АРМАНДАҒЫ АҚ ҚАЛА
Адамның арманы таусылмайды ғой... Ел аралап, жер көріп, әлемдік
маңызы бар орындарды көрсем деген бір ішкі ойдың жүзеге асқан күні
туып, ақ қала Парижге табан тіредік. Ақ қала деген теңеу Францияның
астанасындағы ең биік ғимарат Мон Парнастың үстіне шыққанда ойға
келді. 59 қабаттан тұратын бизнес орталығы үстінен, құс ұшатын
биіктен бүкіл қала көрінеді, тіпті Эйфель мұнарасының өзі алақанда
тұрғандай. Туристерге арналған 56-қабатқа, 200 м. биіктікке аса
жүрдек лифт 38-40 секундта алып шығады екен. Ал 59-қабат вер-
толет қонуға лайықталған. Алақандағыдай болып көрініп жатқан
Париждің ғимараттарының көбі ақ түсті болғандықтан ақ қала болып
әсер қалдырады. Ақ қаланың аты әлемге тараған атақты жерлерін
көруді мақсат тұттық. Әрине, Эйфель мұнарасы алдымен көз тарта-
ды. Мұнара негізінде телерадио хабарларын трансляциялауға және
метеоқызмет атқаруға арналған. Биік мұнара сонысымен қатар ту-
ристер келетін орынға да айналдырылған. Мұнда бір жылда 6 млн.
адамға дейін келетін көрінеді. Қоңырқай темірден құралған мұнара
күндіз аса көз тартпайды. Бүкіл туристердің күтетін сәті сол мұнара
шамдарының жағылар кезі. Жаңағы қоңырқай темір жалт-жұлт еткен
оттарға айналады. «Кешкі Сена серуені» аталатын бағытпен корабльде
жүзгелі тұрған жүздеген халық дүркірей қол шапалақтады. Бірі сурет-
ке, бірі камераға түсіріп, сол бір жарқын сәтті есте сақтауға тырысуда.
Француздар өздері оны «алмаз мұнара» дейді. Кешкі Парижді тамаша-
лаушыларды серуендедетін кеме Джо Дассеннің әнімен қарсы алды.
Жағалауда Сорбоннаның студенттері қол бұлғап, қонақтарға қошемет
көрсетуде.
Европада орта ғасырлық ірі қалалардың бәрінде храмдар салын-
ғаны мәлім. Сондай ірі ғимараттардың бірі – Нотр Дам (Notre Damede
Paris). Орысша – «Собор Парижской богоматери» деп аталады.
ХІІ ғ. бастап салынып, құрылысы 170 жылға созылған. 1831 ж. Вик-
тор Гюгоның «Собор Парижской богоматери» деген романы жарыққа
шыққан соң ғана үкімет тарапынан көңіл бөлініп, готикалық стилі
сақталып, қайта жөнделген. Дева Марияның (Парижская Богома-
терь) және қасиетті Дионисияның мүсіндері, Людовик ХІІІ және
220
Клара Қабылғазина
Людовик ХІV корольдердің бейнелерімен безендірілген. Осындағы
орган Франциядағы ең үлкен музыкалық аспап болып саналады.
Жалпы органдық музыканы француздар жоғары бағалайды. Атақты
романның басты кейіпкері Квазимодоның Эсмеральдаға ғашықтық әні
әлемнің барлық тілдерінде шырқалып келеді, қазақ тіліндегі нұсқасын
Роза Рымбаева орындап жүр. Көп жылдар бойы собор қала өмірінің
орталығы болды. Онда Париж парламентінің отырыстары өтті, сауда-
саттық келісімдері жүргізілді, үйсіздер, жарлы-жақыбайлар пана
тапты, ал байлар алыс сапарларға кетерінде асыл дүние-мүліктерін,
құнды заттарын сақтауға тапсыратын, небір дәстүрлер, мерекелер
өтетін орынға айналған.
Қаланың қақ ортасында орналасқан триумфальды арка, осы елдің
елдігін бейнелейтін ғимараттардың бірі. Биіктігі 50 м арканы салу-
ды 1806-1836 ж. Наполеон ұсынған. Өзінің соғыстағы жеңістерінің
құрметіне арналған және онда белгісіз солдаттың қабірі де бар. «Мұнда
1914-1919 ж. Отан үшін жанын берген француз солдаты жерленген»
деген сөз жазылған. Наполеонның ұлы да осы маңайға жерленіпті. На-
полеон оқыған әскери академия да әлі күнге жұмыс істеуде. Мұндай
салтанатты қақпа әлемнің көптеген жерлерінде бар. Астанамызда
салынған «Мәңгілік ел» деп аталатын триумфальды арка халқымыздың
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және сол монументке ұқсайды.
Ежелгі Еуропа мәдениетінен үлгі ала бастағанымыздың өзі қуанарлық
жай.
«Елисей даласы» деген ені 24 м. үлкен көше екен, Наполеонның
қақ пасына барып тіреледі. Елисей сарайы да француздықтардың мақ-
таныштарының бірі – Франция президенттерінің резиденциясы орна-
ласқан. Оның шығыс жағындағы «Авеню Мариньи» деген бөлігінде
орыс жазушысы А. Герцен 1848 ж. тұрып, сондағы революция жай-
лы «Авеню Мариньиден хат» деген еңбегін жазған көрінеді. Осында
орналасқан Кетрин Деневтің, Ален Делонның, ресейлік опера әншісі
Г. Вишневскаяның, үш мушкетердің үйлерін көрдік. Қала ескерткішке
өте бай, тіпті мемлекеттің бас заңгеріне, бас экономисіне де ескерткіш
орнатылған.
Версаль корольдік резиденциясы Парижден тыс 18 шақырым жер-
де орналасқан. Қаладан аулақ салынған бұл сарайдың негізі – 1623 ж.
салынған. Людовик ХІІІ-тің аң аулауға шыққанда келетін үйі болған.
Луврдағы сарайын көтерілістен кейін қауіпті деп санаған король
Людовик ХІV Версальға ауысады да, сарайды классицизм стилінде
кеңейте бастайды. Ол король күнді ерекше жақсы көргендіктен күн-
221
Достарыңызбен бөлісу: |