Оны естіген ағам бойы да, 


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет