Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет109/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

АЛҒАШҚЫ ТАМШЫ
 
(эссе)
Сонау қарашаны қарға бөктiрiп, күздiң қара суығын азынаған ақ 
боранға айналдырған биылғы қыс табиғатты тұмшалап алып, еңсе 
көтертпегелi бiраз болған. Жазда жыршы құстардың базарына айнала-
тын алма бағының арасында қар мен екпiндi желдiң шиырынан басқа 
iз жоқ. Өзге қанаттылар жылы өлкеге кеткенде де, ыстық-суықта сыр 
бермей, осында қалған суық торғайлар да бұйығы, момақан қалыпқа 
көшiп, бүрсеңдеп, пiшендiк пен қора маңынан шықпай кiбiртiктеп 
жүргелi қашан... Қайда қарасаң да қыс ызғарынан мезi болған құстар-
ды көресiң. Күн қабағы жылт етсе, қарқылдап, даңғаза ойынын бас-
тайтын қарғалардың да биылғы қыста сыбысы бiлiнбей кеткен бола-
тын. 
Бүгiн шығыстан екi апта бойы екiлене соққан желдің екпiнi ба-
сылып, ептеп жылылық бiлiнгендей күн көзi жылт еттi. Ол мына көз 
қарықтыратын ақшаңқан даланы бұрынғыдан да жарқыратып, жан-
дандырып жiбергендей. Ең алдымен бұл құбылысты осы өлкенiң 
кiшкентай тұрғындары – суық торғайлар сезiніп, пiшен ығынан, қора 
қуысынан шығып, бұтаға қонақтап, сiлкiнiсiп-сiлкiнiсiп алды. 
Күн көзi шарықтай көтерiлген кезде торғайлар тiптi көңiлденiп 
кеттi. Қыза-қыза бiрiн-бiрi тыңдамастан тiршiлiк тiрегi – күнге де-
ген пәк көңiлдерi мен алғыстарын бiлдiруге кiрiскендей мәре-сәре. 
Ұзақ қыста үстi-үстiне жауып, шатырды қайыстырып жiберген қалың 
қардың өңi жiпсiп, күн нұрына маужырап, балқи бастаған сыңай та-
нытты. Көп ұзамай үй кенересiндегi қардан қуаныш жасына ұқсас, 
мөп-мөлдiр жалғыз тамшы шолп етiп үзiлiп түстi. Бұл сәттi аңдып, 
байқап отырғандай-ақ бұта басындағы кiшкентай құс базары қыза 
түстi. Торғайлар тобына әлдеқайдан, өткен жылы үйiрiне ерiп кетуге 
үлгермей, осы өлкеге қыстап қалған қос көк кептер келiп қосылды. 
Күн нұрына арқасын тосып, алғашқы тамшының таму сәтiн қуана 
тамашалауға әдейi келген қонақтардай отырыстары оқшау, маңғаз. 
Ара-кiдiк сiлкiнiп, таранып қояды. 
Көптен берi көрiнбеген күн көзi де ақша қар тұмшалаған жер 
бетiне елжiрей назар тастады. Осы сәтте манағы жалғыз тамшының 


227
Тіршілік
жалғастары әр жерден жылт еткен қуаныштай шолп-шолп үзiлiп 
түсе бастады, бiраздан соң бiрқалыпты ырғақпен тартылған жан 
балқытар күйдiң толқынына айналды. Бұған торғайлардың нәзiк 
шиқылы қосылып, наз бен махаббатқа, гүлге, сезiмге толы көктем 
симфонияның кiрiспе бөлiмiн бастай жөнелгендей болды. 
Бас-аяғы бiр сағаттай ғана уақытқа созылған осы сәт табиғатты 
қысқы ұйқысынан оятып, көктемнен қуанышты хабар әкелiп үлгердi. 
Ағаш бұтақтарына, шатыр кенерелерiне сүйрiктей әдемi, аспандай 
көгiлдiр сүңгiлер байланды. Сол мезет көңiлге, алғашқы тамшыдай 
шолп етiп, көктем лебi тамып түскендей болды. 


228
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет