Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет107/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Тіршілік
бала атанған. Людовик ХІV өте өзімшіл болған, «мемлекет деген мен», 
«менен кейін әлемді мейлі, топан су бассын» дейді екен. Петр I пат-
ша Петергоф сарайын осы Версальдың үлгісі бойынша салғызыпты. 
Алып аумақты алып жатқан сарай шындығында күн-корольдің та-
лап еткеніндей шаңқайған күн астында тұр, Версаль бағында да биік 
ағаштар жоқ. Бұл жерді жүз жылдай король ұрпақтары мекендеген. 
Королева Мария Тереза 16 баланы дүниеге әкелген екен. Ол 23 жасы-
нан ел басқарған, императрица Екатеринамен дос болған. Осы сарай-
ды салуға кеткен қаржының есебі осы күнге дейін сақталуда көрінеді. 
25 725 836 ливр (1 ливр 409 г күміске тең) 10500 т күміс екен. 1кг 
күміс 250 евро деп шамаланғанда 37 млд евро кеткен көрінеді. Ал 
қазіргі сомаға шаққанда 259, 56 млд евро болыпты. Бүкіл шығын 50 
жылға бөлініп, 1710 ж. құрылыс аяқталыпты. Екінші дүние жүзілік 
соғыстан кейін неміс-француз келісіміне де Версаль сарайында қол 
қойылған. 
Париж дегенде Лувр алдымен ойға оралады. Король семьясы 
Версальға көшкеннен кейін бұл ғимарат өнер сарайы бола бастайды. 
1793 ж. музей болып ашылады. Оның коллекцияларының көбеюіне 
Напо 
леон-І қолбасшы мол үлес қосады, әр жеңіп алған жеріндегі 
ұлтқа көркем шығарма түрінде салық салған екен. XV-XVI ғ. Француз 
корольдері Италияны жаулағанда антикалық мүсіндерді, т. б. көркем 
өнер туындыларын бүлдірмей, еліне алып кетіп отырған. Король Карл 
VІІІ 1494 ж. Флоренцияны жаулап алғанда құнды туындылармен 
қатар мақтаулы деген суретші, мүсіншілерді Францияға көшірген. 
Солардың ішінде корольдің шақыруымен 1517-1519 ж. Леонардо да 
Винчи де келген. Луврдағы оның атақты шығармасы «Моно Лизаның» 
төл нұсқасының болуы да осыған дәлел. Бірнеше кварталға созылып 
жатқан алып ғимарат Луврдың туындыларын аралап көріп шығу үшін 
1 апта уақыт қажет шығар. Арманымыз Мона Лизаның түп нұсқасын 
көру болғандықтан мәреге жеттік. Түп нұсқа бірнеше қатар 
қоршаулармен қоршалған. Дәл түбіне жақындау мүмкін емес. Әлемнің 
әр түпкірінен келгендер қаптап тұр. Суретке, камераға түсіріп жатқан 
жұрт. Әлдебір энергетикалық құбылысқа, күшке толы Джаконданың 
сиқырлы көзіне біз де қарадық. Сонымен бірге тамаша әсер қалдырған 
1899-1905 ж. өмір сүрген Камилла Клодельдің «Толысқан жас» (Зре-
лый возраст), Гюстав Курбенің (1866 ж.) «Әлемнің пайда болуы» (Про-
исхождение мира) т. б. еңбектер болды. 
Францияның ЖОО-десе алдымен Сорбонна университеттер жүйесі 
еске түседі. 1257 ж. теолог ғалым Франция королі Людовик ІХ-дың 


222
Клара Қабылғазина
рухани жетекшісі болған Роберт де Сорбон негізін салған оқу орны 
алғашында кедей балаларына арналған колледж болған. Бір кезде 
4 факультетте оқитын 16 студенттен бастаған оқу орнының қазірде 
құрамында 13 университет бар. 17 факультетте 23000 шәкірт оқиды. 
Онда Оноре де Бальзак, Николай Гумилев, Пьер Кюри, Марина Цве-
таева сияқты т. б. әлемге әйгілі адамдар оқыған. Мұндағы оқуды 
мемлекет қаржысы қамтамасыз етеді. Оқу орындары жайлы сөз 
болған соң еске түсіп отыр, Швейцарияда әдепті, мәдениетті, білімді, 
көргенді, сыпайы қыздар мектебі осы күнге дейін бар. Диана ханшай-
ым, герцогиня Корнуоля т. б. оқыған мектептер әлі күнге дейін зиялы 
қыздарды тәрбиелеп келеді. Берндағы политехникалық университет-
те әлемге танымал ғалым Альберт Эйнштейннің оқығанын, осы оқу 
орнының қабырғасынан шыққан жиырмадан астам ғалымдар Нобель 
сыйлығының лауреаттары болғаны үлкен ұлттық мақтаныш екенін сол 
мемлекетте болғанда естіген едік. Міне, ғылымның дамуы деген осы 
болса керек!
Орыстың тамаша ақыны ақын Анна Ахматованың сыртқы келбеті 
көптеген суретшілерді қызықтырған екен. Солардың бірі Модильяни-
мен А. Ахматова 1910 ж. Парижде танысқан. Араларында ғашықтық 
роман болып, сол мүсінші салған, ақынның ойланып отырған тамаша 
бейнесі Сорбоннаға жақын жерде орнатылған. Тағы бір есте қалар 
орындардың бірі Пантеон яғни, «барлық қасиеттілер храмы». Мұнда 
кіре берісте «Ұлы адамдарға Отаны риза» деп жазылған. Онда Вольтер, 
Гюго, Золл, Пьер және Мария Кюрилер т. б. ұлылар жерленген. 
Еуропа елдерін аралаған кезде есте қалған бір жай – олардың та-
рихи мұраларды бағалап, сақтай білуі болды. Әрине, айта жүрер, үлгі 
етер дүниелер, сәттер аз емес. Жазу, сызуы ерте қалыптасқан ежелгі ел 
болғандықтан да болар мұндай тарихи жәдігерлердің көп болуы. Де-
генмен есте қалар, жадыңда ұстар жайлардың бәрін сипаттау мүмкін 
еместігіне көнуге тура келеді. Армандағы ақ қала Париждің бейнесі 
сол мемлекеттің айнасы тәрізді. 


223
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет