Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет102/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Тіршілік
орын алмаған. Тамақ өнімдерінің қайсысы табиғи екендігін, қайсысы 
жасанды екендігін атап көрсетіп қояды. Ол жағы енді қаншалықты 
сенімді екенін біле алмадық. 
Тұтынушыға құрмет те ерекше. Тіпті қарапайым ғана қызмет –
алған затыңды орап беру. Мысалы, балық өнімін алдымен ақ қағазға 
орайды, сонан соң иісі шықпас үшін кішірек целлофан қалтаға сала-
ды, одан кейін сіздің алып жүруіңізге ыңғайлы, ішіндегісі көрінбейтін 
пакетке салып, қолға ұсынады. Есіме, үйімнің қасындағы дүкен 
сатушыларының қызметі түсті. Екі бөлек салып алған нанды біреуіне 
нықтап салып, екінші дорбаны босатып алып қалды, яғни бір теңге де 
тұрмайтын нәрсені үнемдеген түрі ғой... Бірақ, осы әрекеттің тұтынушы 
санасына қалдырар кері әсерін ойламағандары қынжылтады. Яғни, 
тұтынушы үшін бәсекелестікті әлі де түсіну кем деген сөз. Ол жақта 
шаштараз, дүкен, химиялық тазарту т. б. халыққа қызмет көрсету 
орындары түннің бір уағына дейін жұмыс істейді. 
Кез келген тығырықтан жол тауып кетуге бейім тұрады батыстық 
халық. Мысалы, біз 15 мемлекеттен келген өкілдермен бірге оқыдық. 
Дәріс оқылатын аудиторияға келгендер симай, адамдар кептеліп 
қалды. Дәріскер әлдекімге телефон шалып шақырып еді, бір жігіт 
жетіп келді де ортадағы қабырғаны (жиналмалы екен) жинап, келесі 
бөл ме мен жалғай салды да, еш бөгеліссіз сабақ әрі қарай жүре берді. 
Әрине, мұның бәрі майда-шүйде нәрселер болғанымен жұмыс сапасы-
на кері әсер ететін факторлар. Мәселені тез арада шешу, тығырықтан 
шыға алу, кез келген жайдан проблема туындатпау деген нәрселерге 
келгенде олар жылдам, оңтайлы. Халықтың психологиясы проблема-
ны күрделендіруге емес, шешімін табуға ыңғайланып тұрады. 
Колумбия университетінде болып, әріптестер өмірімен таныстық. 
Кітапханасына кіріп, әбден таңқалдым. Сөрелерде қазақтар туралы 
түрік ғалымының ағылшын тіліндегі зерттеуі тұр. Қазақ ғалымдарынан 
Манаш Қозыбаевтың еңбектері көзге түсті. Кітапханадағы кітап қоры 
саласына қарай нөмірленіп қойылған. Қай сөреде, қай жақта екендігі 
көрсетілген. Оқырман қалаған кітабын сөрелерден қарап, тауып ала-
ды да, пайдаланып болған соң сол отырған орынына қалдырып кетеді. 
Кітапхана қызметкерлері өздері орын-орынына қояды. 
Материалдарды поштаңа жібергің келсе, компьютер дайын, ска-
нер 
леп көшірмесін алам десең сапалы сканер тұр, барлығы тегін. 
Тек есіктегі күзет тексеріп кіргізеді, бейсауат адам кірмейді. Және 
видео 
бақылаулар бар. Біздегідей кітапханашының қабағына қарау, 
тапсырыс берген соң әжептәуір уақыт күту, одан кейін берген 


210
Клара Қабылғазина
кіта бың не жоқ болуы, не парақтары жыртылған болып шығуы сияқ-
ты келеңсіздіктер атымен жоқ. Әрине, осындай қызметтен кейін жас-
тар дың зығырданы қайнайды, қоғамға деген, өзі өмір сүріп отырған 
ортаға деген көңілтолмаушылық сезімі пайда болады. 
Біздің мемлекетіміздің кітапхана жүйесін реформалаудың қажет тігі 
туындап тұрған сияқты деген ой келді осы жайдан кейін. Студенттер-
ге, жалпы оқырманға деген қамқорлық сапасын арттыру – білім са-
пасын жақсартудың бір шарасы екендігі түсінікті. Тағы бір бай қал ған 
жай-кітапқа құмарлық оларда басым екен. Метрода кітап қа шүйіліп 
отырған жастарды да, үлкендерді де, тіпті балаларды да көп кез дес-
тір дім. Электронды гаджеттерге үңілу кезеңі олар үшін өтіп кеткен 
сияқты. 
Көңілтолмаушылық дегеннен шығады, Америкада жүрген қазақ 
жастарының біразымен, басқа да ТМД мемлекеттері өкілдерімен 
әңгімелестім. Тимур: – Қазақстаннан мұхит асып келгеніме жеті жыл 
болды. Басында қатты қиналдым, бұл жақта жергілікті тілді білмесең 
өте қиын. Алғашқыда кафелерде ыдыс жудым, тамақ тасыдым. Кейін 
тілді меңгерген соң, метрополитенге екі рет сынақ тапсырып, оның жа-
уабын бір жыл күтіп, жұмысқа кірдім. Біздің елдегідей Мәке, Сәкелер 
арқылы жұмыс табу дегенің атымен жоқ. Тағы да біздің жақта жалақы 
өте төмен, жас мамандарға алғашқы кездері 70-80 мыңнан артық 
айлық төленбейді. Онымен күн көру мүмкін емес. Сөйтіп ертеңге де-
ген сенім жоғалады. Болашағыңның күңгірт екені еңсені езеді. Мұнда 
жұмыс берушілер өте қатал шарттармен қабылдайды, жұмыстан 
кешігу, бармай қалу сияқты жайлардың себебін сұрамайды да, бірден 
шығарып жібереді. Сол талаптарға орай ақысы да есептеледі. Жалақы 
бұл жақта сағаттап төленеді. Әбден орнығып алған соң, елге барып 
үйленіп, кейін әйелімді алып, қайта келдім. Бұл жақта заң қатал, 
тәртіп бар, жақсы еңбек етіп, көзге түссең еңбегің бағаланады. Енді 
пәтер сатып алуға дайындалып жүрмін. Елге қайту ойымда жоқ. АҚШ 
азаматтығын алуға әрекеттеніп жатырмын. 
Гаухар: – Бостонда оқимын. Оқуымды бітірген соң мен де қалмақ-
шымын Америкада. Өйткені, мұндағы білім сапалы беріледі. Біздегідей 
интернеттен көшіріп немесе шпаргалкамен тапсыру дегенің мүлде 
санаға кірмейді. Міне, екі айлық демалысқа бара жатырмын, алайда 
екі аптадан соң кеткім келеді. Өйткені, ондағы өмір, жайбарақаттық, 
салғырттық, тәртіптің жоғы, заңның әлсіздігі, парақорлық сияқты 
жайлар жүйкеме тиеді. 


211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет