Клара Қабылғазина
«Түу, достарыммен өткiзген сол бiр күннiң айна-қатесiз, өңiндегiмдей
боп көрiнгенi–ай! Сiрә, оларды да сағынсам керек. Қайда екен осы
сәттер? Кейбiрi оқуға түсiп, кейбiрi жұмыста жүр ме екен... Күлсәндi
ойларына ала ма екен? Хаттар неге келмей қалды? Тұңғиық қараңғыға
батып кеткенi несi екен, ә?» – деп түсiне жорамал жасап, тәттi арма-
нын есiне алып, ұзақ жатқан Күлсәннiң кiрпiктерi айқасып, көздерiне
ұйқы ұялады. Ойына әкесi түстi. Көршi ауылдағы нағашыларына барып
қайтам деген ол кеше келмекшi едi, әлi жоқ. Неге кешiктi екен? Бiздi
ұмытып кеткенi ме, – деп қамығып, әкесiне ренжiген күйi жанында
қоянның көжегiндей ғана боп, бүрiсiп ұйықтап жатқан Бәкенге, том-
пиып қана мұрыны пысылдап, еш нәрседен алаңсыз жатқан Гүлнәрға
қарады. Күнi бойғы салпаңдаған жүрiстен соң, өзi де шаршап қалыпты,
аздан соң ұйқы құшағына ендi.
Дүрсiлдеп қағылған есiк дыбысынан қыз ұйқысы шайдай ашылды.
Үй iшi жарық болып қалған екен. Дабыр-дұбыр естiледi. Не болып
қалды деп жүгiрген бойда есiк ашты. Көңiлдене күлген әкесi есiктен
iшке кiре бердi. Ана қазасынан кейiн ол кiсiнiң күлкiсiн көрмеп едi.
Бала көңiлiн қуаныш кернеп, әке мойнына асыла кеттi. Артынша-ақ
бiрнеше адам үйге дабырлай кiрдi. Нағашы тәтесі, бейтаныс бiр әйел,
қартаңдау екi ер адам…
– Қонақтарға шай қамда, күнiм, – деген өзiне әрi таныс, әрi жылы
үнi естiлдi әкесінің. Күлсән ас үйге беттедi. Мезгiлсiз уақ бұл не қылған
адамдар екен?!
Қонақтар ас-суын iшiп, дастархан жиналғанша күн де арқан бойы
көтерiлiп қалды. Сәлден соң олар қайтуға айналды. Кетер алдында
нағашы тәтесі бейтаныс әйелге: «Құдай қадамыңды құтты қылсын,
қарағым! Мына жетiмектерге көз қырыңды сала жүр, әйтеуiр» деп да-
уысы дiрiлдей түсiп, бұрылып кеттi. Балғын жүрек тағы да дiр еттi…
Үйге жаңа адам қосылғалы жағдай да өзгерiп сала бердi. Шаруа-
шы лықтың бар тауқыметiн қолына алған өгей шеше өз еркiнше би-
леп, төстеп алды. Түнерген, қайғы меңдеген әке қабағы да ашылды.
Тек қана Күлсән осы үйде өзiн-өзi артық көре бастады. Тiптi мұнда
уақытша келген тәрiзденедi. Басқа бiр жерде анасы күтiп отырғандай
сезiнедi де жүредi. Басыңда бөтен адамды тосырқаған Бәкен де қазiр
ойынмен әуре. Кiшкентай Гүлнәр қанаттарын далбаң-далбаң еткiзiп,
ұшуға талпынған балапан тәрiздi ұмтылып, мағынасыз күлiп, өзiмен-
өзi отыр. Кеше ғана анасы ұстаған ыдыс-аяқ, дүние-мүлiкке бөгде
бiреудiң үстемдiк етуiн ойласа, жас жүрегi ана қолын iздеп, езiле
қамығады. Тiптi, iштей қызғанады да.
203
Тіршілік
Әдеттегiдей түскi тамаққа үйге оралған Күлсән үй-iшiнiң өзгерiсiн
бiрден байқады. ЖиҺаздардың орындары ауыстырылыпты. Мәссаған!
Диванның тұсында әкесi мен анасының суреттерi қатар iлiнiп тұрушы
едi, ендi ол алынып, әке суретiнiң қатарына өгей шеше бейнесi iлiнiптi.
Жүрек соғысы жиiлеп, iшiн тiлгiлеген ойлар арпалысып кеттi. Көзi
жасқа толып, сыртқа шыға жөнелдi. Күнi бойы дел-сал күйде жүрдi де
қойды. Кешкiлiк шаршап келдiм деген сылтаумен жатып қалды. Көптен
берi ойланып жүрген байламының шешуiне бұл жай түрткi болғандай
болды. Қалаға барып, оқуға түссем деген ой мазалап жүретiн едi.
Бұл ойын әкесi де құп алды. Ауылынан алысқа қадам басып шығып
көрмеген ұяң қыз үшiн бұл сапардың толғанысы да, қорқынышы да
қат-қабат келдi. Түнiмен көз iлмедi. Автобус ауылдың шетiне шығып,
үлкен тас жолға бет алғанда артына қараған Күлсәннiң iшiн ащы бiр
өкiнiш жайлап, көкiрегiнен әлдебiреу жүрегін суырып алып бара
жатқандай, iшi-бауыры елжiреп, езiлiп кеттi.
Қош, туған жер! Қанатыңның астынан бiр балапаның ұшып шықты.
Арман қуып, алысқа сапар шектi. Қош, сөкпегiн, жер-ана! Жер ба-
сып жүрсем әлi талай шалғыныңда аунармын. Әлi талай алдыңа келiп
бас иiп, анашымның төсiндей жұмсақ майда топырағыңа бетiмдi ба-
сып жатармын… Қош, қос балдырған! Қарамай кеттi демеңдер, қос
қарлығашым! Әлi-ақ қанаттанып ұшарсыңдар. Тек ғұмырлы болыңдар,
әйтеуiр...
Қош, анашым! Топырағың торқа болсын! Әсте көзiңнен таса қыл-
май тын қызың шалғайға кетiп барады. Сенiң «құлыным» деп маң-
дайым нан сипаған аялы алақаныңның орнына енді терезеден соққан
самал жел өпкендей…
Қимастық па, сағыныш па, әлде толғаныс па әйтеуiр, ыстық бiр
сезiмнiң куәсiндей төгілген жас моншақтары бiрiн бiрi қуалай там-
шыларға айналып жатты…
204
Клара Қабылғазина
Достарыңызбен бөлісу: |