Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет103/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Тіршілік
Дәурен: – Мен алғаш тіл үйрететін курсқа оқуға келгенмін. Кейін 
көп нәрселерге көз жеткізіп, қалуды ұйғардым, – дейді. 
Осындай пікір білдірген жастарға: – Сендердің айтқан себептерің-
нің бәрі уақытша келеңсіздіктер, оның бәрі орындарына келеді. Жас 
мемлекетпіз, қайта сендер оның қалыптасуына атсалысуларың керек 
қой, – деп пікір білдірдік. Алайда, олар айтқан жайларды, қоғамдағы 
келеңсіздіктерді еріксіз мойындауға тура келді. 
Дегенмен, біз жоқ жердің бәрі жақсы екен деген ойдан арылатын кез 
де жеткендей. Бізде қарқынды даму бар, оған ТМД мемлекет терінің 
бәрі қызығады. Мысалы: -Біздің елде ағылшындандыру процесі жүріп 
жатыр, үлкен демей, кіші демей тіл үйренудеміз, қоғамның талабы со-
лай, – десем тәжік қызы Шахнозаның пікірі мынадай болды: – Біздің 
мемлекетте баяғы кеңес үкіметіндегі жағдай өзгерген жоқ. Әсіресе, 
білім саласы артта қалып отыр. Жаппай тіл үйренуге деген үрдіс – алға 
басушылықтың, дамудың деңгейі. Қандай жақсы! – деп қызыққанын 
жасыра алмады. Демек, салыстыру деген философиялық категорияны 
қолдану арқылы сараласақ, өзге дамушы мемлекеттер арасында да-
мудан оқ бойы алда тұрғанымыз аян. 
АҚШ-та мәдени орындардың жұмысы жақсы жолға қойылған. 
Музей лер, галереялар, демалыс орындары өте көп. Америкада мәдени 
орындарында болсын, басқа да көпшілік жерлерде адамға, оның 
игілігіне аса мән беретіні, оған шынайы түрде қызмет көрсете білетіні 
көрініп-ақ тұр. Сондай-ақ, кейбір мұражай көрермендерден ақша ал-
майды, оған кіру тегін екенін де айта кетудің артықтығы жоқ шығар 
деп ойлаймын. 
Олар құндылықтарын жарнамалай біледі. Мысалы, бір ғана «Азат-
тық» статуясын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған халық 
нөпір, алайда ажиотаж байқалмайды, өйткені адамдарды тасы мал-
дайтын корабль және қызмет көрсетушілер сервисі жоғары деңгейде 
ұйымдастырылған. Фильмдерінде, газеттерде бейәдеп суреттер бол-
майды. Оларда телерадио компанияларының табыс үшін жарнама 
көбейтуіне тосқауыл жасалмайды. Алайда, көрермендердің мүддесі 
тап талмайды, қоғамдық теледидарлар үшін жарнаманың мөлшері үш 
секундтан асырмайды. Бізде әр он бес минут сайын ақпарат бөлініп, 
кем дегенде 5 минут жарнама беріледі. Әрине, бұл деген көрер мен-
дерге рухани қиянат жасау деген сөз. Адамдардың жеке көзқарасы да 
қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді екен. Айталық, кейбір азаматтар 
қоғамды жек көреді, бірақ олардың өмір сүру құқығын ешкім шектей 
алмайды. 


212
Клара Қабылғазина
АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының да миссиясы біздегідей
елді ақпаратпен қамтамасыз ету, талдау-сараптама жасау, көңіл 
көте ру, философиялық ой толғау, экономикалық-жарнама арқылы 
қыз мет көрсету. «Тың жаңалықтарды дер кезінде таба алатын алғыр 
адам дар ғана нағыз мықты журналист болады» деп есептейтін амери-
ка журналистикасының басты мақсаты қызметкерлердің ақпарат алу 
қабі леттерін арттыру екен. 
Американдықтардың журналистикаға аса байыппен, зор құрмет-
пен қарайтындықтарына көз жеткіздік. Танымдық, авторлық бағдар-
лама лар сапалы, жоғары деңгейде жасалады. Журналистердің тақы-
рып 
ты терең зерттейтіндіктері байқалады. Қай туындыда да жаңа 
ақпа рат, танымдық тың мағлұматтар беру көзделген. Олар өз елдері 
туралы ақпараттың әлемге дұрыс, шынайы жетуіне аса көңіл бөледі 
екен. «Ақпаратгы еркін алу, оны ешбір кедергісіз тарату мүмкіндігі 
толық жасалуы керек. Онсыз демократия да, азат баспасөз де жоқ» 
деген принцип ұстанатын көрінеді. АҚШ журналистерінің ақпарат алу 
құқығы шектелген жағдайда олар сотқа жүгінеді екен. «Сот қашан да 
істі баспасөздің пайдасына шешуге тырысады», – дейді олар. Аме-
рика журналистикасының тарихында баспасөз өкілдерінің арасында 
шындықты бұрмалаған, өз кәсібіне опасыздық жасаған бірде бір оқиға 
тіркелмеген көрінеді. Бұл әңгімелерді мен тәжіктік әріптестерден 
естідім. 
АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарында журналистердің жала-
қы сын өсіріп отыратан үрдіс бар екен. Мысалы, қарымды журнали-
стерге қойылатын қаламақы бас редактордың айлығынан да жоғары 
тағайындалатын көрінеді. Ел өмірінде болып жатқан елеулі оқиғалар 
түн-күн демей дамылсыз хабарланып жатады. Жаңалықтар бөлімі 
ақпаратты жинау және оны өңдеу тәрізді екі негізгі топтан тұрады да, 
эфирден тек қана бүгін, ертең немесе таяу болашақта деген сөздер 
естіледі. Нью-Йорк тұрғындары өздеріне қажетгі барлық ақпаратты 
күнделікті ала алады. 
Ол жақтағы оқу орындары журналистік білім алуға келген студент-
ке алғашқы сабақтың өзінде-ақ қалай сұрақ қоюды үйретуден ба-
стайды екен. Яғни, сұрақ дұрыс қойылғанда ғана тілші ақпарат таба 
алады. Оқу орындарының оқу бағдарламалары алдын ала дайында-
лып, шәкірттерге ұсынылады, олар сол бағдарламалар арқылы қай 
ұстаздан білім алғысы келеді, соған жазылады. 
Тағы бір көңіл бөлетін мәселе – бұлар электр энергиясын үнемдеуді 
халық болып қолға алған сияқты. Әрине, халық өз бетімен жүзеге асы-


213
Тіршілік
рып отырған жоқ, оған басшылықтың оңтайлы әрекеттері әсер етуі 
тиіс. Сегіз миллионнан астам тұрғыны бар қаланың қай тұрғынына 
«электр энергиясын үнемде» деп жүреді, сондықтан өндірушілер та-
рапынан үтік, фен т. б. сияқты құрылғыларды максималды қызбайтын 
етіп шығарады немесе ток кернеуін тежеп қойған. Мұның өзі жақсы 
табылған тәсіл. 
Америка Құрама Штаттары деп тегін аталмаған, мұнда сан түрлі 
халықтар тұрады. Мен тұрған ауданда Доминикан мемлекетінен кел-
гендер топтасқан екен. Өздері өте шулы халық, көліктерінің есіктерін 
ашып қойып, өз тілдеріндегі музыканы бар даусымен ойнатып қояды, 
сенбі, жексенбі күндері тіпті жанданып кетеді. Олардың тілдері, саз-
дары басқаларға жаға ма, жақпай ма олардың шаруалары жоқ. Өз 
құқықтарын емін-еркін пайдаланады, өз ұлтының ерекшеліктерін 
мақтан тұтады. Өз ұлтының ортасында жүріп қазақша сөйлеуге арла-
натын халық бізде ғана шығар деген ой еріксіз ойға оралады. 
Қаланың ең туристер көп баратын жерлерінің біріндегі Чайна-
таунға келгенде Қытайда жүргендей сезіндік. Қытай қалашығының 
қақ ортасында ұлы ойшыл Конфуции ескерткіші тұр. Атаулардың 
бәрін өз тілдерінде жарқылдатып қойыпты. Ағылшынша аудармасы 
да жоқ. Чайна-таунда екі миллионнан астам қытай ұлтының өкілдері 
тұратынын, орта мектеп, жоғары оқу орындары және өзге де мәдени 
орындардың бәрі қытай тілінде жұмыс істеп тұрғанын естігенде өз 
елімізде отырып, тек ана тілімізде, аудармасыз ештеңе жасай алмай-
тынымыз есімізге түсті. Тәжіктердің, орыстардың да шағын аудандары 
бар екен. Жат жұртқа кеңдік танытып отырған Америка басшылығы 
саясатына еріксіз таңданасың. «Цензураға қарсы қор» деген ұйымның 
баспасөз бостандығы үшін күресушілерге, ресми үкімет тарапы-
нан қысым көрген, қуғын-сүргінге ұшыраған бұқаралық ақпарат 
құралдарына грант бөліп, заңдық қолдау көрсетіп, қаржылық көмек 
беретіні тіпті таңқаларлық жай. 
Елге қайтар уақыт та жетті. Алып ұшақ аспанға көтерілген соң 
өмірің, тағдырың бір Алланың қолында екенін сезіне түсесің. Өйткені, 
11-12 мың метр биіктікте сені ұшқыш та, ұлы да, сиқыршы да, бай 
да қауіптен құтқара алмайды. Осы отырған бірнеше жүз адамның 
күнәларын құдайдан «кешіре көр» деп тілегеннен басқа шараң 
қалмайды. 14-15 сағат көк аспан төрінде болған ұшақтың табаны жер-
ге тиген сәтте пенделер қол шапалақтап, ризашылықтарын жолдайды. 
Таныс та, бейтаныс Америкадан жаныңа жақын, құшағы ыстық Қазақ 
жеріне келгеніңде бойыңды бақыттылық сезімі баурайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет