Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет95/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Бiрiншi жазба
Орта жас алқымнан алып келiп қалған әйел әңгiмелеп отыр:
– Өзiмдi-өзiм қаншалықты күтiп-баптап, тамақты талғап iшiп, 
ертеңдi-кеш дене шынықтырып, қаншама уақыт ауру дегеннiң не 
екенiн бiлмеген едiм, бiлемiн деп ойлаған да емеспiн. Ендi, мiне, аяқ 
астынан тап болған сырқаттың неден болғанын да ешкiм бiлмейдi. 
Дәрiгерлер «Уланған болуы керек» деген дүдәмал анықтама бердi. 
Сол күнгi дастархан басына жиналғандардың алдындағы астан басқа, 
мен де ештеңе ауызға алмаған едiм... неғып, жалғыз мен уланамын? 
Не керегi бар, кенеттен ессiз-түссiз қалып, о дүниеге жүрiп бара 
жатқанда операция алып қалыпты жанымды. Жан болған соң оның 
қиналатын зар қақтыратын сәттерiн ендi көрiп, азабын сезiп болдым 
ба дегенде, қайтадан пышаққа iлiндiм. Кеңiрдекке салынған түтiкпен 
демалып, сол түтiктен тамақтанып, тiлгiленген жердiң ауру азабына 
қосыла басқа ағзалардан да аурулар шығып, әйтеуiр, қиналған үстiне 
қиналдым. Аурудың көрсеткен қорлығына шыдай алмай, алладан, 
«бүйтiп қинағанша бұл тозақтан тезiрек алып кете қойшы» деп, өлiм де 
тiледiм. Жоқ, бәрi өттi де, екi жыл дегенде қайтадан өмiрге араласып, 
үй-жайыма оралдым. Бiрақ, көкейiмнен кетпегенi не жаздым, неден 
жаңылдым, құдай не үшін жазалады, осынша? – деген ой едi. 
Алғашында тұрмыс құрған соң, бiр қызды дүниеге келтiрдiм, 
нәресте көтерудiң, оны күтудiң, өсiрудiң қиыншылықтарын көрiп, 
екiншi рет көтергiм келмеп едi, шешем, күйеуiмнiң мәжбүр етулерiмен 
екiншi қызды өмiрге әкелдiм. Жерiк деген нәрсенiң қияметiне шыдай 
алмай, екiншi рет сол азапқа неге келiстiм деп, өзiмдi-өзiм қарғап-
сiлеген күндерiм де болды. Бес-алты ай бойы ас батпай, күнделiктi 
құсудың не екенiн, тiптi ас iшпей қойғанның өзiнде қара суды сыртқа 
әлсiн-әлсiн шығарудың не екенiн бiлмейтiн әйелдерге қызықтым. 
Сөйтiп, өзi атадан жалғыз күйеуiмнiң әулетiн жалғастырар бiр 
ұл керек дегенiне құлақ аспадым.
Өзiмдi аядым, жан күйзелiсiнен 
қорықтым. Бейшара, оның бiр тентектi армандайтыны соншалық, 
кеудесiн қарс айыра күрсiнетiн-дi. Ал, мен болсам, бала көтерудiң 
қиыншылығынан қорыққандықтан ғана оны «нәресте көтере алмай 
қалдым» деп алдауға мәжбүр болдым. Бiрақ көрсетпей, дәрi-дәрмектi 
қолдану арқылы сақтанып жүрдiм. Ендi, өзiм де көтермейтiн жасқа 


195
Тіршілік
келiп қалдым-ау, бiрақ мына бiр науқас жiбiн үзiп кетпей тұр. Өз жа-
нын күткен мендей-ақ болар... ұрлық-қарлық жасамадым, өзiмдi тек 
адамгершiлiкпен өмiр сүрiп келемiн деп есептеймiн. Бiлмеймiн, Алла 
тағала маған не үшiн жаза бұйыртып отырғанын?
Мен әйел әңгiмесiн тыңдай отырып, оның Алланың алдындағы өз 
күнәсiн әлi де болса бiле алмай, ауыр мiнiн сезiне алмай отырғанын 
байқадым. Адамның өмiрде жасаған қиянаты, күнәсi, озбырлық-
зомбылығы, ұрлық-қарлығы, т. б. деген көптеген күнаhарлықтардың 
бәрi Алланың есебiнде болып, өзiне лайық үкiм алып, Құдайдың 
қаhарына ерте ме, кеш пе әйтеуiр, түбi бiр келетiнiн бұл адамдар неге 
бiлмейдi екен?! Жаратқан Алла, адамға сананы да әр қилы етiп берген-
ау! Бiреулер өмiр бойы тәжiрибе жинап, оның қорытындысын тек о 
дүниеге аттанарда ғана аңғарып, ұғады. Ендi бiреулер ертерек пайым-
дап, өзiнше қам-қарекет қылады. 
Бiр әулеттiң тамырына балта шапқан әйел күнәhарлығынан өткен 
не бар? Ол әулеттi өсiру, не өшiру сол әйелдiң қолында болды. 
Адамшылық парыз – ұрпақ өсiру едi, ол оны түсiнбедi. «Жан азабына, 
бiр уақыттық күйзелiс, қиналысқа төзе алмасаң, мiне мынаны байқап 
көр» дегендей әлденеше пышаққа түсiрiп, о дүниенiң босағасына 
алып барып, қайтып әкелiп отырған Алланың шеберлiгiне қалай таң 
қалмассың? Бiрақ, соны әйел пенде кеш сезiп, кеш түсiнген кезде, оның 
жүрегiнде мәңгiлiк өкiнiш орын тепкен едi. Солай, Алланың жазасынан 
қашып құтылу мүмкiн емес... Сондықтан, адалы Құран-хадистiң шарт-
тарын әрдайым жадында ұстап, ұрпағына үйретiп отырғанда ғана, 
адамзат ақ жолдан таймас едi. Бiрақ пенде пендешiлiгiн әрдайым жа-
сайды. Әр қадамында, iсiнде «е, мұны кiм көрiп тұр дейсiң» дегендей 
қателiкке жол бередi. Адамға жан-жануарлардан артықшылық етiп, 
құдай ми, сана берген ойлау үшiн. Ойлай отырып, өмiрiне бағыт-бағдар 
болсын, қараңғылықта жарық етсiн деп Құран-хадистi қалдырған. 
Күллi адамзатқа, әр халықтың өз тiлiнде жазылған осындай дүниенiң 
қасиеттiлiгiне шек келтiргендер ғана күнәhарлыққа барады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет