БАЛҒЫН ЖЫР
Бейбiт соңғы күндерi қатты мазасызданып жүр. Кеудесiн әлдебiр
нәрсе қысып, бунайтын сияқты. Еркiндiкке шыққысы келген балапан
құстай бұлқынып, әлдебiр сезiм ұмтылып, маза бермегелi әлденеше
күн болған. Анасы Бәтима да баласының бойындағы бұл өзгерiстi
лезде-ақ сезiп, бiрнеше рет сыр тарта сұраған-ды. Бүгiн де сабақтан
оралған баласының жүзiнен сол бiр беймазалық ұшқынын тағы да
байқады.
– Балам-ау, бiр жерiң ауырып жүр ме? Бiреу бiрдеңе деп ренжiттi
ме? Айтсаңшы, мүмкiн көмектесу қолымнан келер, – деп бәйек болған
Бәтима жеңiл күрсiнiп қалды. «Әлде әкесiн сағынып жүр ме екен?», –
деп ойлап, өткен жылы мезгiлсiз қайтыс болған ерiн есiне алды.
– Мұндай мiнезi жоқ едi ғой, япырым-ай, ауырып қалмаса не еттi…
– Тоғызыншы кiләстiң пiргiрамы да қиын деп жүр ғой әлгi бiр бұйра
бас мұғалiм келiншек. Сол бiреулердi оқимын деп-ақ шаршап жүрген
шығар. «Оқы, оқы» деп сен де кешке дейiн кiтапқа шұқшитасың, – деп
әжесi келiнiн кiнәлай жөнелдi. Әже сөзiне күлкiсi келген Бейбiт ерке-
лей сөйледi:
– Әжетай, маматай! Уайымдамаңыздаршы, маған ештеңе де болған
жоқ. Әлi-ақ бәрi де орнына келедi.
Не болғанын, тынышын алып жүрген қандай сезiм екенiн Бейбiттiң
өзi де бiле алмады. Оның бойындағы бұл өзгерiстi басқа балалар да
байқап қалып, әртүрлi әзiл-оспаққа айналдырып, тiптi қыздар жағы
«көктем ғой кiнәлi» деп қағытып қалған. Оның есiне алдыңғы күнi
болған бiр жай түсе кеттi. Сол бiр ағаттығына тағы да iштей қысылып
сала бердi.
Биологиядан сабақ беретiн Сәнiм апай ауырып қалып, ол кiсiнiң ор-
нына практикаға келген, пединституттың студентi Гүлнәр сабақ өткiзiп
жүрген едi. Сыныпқа кiрген сәтте орындарынан тұрған балалардың
соңынан ала, асықпай тұрып жатқан Бейбiтке көзге түскен-дi. Сабақ
үстiнде де әлденеге алаңдап, әлде бiр ой үстiнде отырған шәкiрт мiнезi
жас мұғалиманың ызасын келтiрдi.
– Тұр! Сенi айтам, атың Бейбiт пе едi?! Тұр! Өзiң тiптi поэма жазып,
шабыт үстiнде отырған ақындардай болып тұрсың ғой, – дедi.
– Оныңыз рас, апай. Мына бiр жолдарды тыңдап жiберiңiзшi.
205
Тіршілік
Көктем келдi өлкеме,
Нұрландырып аймақты.
Арайланған дала төсiн,
Бозғыл сағым жайлапты,
– деп осынау бiр шумақты аптыға оқып шығып, «ал, қалай екен!» де-
ген пiшiнмен алабұртқан балауса көңiл өрекпи барып тоқтады. Жау-
ап күткендей мұғалима бетiне қарады. Балалар арасынан мырс-мырс
күлкi естiлдi.
– Отыр! Тәртiбiң үшiн екi қоямын. Шәкiрт фамилиясының тұсын-
дағы кiлең «4» пен «5»-тiң жанына құйрығы қайқия түсiп «2» қонжиды.
Жас ұстаз шәкiртiнiң көктемде жаңа бой жазып келе жатқан көк
сияқты бас көтерген албырт сезiмiн басып тастағанын байқамай, әрi
қарай сабағын жалғастырды.
Осы бiр көңiлсiз жайды көз алдынан өткерiп, бiраз тұрып қалған
Бейбiт, ауыл сыртына қарай бет алды. Үйге барғысы келмедi. Жер
көгерiп қалыпты. Қар алғаш ерiп жатқан кезде, бәйшешектер бiр түрлi
суықтан жасқанып, әр жерде бүрiсiп тұрғандай әсер қалдырушы едi
оған. Ендi мiне, күн көзi мейiрленген сайын даланы қаптап кетiптi.
Бейбiт өзiнiң ауыл маңайының әр тасын жатқа бiлетiндiгiн мақта-
ныш көретiн. Әкесi екеуi бұл маңайды талай аралаған. Түрлi шөптер
мен өсiмдiктердiң, сайлар мен төбелердiң аттарын үйретушi едi. Бей-
бiттiң кiшкентай кездерiнде-ақ, оны туған жердi, елдi сүюге баулитын.
Әлi есiнде, Бейбiттiң төменгi сыныпта оқып жүрген кезi болу керек.
Егiстiк суарып жүрген әкесi қос уысына қара бұйра топырақты уы-
стап тұрып, баласынан «мынау не?» деп сұрады. «Соны да сұрай ма
екен, бұл топырақ қой!» – деген әрi таңырқай қараған ұлына ол: «Бұл
әншейiн топырақ емес, туған жердiң топырағы, ұқтың ба, туған жердiң
топырағы», – деген едi зекiп.
Қазiр де әке iздерi, оның әрбiр қадамы көкiрегiнде сайрап, жабырқау
сағыныш көңiлiн ұялап алды. Оның тiптi алақанының жылылығын да
ұмыта алар емес. Кейде апасына сағынышын айтқысы келетiн, сонда
бойы жеңiлдеп салатындай көрiнетiн. Әлденеше рет айтуға оқталса да,
ана көзiне ұялайтын мұңды елестетсе, бұл ойынан айнып шығатын.
Сағыныш сазы кеудесiн кернеп, аузын ашса лықсып барып төгi-
летiн дей, асығып-аптыққан Бейбiт қалтасынан қаламын iздедi. Сөйттi
де, оқуға алып шыққан кiтабының соңғы ақ парағына жаза бастады.
206
Клара Қабылғазина
Әке, сенiң ұлылығың – ақындардың жырындай.
Әке, сенiң жылылығың – мынау күннiң нұрындай,
Пәктігіңді әке сенiң, еңлiк гүлге теңер ем.
Iстерiңдi әке сенiң, ерліктерге теңер ем,
– деп лақ етiп келiп қал ған, толқынның бiр легiнше қайтып кетiп
қалатындай көрiнген, көңiлге оралған балауса буындарды Бейбiт
қағазға түсiрiп шықты. Бойы бiр түрлi жеңiлдеп сала бергендей,
көкiрегiн кернеген әлгi бiр белгiсiз сезiмнiң тиегi ағытылғандай бол-
ды. Қайталай, күбiрлей оқып шықты. Тұңғыш өлеңнiң алғашқы, әлi
көк шумақтары өзiне ұнап кеттi де, бар дауысымен саңқылдап, оқи
жөнелдi. Туындап келе жатқан балауса өлеңдi тыңдағандай айна-
ла, табиғат та маужырай қалыпты. Кеудесiн қысқан құрсау ажырап,
көкiрегi ашылып, дүние кеңи түскендей… Бұл – поэзия деген қасиетті
күштің алғашқы шарпындары болатын...
207
Тіршілік
Достарыңызбен бөлісу: |