Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет93/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
БОТПА
«Ұялмайтын бетке шаршамайтын жақ береді» екен-ау құдай де-
ген... Япырым-ай, сол адамды көрген сайын таңырқаймын. Ол менің 
ауылымның кейіпкері. Аты-Ботпа. Атына заты сай, ботпа десе бот-
па. Орта жастағы әйел, толық денелі, келте мұрынды, шикіл сары, 
денесінен үнемі тердің ащы иісі мүңкіп тұрады, үйлі-жайлы, балалы-
шағалы... 
Ол әйелдің бір ерекшелігі – бір нәрсенің шет жағасын әйтеуір 
естісе болды, ары қарайғысын өзі біледі. Қиял дегенің керемет 
дамыған. Әттең, оқымай қалған, әйтпесе керемет фантастикалық 
шығармалардың авторы болары хақ. 
Өрістен күнде кеш қайтуды әдет етіп алған сиырына көрші жас 
келіншек ұрсып жүр:
– Күнде кеш келетінді қайдан шығардың? Қаңғып кетесің, іздеп таба 
алмаймын. Қай жаққа қашқансың, а?! – деген сөздерді дарбазаның 
сыртынан ести сала ертесіне Ботпа көрші кемпірге:
– Әй, әлгі мына жап-жас келіншектің күйеуі басқа әйелдерге барып 
қыдыратын көрінеді. «Қайда қаңғисың, күнде кеш келесің?» кеше ол 
ұрысып жатты күйеуіне.
– Қойшы, әй, бұл күнгі еркектердің кәрі- жасы бәрі бұзылып кет-
кен...
– Рас-ау, кеше ғана үйленбеп пе еді...
Қазіргі жастар туралы, ерлер жайлы тағы басқа көптеген нәрсенің 
басын шалған Ботпаның аузы тынар емес. Ендігі жерде халықаралық 
жағдайға көшіп, радиодан естігендерін, әлде біреудің аузынан есті-
гендері ме, қым-қуыт телесериалдардан көргендері бар сампылдап 
отыр:
– Кеше Әміриканың бір сәмолеті құлап, 1-2 мың адам өліпті...
– Қойшы-ей, соншама адам сиятын сәмолет бола ма?...
– Болады, болады. Оны айтасың әуелі ана Мәрсель қашып кетіпті 
бүкіл ақшаны алып...
– Оның кім еді тағы?...
– И-ии-и, қазір көрсетіп жатқан киноны айтам да...
– Ей, құдай-ай, тағы да біреу біреудің әйелін алып қашып кетті ме 


191
Тіршілік
десем...Сенің білмейтінің жоқ қой... Дарбазаның артында отырып-ақ, 
үйден шықпай-ақ бәрін біліп отырасың...
– Әлгі Оңқабайдың баласын іспід деген аурумен ауырады деп 
ауданға жатқызып қойыпты доғдырлар.
– О не тағы?
– Ол сондай жазылмайтын ауру екен... Денесі біртіндеп шіріп, бәрі 
құрып, өліп қалады екен... Қасында отырып сөйлессе де жұға беретін 
көрінеді.
Осы тұсқа келгенде манадан үндемей отырған отағасы шыдамады:
– Оттай береді екен ғой, не болса соны...
Ширек ғасырдан астам бірге өмір сүрген әйелінің аузына қақпақ 
бола алмасын білген соң шал жеңіліп қойған еді. Тек, тіпті шыдамағанда 
арындап, көбін өтірік айтып отырған әйеліне өстіп зекіп қалатын-ды. 
Ол да қалыспады:
– Оттамасаң, оттама!
Жасаңдығы бар, төрт жылдық білімі бар, орысшалап тіл сынды-
ратыны да әжептеуір... осындай өзінің артықшылықтарын шалынан 
жоғары қоятын да, десте бермейтін ол:
– Анау жатқан кәзиттен оқыдым, ал қайтесің? – деді.
Арабша ғана хат танитын шал тағы мүдіреді. Шынында да, кім 
біледі, аумалы-төкпелі заман ғой, солай болса болып жатқан шығар...
Үйінде ғана емес, тіпті анда-санда бара қалған қонақта отырып 
та Ботпа аузын тыймайды. Елдің бәрі оны ұйып тыңдап отырғандай 
көріне ме екен, әлде өзін ерекше білгіш санай ма екен, әйтеуір айна-
ласындағылар жақтырып, жақтырмай отыр ма, шаруасы шамалы. 
Шәйді ішіп те, әңгімені айтып та үлгереді. Жастар бұрыла беріп күліп 
жатады, кемпір-сампырлар еріндерін сылп еткізіп қояды. Ежелден осы 
ауылға келін болған әйелдің мінезі бұларға қанық.
Құдай тағала мінездің қыр-сырын үйлестіріп бере қояды. Өзінің 
салақтығы, олақтығы былай тұрсын еренсіз де еді. Жалқаулығы бір 
төбе болатын. Баласына тігіп берген жейдесінің бір жеңі бір жеңінен 
қысқалау болып жүре беретін. 
Сырын білмейтін құдалар ауылына бара жатқанда балалары:
– Құдай үшін аузыңды жауып, тып-тыныш отыршы, – дейтін.
– Бәлем, енді сендер мені сөйлетіп алыңдаршы, – деген бұл да.
«Үйренген ауыз жып еткенін қоя ма» дегендей барған соң шыдамы 
сәл уақытқа жеткен әйел ағыл-тегіл кетті дерсің. Тақырыптар бірінен 
кейін бірі кетіп жатыр. Тіпті тақырып түгесіліп жатса бірдеңе деп ау-
зын ашқанның сөзін қағып алып жалғастыра береді.


192
Клара Қабылғазина
– О-о-о, құдағи әңгімешіл екен... тағы да айтыңыз, – деп қояды 
құдалар жағы. Олар ілтипат білдіріп отырғанда бұл қайтсын, қырық 
түрлі мәселенің басын шалып естіген, көрген, білген, бұрынғы, қазіргі, 
болашақ дегендердің бәрінің басына су құйып шықты.
Шалы құрғыр тағы шыдамады. Әрі отырып, бері отырып, әрі 
қозғалақтады, жөтінкіріді. Ботпа қарар емес.
– Әй, сарнамай қоясың ба, түгі?
– Саған кім «сарнама» деді? Сен де сарна... Онысы несі ей?
Шынында шал сөйлесе кім ұстап отыр екен? Өзінің көп сөйлемейтін 
мінезін, бір сөйлесе нықтап бірақ айтатынын өзіне мін көретін шал 
тағы тұқырды.
Япырым-ай, адамға адвокаттық талант та керек екен-ау...


193
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет