Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет97/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Үшінші жазба
«Дүние дегенің көздің жауын алады», «алтын көрсе періште де жол-
дан таяды» дегендер негізсіз айтылмаған-ау, сірә! Содан кейін, біреу 
қымқырып жейді, есебін тапса, екі асайды. Адал малын, еңбегінің 
ақысын жеу бір басқа да, үкіметтің халықтың еншісін екілене, қарпыта, 
жеген сайын қомағайлана қылғыту дегенің тойымсыз, ашкөз пендеге 
әдеттегі нәрседей көрінер. «Судың да сұрауы бар» дегендей түбі оның 
бір сұрауы болар қақ. 
Бірақ, құдайекең, есеп-қисабын жасап, жауабын сұрағанша, қамтып 
қалу керек. Бұдан кейін мүмкіндік бола ма? Қолыңа қателесіп пе, әлде 
қателеспей ме құдай өзі берген екен, қымқыр, жымқыр, қамты, жұт, 
қылғыт. Балаңның баласына қалатындай етіп үй, төк. Мына өмірде 
көрмеген қызықтың, молшылықтың ана өмірде керегі қанша? Тозағы 


198
Клара Қабылғазина
не, жұмағы не өлгеннен кейін? Ол кездегі жауабын беріп алармын. 
Жер шарындағы жеті миллиардтан астам адамның құдай қайсы бірін 
бақылап отыр дейсің? Мүмкін шатастырып, мүмкін ұмытып қалар? 
Әй, мейлі, кейінгі дүние не десе де өзі білсін. Мына дүниедегі қысқа 
ғұмырда (70-75 жас деп жүр ғой) маңызды өткізгенге не жетсін. Жұрт 
кимегенді киіп, жұрт ішпегенді ішіп, өзгелерден артық көрінудің өзі 
ғанибет емес пе? Алла тағала, ішсін, жесін демесе, өзі құптамаса өзі 
неге береді мұндай кезді? 
Иә, пендеміз ақымақ емес, көрдіңіз бе қалай ой толғайтынын? 
Құдайға құлшылығын да ұмытқан емес. Сонда да өзінің ой толғамын 
өзі уәждей, құптайтын. Пенде – әйел затынан еді. Үлкен бір аймақтың 
сауда-саттық ісін басқарушы болатын. Қолынан небір керемет, небір 
қымбат, асыл деген дүниелер өтіп жатты. Көздің құрты түскен соң 
жемей, алмай тасымай тынбайды. Тасыды, үйді, жиған үстіне жыйды. 
Енді оның ақысын қайтып төлемек? Оның да амалын тапты. Бәленбай 
есе нарқына сатып беріп тұратын адам тапты, оның да қолын майлап 
қоятын. Сөйтіп ағылған үстіне ағыла берді табыс. Ол тасыған үстіне та-
сып, байый берді. Үйі қамбаға айналды. Сонда да тасуда шек болмады. 
Адамдардың бірнеше тобы болады. Бірі сәл байыса, барын көрсету 
үшін қонақ шақырып, кәде жасап, біраз пұлын шашып, мақтанып, 
терісіне сыйыңқырамай, тоқшылығын жария етуді жөн көрді. Енді бірі – 
көңіл тоқшылығынан гөрі көз тоқшылығына бой ұратын, жиған-терген 
байлығына сырт көз сұқтанбасыншы деп басы артық елдің келмеуін 
қалайтын. Көзі тояттап, өзімен-өзі мейірленіп, елден артықшылығын 
сезінеп, «аналарда бұның бірі де жоқ-ау» деп рахат сезімге бөленіп, 
қарын тоқтығы мен көңіл тояттығын тоғыстырып, ондай жиған тергені, 
жейтіні жоқ таныстарды, көрші-қолаң, туыстарды менсіңкіремей, 
өзінен төмен санап, жүрген жерінде асыл тастарын, байлығын ай-
тып лепіріп, өз артықшылығын білдіре сөйлейтіндер қатарынан еді 
біздің Пендеміз. Қолына құдайдың берген сәтін пайдаланып тасыды 
кеп, тасыды кеп. Ұқыптылықпен, аса ыждаһаттылықпен жинады. Уы-
сынан ештеңені шығарғысы келмеді. Тіпті туған-туыстарына да аса 
қимайтын. 
Бірде ол түс көріпті. Түсінде алып бір теңіздің жағасына салынған 
ғажайып бір үйде тұрады екен. «Бір жанға керектің бәрі бар» деген бұл 
жерде жай сөз болып қалған. Ағылған, төгілген молшылықтың ішінде 
тұрып, кәдімгі өңіндегідей рахаттанып, ләззат алып тұрғаны сол еді 
өркештенген дәу-дәу толқындар лықсып келіп, жаңағы көз тұндырған 
дүниені үй-мүлкімен теңізге қарай ағызып ала жөнелген. Тұншығып, 


199
Тіршілік
қақалған-шашалғанына қарамастан дүниенің әр қайсысын бір ұстап, 
алып қалуға қарекеттенгенінен ештеңе шығар емес. Әлден уақытта өз 
басын құтқарудың қамына кірісіп, жан-дәрмен дегенде жағаға қолы 
ілінді-ау. Көзін ашып алса, өзі қара терге малшынған, дүние мүлкі ор-
нында екен. 
Арада көп жылдар өтті. Қалтасы қалыңдап, байлығы арта түскен 
әйел заты «семіздікті қой ғана көтереді» дегендей қоңдылығы 
көбейген сайын көтере алмай қалды. Осылай өмір сүре берер ме еді, 
әлдеқандай бір сырқаттың қатты тигені сондай, бір жанынан береке 
қашып күн сайын әлсірей бастады. Қай жерде атақты, білікті дәрігер 
бар десе соның кез-келгеніне сый-сияпат жасап, мол қаражат шаша 
жүріп, емделді. Бірақ, дәру болмады дертке. Енді тәуіп, бақсы-балгер 
атаулыны түгендеп, ел аралады. Жиналған байлық суға езілген сабын-
дай азая берді. «Япырмай, шыбын жанға еш нәрсе сеп бола алмайды 
екен-ау» дегенде іш құса болып, шер қатты. Есіне баяғы бір көрген түсі 
жиі түсетін. 
Бұл күндері өздігінен жүре де, тұра да алмайтын сал ауру болғанына 
бір шама уақыт болды. Дәулет шайыла-шайыла сарқылды. Дүниенің 
өтпелі екеніне көзі жетіп, өкініш пен өксік көкірекке келген мезетте 
бәрі де кеш болды, кеш түсінді. 
Міне, өмір дегенің осылай ащы сабағын тәмәмдайды. Есігін ашып, 
хал-ақуалын сұрайтындар да сирек. «Адамның күні адаммен екен-ау, 
баяғыда қолында барда сол ағайындарды ішке тартса, мұндай бол-
мас еді-ау... Ендігі күн не болмақ?» деген ойлар санадан шықпайды. 
Шықты не, шықпады не... 
Тағдыр тәлкегі алдында адам дегенің ойыншық қана... 


200
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет