Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет89/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
Туу, ана жақта біреу отырып тастаған ба? – деді екінші қабаттың 
терезесінен жерге қарап Әбілфайыз ағай... Бәріміз ду күлдік. 
Бәріміздің кеудеміз арманға толы, шетімізден «ақынбыз, жазушы-
мыз». Кейбір іш пыстыратын сабақтарда бір-бірімізбен жазба айтысқа 
көшеміз. Өмір шіркін, оның ішінде жастық, студенттік дәуреннің 
қызығы көп-ақ. 
Маған жатақхана берілмей, пәтерге тұруға тура келді. Ол кезде жалға 
берушілер басқа ұлттар да, жалға алушылар қазақтар. Сөйтіп «Стро-
ительная» көшесінен бір үйдің жазғы бөлмесін жалдап, жатақханадан 
орын ала алмаған Күләш Ахметова, Несіпкүл, Ізімкүл төртеуміз тұра 
бастадық. Оңтүстіктің осындай жаны жайсаң, өмірге бейім, берекелі 
қыздарына жолыққаныма да Аллаға ризашылық білдіремін. Өйткені, 
бір үйдің доп қуып, велосипед теуіп өскен шолжаң қызымын – не 
тамақ пісіре алмаймын, не адамдармен онша тіл табыса алмаймын. 
Адамдармен қарым-қатынас жасауды, қонақ күтуді, жігіттерге ілтипат 
жасауды т.б. толып жатқан қасиеттерді, қазақы әдеп-әдетті сол 
қыздардан үйрендім. Күләшқа Қайырбек келеді. (Қайырбек Асанов 
кейін Күләштің жан жары болды, ақын, журналист, қайраткер жігіт, өзі 
көрікті және...) Қайырбекке Тараздан келген сүріні былқытып асады 
Күлекең, сонан соң майысып отырып күтеді. Қалған үшеумізде жігіт 
жоқ. Сонан соң Күләштің әдемі жырларын тыңдаймыз. Ой, дәурен, 
асыл дәурен! Сол Күләш кейіннен тамаша ақын болды, Мемлекеттік 
Сыйлықтың лауреаты атанды. Сол Қайырбегі қасында қазір. Күләш 
ауруға ұшырап, жүре-тұра алмай қалғанында да, (дені сау, аяқ-қолы 
бүтін әйелдерін кейбір еркектер басқаларға айырбастап жатқанда), 
жастығы бірге өткен жарының қасынан табылған, соны күтіп-бағып 
отырған Қайрекеңе алғыс айтып қоямыз. Адам-адамшылығымен 
құнды ғой... 
Сондай адамшылықты ердің бірі – нағыз азамат, қамқор әке, адал 
жар, тамаша ғалым, білімді ұстаз – ол менің Кәкен Хамзайыш курста-
сым. Жарынан жастай айырылып қалса да әкелік парызын адал өтеп
екі қызды ешкімнің қолына жаутаңдатпай, өзі өсірді. 
Ата-анамның берген қазақы тәрбиесіне кейде көңілім толмай 
қалады. Көп жерде есемді жіберемін, айту керекті айта алмай, «ұят-ау, 
көңілі қалып қалады-ау т.б. «деген сөздерден аса алмайтыным, тым 
жасқаншақтық сияқты қасиеттерден көп зардап шектім. Сол ұят, сол 
иба, сол әдептен әлі күнге аттай алмай жүрмін. Орысшалау тәрбие 
де кей-кейде жақсы ма деп қалам... Алайда, сол қасиеттерім арқылы 


183
Тіршілік
қырық жылға жуық жұмыс істеген ұжымымда, шәкірттердің алдында, 
туған-туыстар арасында бетім жарық, арым таза. 
Абитуренттік күннен таныс болған, заңгерлікте оқитын Гүлжауһар 
Шәмшиевамен жақсы дос болып кеттік. Бөлмелес достарым- Жұмагүл 
Саухатова, Жұпар Қожақова, Гүлниса Әлімбаева деген қыздармен өмір 
өтіп жатты. Жұпар, Гүлниса, Теңлік, Жұмагүл және мен бір бөлмеде 
тұрдық. Теңлік тарих факультетінен. Ересек, бізге қарағанда салиқалы, 
салмақты бойжеткен біздерге күн көрсетпейтін болды. Аузына 
келгенін айтады. Бір күні тағы сондай сәттің бірінде Жұпар шыдамай 
Теңлікті ұрып жығып, төсегінің үстіне құлаған күйінде қылғындырып, 
төмпештеп жатыр. «Клара, сен есікті қарап тұр, біреу келіп қалмасын, 
мен мынаның сөзін не қойғызайын, не өлтіріп тындырайын» дейді. 
Бас жақтағы көлденең төсекте Гүлниса кітап оқып жатқан, сабаздығы 
сонша, айналасында түк болмағандай сол кітапты әрі қарай оқи берді. 
Мен Теңлік өліп қала ма деп зәрем қалмай, ажыратып жүрмін. Содан 
бәріміз сабаққа кеттік, кешке келсек Теңлік киім-кешегін алып пәтерге 
кетіп қалыпты. 
* Алғашқы курсты тәмәмдадық. «Барахолка» деген базар болады 
екен» дегенді естідік. «Блат» деген нәрсе болатын көрінеді, оған ақша 
береді екенсің, сонан соң қалағаныңды, тауып алады екенсің» деген 
әңгімелерді алғаш естіген кездеріміз. Ішіміздегі пысықтау Жұмагүл 
еді. Үлкен қызметтер атқарып, кейіннен денсулығына орай үйде отыр. 
Жолдасы Алдан Смайылов жазушы, халық таңдаған Парламент депу-
таты болды. Жүкеңнің және Светаның көмегі тиген еді жатақтан бөлме 
алуыма. 
Сол пысықтығымен көбімізге қол ұшын беріп жүретін еді Жұмагүл. 
«Алғашқы махаббаттар» пайда бола бастады. Ілияс деген жігіт 
Жұмагүлге сөз салды. Бірақ көп ішетін... Сонан соң Жұмагүл көрегендік 
танытып, Алданға мойын бұрды. Қазір керемет тамаша отбасы болып 
отыр, арамыз қызметтік дәрежеде алыстап кетті. 
* Мақұлбек пен Дәметкен, Бағдат пен Гүлниса сияқты жұптар 
шықты. Мақұлбек Жамбыл облыстық газетінің Бас редакторы бо-
лып, Дәметкен облыстық әйелдер қоғамында қызмет істеді. Әйтеуір, 
екеуінің бірге жасасып, жетістіктерге жетіп келе жатқандарын естіп, 
марқайып қалатынмын. Жастықтың, бақытты дәуреннің куәгерлері 
ғой... Куәсі демекші, үйленген соң, тек қана материалдық емес, ағза 
да биологиялық өзгерістерге түсіп, небір қиындықтар басталды да 
кетті. Жерік деген бәлені кім естіпті? Сол менің басыма үйіріліп, оның 
ішінде «итжерігіне» ұшырап, әбден қиналдым. Ішкен-жегенім бойы-


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет