Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет90/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
ма тұрмай, қара суды да бүкіл іш-бауырым аузымнан шыға жаздап 
құсамын. Көзім бақырайып, концлагерь тұтқыны сияқты әлсіреп, 
ешнәрсеге зауық жоқ, ынта жоқ бір бейбақ болдым да қалдым. Ел-
ден сұрастырсам, біреу қызында, біреу ұлында құсады екен, немесе 
аз уақыттан кейін қойып кетеді екен. Ал мен бейбақ ұл, қыз демей
ол байғұс бала өмірге келгенше қиналатынмын. Сөйтіп жүріп те бес 
құрсақ көтергенімді өзім іштей көзсіз ерлікке балаймын. Сондай бір 
сәтте ауруханадан бір-ақ шықтым. Келген- кеткен, хал-жағдай сұраған, 
не ішесің, не керек дейтін бір жан жоқ ерімнен басқа... Бір Аллаға сый-
ынып жатсам, Дәметкен келіпті. Көңілім көтеріліп қалды, сәбиге де, 
өзіме де талғажу керек, аурухананың нәрсіз тамағымен жатқанмын. 
Дәрі-дәрмектен кейін қиналыс сәл басылған. Дәметкеннің әкелген бір 
тоқашы мен бір бөтелке айранының дәмі әлі күнге есімде... Бабалары-
мыз сондай сәттің бәрін «аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кет-
пес» деген ғой... Сөйткен Дәметкен де, Мақұлбек те қазір бұл дүниеде 
жоқ... Арттарында ұрпақтары қалды. 
Ал, Бағдат пен Гүлниса да жақсы отбасы еді, екеуі де өмірден озды.. 
Жазымыш солай... Студенттік семьяның бірі солар. Қарын ашқан соң 
ба, әлде қыдырып барған түріміз бе білмеймін, әйтеуір алты-жеті 
адам Бағдаттардың жалдап тұрған күркесіне жетіп бардық. Гүлниса 
бір қойдың басын асқан екен және өң картоп пен пиязды майонезбен 
араластырып салат жасап қойыпты. Қамырын салғанша әлгі бастың 
бір құлағын Мақұлбек, тілін тағы біреу жеп қойыпты. Сонымен қалған 
«мүшелерін» басқаларымыз жеп, тақылдап қалдық. Қайран, жастық-
ай, десеңші... 
Абдулмен, Бекзаттармен, ауылдас студент жігіттермен қатынасым 
достық па, қыз-жігіттік пе екенін түсіне алмай жүргенде Асекеңнің 
тілінің ұзындығына оратыла қалдым-ау деймін. Әйтеуір, сонымен 
киноға да, маңайдағы тойға да барғыштап кеттім. Жаным жүдеу, ру-
хани жалғыздық сезініп, анамның қазасын бір сәтке де ұмыта алмай 
жүргенмін. «Өзіме өмірлік серік болатын, пана тұтатын адамымды 
таптым-ау деймін... «деген сырды Жұпарға айттым. Ол да қостады. Со-
нымен екінші курсты да бітірмей жатып Асекеңе күйеуге шыға салған 
ғой Клара деген қарағың... Әкеме де айтпаппын... Жөн-жоралғы да 
жасатпаппын... Қызықпын ба?! Топаспын ба?! Адам ұғып болмайтын 
халдемін. Сөйтіп, өзім билеп, өзім төстеп келін болдым да шықтым. 
Той болған күннің ертеңінде ғана ойландым. «Не істедім, бұным не, 
ел-жұрт, әке, бауыр, туғандар қайда?» – дегенді сонда ғана ойладым. 
Қаладан барған адамдардан менің күйеуге шығып кеткенімді естіп, 


185
Тіршілік
әкем үш күн жер бауырлап, жатып қалыпты. Қабырғасы қайысып, нәр 
сызбапты. Не деген қатыгезбін, әкем байғұсты қалай қинағанмын?! 
Бірақ, кейін күйеубаласын жақсы көріп кетті. Әкем әңгіме-дүкен 
құрғанды жақсы көретін, іштарта әңгімелесетін, майдандағы, өмірдегі 
әңгімелерін жырдай ғып айтатын. 
Тойға келгендер тарап, айдалада қалғандай құлазып тұрғанмын. 
«Сен неге тұрсың, жинаспайсың ба?» деген сөзбен бірге тиген шапалақ 
алғашқы жан жарасы екенін, тірлігімде әлі талай жан жарасынан ауы-
ратынымды білген жоқпын... Қызғаныш деген «науқасқа» шалдыққан 
адамның дауасын таба алмай қиналатынымды да білмедім... Толып 
жатқан тергеулердің, даттаулардың астында, бала-шағаға сездірмей, 
жетімсіз тірліктің құрсауында бір мұңайып, бір жасып өмір дегенің өте 
берді... 
Сонымен болар іс болды, бір іс тындырдық. «Ендігісін, бір Аллам 
ғана біледі» деп тартып кеттік... Отбасылық өмірдің қиыншылықтары 
басталды. Әкем маған ренжіп көмектесуін қойды. Тұрмысқа шыққан 
жерім тақыр кедей. Өзіміз студентпіз. Асекең біресе түнделетіп нан 
зауытта, біресе аула сыпырушы т. б. жұмыстарды істеп күн көре 
бастадық. Пәтерақы, жол ақы дегендерді бөліп қойып, қалғанын тамақ 
етеміз. Азын-аулақ стипендиямыз бар. Талай рет ішерге ас болмай, 
суық пәтерде (времянкасы біреудің) бүрісіп отырған күндер болды. 
«С любимым в шалаше рай» дейді ғой орыстар. Қалай дегенмен де 
шындықты «сананы тұрмыс билейді» деп Маркс айтқан екен, махаббат 
та сол тұрмыстың көлеңкесінде көлегейлене бастады. Бірақ, бәріне 
төздім, көндім, адалдықтан аттамадым, «сабыр түбі сары алтын» де-
гендей сол «атбасындай алтынды» күте бердім. Күндер өтіп жатты... 
«Жастық-ай» деп еске аламын. 
«Ермек деген дос жігіт үйленетін болды, соның «шашбауын көтеріп», 
келін апарамыз ауылға», – деп Асекең сабақтан шыға салысымен ала 
жөнелді. Таңерең орыннан тұра сала нәр сызбай, сабақтан кешікпейік 
деп шаба жөнелгеміз. Қыс мезгілі болатын. Отырған көлігіміз де ескі 
екен, әр жерінен жел гулеп тұрды. Барлық студенттерше жұқалтаң 
киінгенмін, әбден тоңғаным сонша, қол-аяғым қимылдамай қалды, 
әрі ашпын. Ермек пен Толқын (Толқын ол кезде ауыл шаруашылығы 
институтының студенті болатын, қазір егер біреу ұнамаса тілін қадап, 
түйреп-түйреп алатын юморист, кәдімгі «Тамашаның» ауылдағы 
кейіп кері, сары қарын бәйбіше) неке қию рәсімдерін өткізіп, ырду-
дырдумен «Ақшиге» келіп жеткенде менің еш күш-қуатым қалмаған 
болатын. Мұқаш деген досымыздың шешесі Мөржан апа мені көріп. 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет