Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет87/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
де «енді кездеспей-ақ қояйық» деп хат жібердім. Мен себебін айтпа-
дым, ол да сұрамады. Сонда бұл не сезім болды, соны өзім де әлі күнге 
ұқпаймын. Мектеп ішілік «рейтинг» жинау болды-ау деймін... 
* Кешке қарай аңсарымыз ауылдық клубқа ауады. Кино болады, 
сонан соң би ұйымдастырылады. Гармоншы жігіт гармонь ойнай-
ды немесе кей-кейде күйтабақ қойылады. Вальс, факстрот билейміз, 
твистің жаңадан шығып жатқан кезі. Соның өзі қандай керемет сәттер 
еді, шіркін! «Көрікті қыз» деген атым бар, көкірегім де біраз бар-ау. 
Айналадағы жігіттерді менсінбей жүрмін өзімше. Қайда екен алғашқы 
махаббаттың куәгері? Қаладан келген студент жігіттер би үйретеді, 
«твист» деген шығыпты деп көрсетеді. 
* Соңғы қоңырау болды. Кейбір қыздар көздеріне жас алды. Ал, 
мен әлдебір сағымды күндердің мені күтіп тұрғанын сезгендеймін. 
Әлденені аңсаймын. Небір әдемі сәттерді көз алдымда елестетіп, 
түнімен ұйықтай алмай жататынды шығардым. Белгісіз махаббатым-
ды көз алдыма әкелемін. Қызық-ай!
Мемлекеттік емтихандарымды аяқтап, аттестатымды алып, көкі-
рек тегі арман судай тасып, оқуға аттандық. Ауылдан Алтынай деген 
туы сымыз қызы Мәншүкті Алматыға апарады екен деп, солармен мені 
әкем ілестіріп жіберді. Дәрігер болуды жаным сүйеді, өзімді ақ халат 
киіп тұрған дәрігерге ұқсатып, неше түрлі армандардың жетегінде 
жүргенмін. Енді соңғы сабақтан 5 – алсам түсіп кетемін. Кенет... үйге 
қайттым. Анам қатты ауырыпты, Өскемендегі ауруханаға алып кетіпті. 
Аурудың беті жаман көрінеді. 
Ауылға қас қарая жеттім. Үйге келсем анамды облыс орталығына 
алып кетіпті. Бір жасқа толмаған сіңілім (қазір Алтай өңіріндегі 
Қатонқарағай аудандық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары) 
Гүлмираны әпкем Күләштің (әкемнің қарындасы) үйіне қалдырыпты. 
Жүгіріп соған бардым. Бет-ауызы қожалақ-қожалақ болып ұйықтап 
жатыр екен. Сәбилік бейқамдық, анасының төсінен, табиғи қорегінен 
неге ажырап қалғанын да түсінбейді. Көзіме жас келіп, көкірегіме өксік 
тығылды. Жүрегім әлдебір жамандықты сезгендей болды. 
* Ертеңіне облыс орталығына, анамды көрмекке жол тарттым. 
Ыңы ран ған автобус таусылып бермейтін қара жолмен тартып келеді. 
Ертеңгі 7-ден кешкі 5-6-ға дейінге созылған жол сапарым Семей 
медициналық институтының 5 курс студентімен танысудан бастал-
ды. Кетіп бара жатқан себебімді білген болашақ дәрігер көп әңгіме 
айтты. Студенттік шақтың қызықтарын да әңгімеледі. Сөйтіп ұзақ 
жолдың қалай қысқарғанын да байқамай қалдық. Соншама ашық, 


179
Тіршілік
жарқын әңгіме құрып, көп жағдайда пікірлес болдық. Жол айырылар-
да, қоштасарда бір-бірімізді қимай, көп уақыттан бері таныс, аралас 
адамдардай қиналып, біраз тұрдық. Сол сурет әлі күнге көз алды-
ма келеді. Қол жетпеген нәрсенің сөйтетіні бар ғой... Аты Қайыркен 
еді. «Бара салысымен хат жіберемін, сен де кешіктірмей жауап жаз» 
деді. Сонымен ғашықтықтың белгілерін басымнан өткергендеймін... 
Шынымен-ақ, оны аңсап, сағынатын дәрежеге жеттім. 
Анамның қасында біраз күн болдым. Аурудың азабы бидай өңін 
аппақ қып сорып жіберіпті. Әдемі өңі, толқынды қара шаштарының 
қобырап тұрғанының өзі сұлу көрінеді. Ауылдағы тігін цехын басқарды, 
сауда саласында қызмет атқарды. Қолынан шыққан нәрсенің бәрі 
жарқырап, жайнап тұратын ісмер, шебер, берекелі әйел еді. Ауыл 
адамдарының бірдеңесін тігіп бер, жөндеп бер дегендерінің бетін 
қайтармайтын. Тіккен бұйымдарын кейін өзі о дүниелік болып кеткен-
нен соң да туысқандардың үстінен көріп жүрдім. Анам басымнан ая-
лай сипалап, көзіне жас алды. Мені сағынған болар деп ойладым. Үйге 
қайттым. Көңілімде ешбір жаман ой болмады. 
Мәссаған! Дәрігер жігітті шынымен-ақ жақсы көріп қалыппын. 
Ұзақ жол үстінде бір минут та есімнен шықпады. Үйге келсем хаты 
менен бұрын жетіпті. Ол да маған деген сезімін жеткізіпті. «Күнім!», 
-деп басталыпты хаты. Сағынғанын, жолыққысы келетінін, мені қатты 
ұнатып қалғанын айтыпты. «Кеудемде бір өкініш пайда болды. Осыдан 
біраз бұрын, сәл ертерек неге жолықпадың екен, жаным?!» депті. Неге 
олай дегенін түсінбеген едім... 7-8 хаттан соң мүлде тиылып қалды. 
Жатақханаға жазған хаттарым өзіме қайта оралды. Ешқандай дерек 
жоқ. Кейін есейген уақытта оның өкінішін түсінгендей болдым. Азғана 
сапарлас болған жігітке ғашық болып, күлкіден, ұйқыдан айырылдым. 
Күнде үміттеніп, хат күтетін болдым. Уақыт жазбайтын жара жоқ, 5-6 
айдан кейін өз қалпыма қайтып келдім. Сөйтіп, тез жанған жалыным 
тез сөніп қалды. Сонымен, тұңғыш махаббат деген осы болса, оның да 
нүктесі де қойылды-ау деймін. 
Қош, алғашқы махаббат!
* Қазан айының сұрғылт күнінде, 30-жұлдызында анам өмірден 
озды. Бар-жоғы 37 жаста еді. 3 ұл, 2 қызды дүниеге әкеліп, солардың 
еш қызығын көрмей өмірден кете барды. Ағам армияда, мен 17-де, 
Мұрат 15-те, Төкен 10-да, Гүлмира бірге толмаған болатын. Соны-
мен, «шешесіз жетім шын жетім» дегендей, жетімшіліктің тауқыметі 
басталды. 


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет