Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет83/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
атанған жендеттің тыңшысы бұлардың аттаныс алдында екенін айтып 
қойған-ды. Қара дүлей болса мұндай елеулі оқиғаны жеткізгені үшін 
ояздың бастығынан сый алатынын, мүмкін шен-шекпен беретінін, 
оларға жағынса өлмейтінін, қазақтың басына қара күн туар сәт бол-
са, аманшылығын ойлап, әрі іш тарлығы жеңіп, опасыздыққа барған 
еді. Сол бойынша әскер шығып, бұларға таяп қалғандығынан топ бей-
хабар болатын. Енді ғана аз дамыл тауып, демалуға кіріскен жұртты 
көш басының «Жан сауғалаңдар! Қашыңдар! Жыра-жыраға қарай 
қашыңдар!» деген ащы айқайы аяқтарынан тік тұрғызды. Қапелімде 
не істерлерін білмей апыр-топыр болып, бір сәт ұйлыққан қауым 
енді жапа-тармағай дүркірей жөнелді. Жүрдек, баптары келіскен, 
күтімдері жақсы аттарға мінген әскерлер күн сәулесімен жарқылдаған 
қылыштарын аспандатып, әне-міне дегенше жетіп те қалып еді. Тым- 
тырақай жан жаққа қашып бара жатқан қашқындарды бала-шаға, 
әйел-еркек дегенге қарамастан жалтыраған алмас жүзді олар олай 
бір, былай бір жарқылдатып қырып-ақ салды. Әрлі-берлі ойқастап, 
көзге түскендерді шанышқылап, күн еңкейе «елімізді табайық» де-
гендей әскер де кері қайтты. Жазықсыз жандарды қырғандарына 
мәз болып, әңгіме етіп, қарқылдай күліп, бекініске қарай бет алды. 
Олардың қарасы жоғалып, кеткенше жатқан көш басы сүйретіліп оры-
нан тұрды. Қылыштың жүзі сипай тиген екен, өлмепті. Көзінен аққан 
жас сақалынан тарамдады. Бір ауылдың адамын қырғынға ұшыратқан, 
оған себепкер болған өзі деп тапты. Қараған, тобылғының түп-түбін 
саялаған жерінде кескіленгендерді қарап айқайлай, боздап келеді:
– У-ай-и-й! Ойбай, бауырым! Бауырларым-ай! Тірілерің қалды ма? 
Көтерсеңдерші бастарынды! Үн қатсаңдаршы!
Сайға, жыраға қарай домалағандардың көбі тірі қалыпты. Жазыққа 
қарай кеткендердің дені қырылған. Тарам-тарам болған көз жасы 
таусылғандай, алқымына құрғақ өксік тығылды. «Мен боркеміктенсем 
қалғандары не болды? Қой, ес жияйын» деп өзіне-өзі дем берді ол. 
– Қарақшылардың қайта оралып келіп қалмасына кім кепіл? 
Өлік 
терді жинап, жерлеп, қайта жол жүруге әрекет етейік! Біздің 
сапарымызды әскерге жеткізгеннің жазасын құдай берсін!
Бәрі де бұл қарғыстың кімге арналғанын сезгендей еді... Өздерінің 
қандас бауырларынан шығып отырған мұндай қаскөйлік қасиет 
халықтың атына жабысқан дерттің бірі екенін мұнан кейін де тарих 
сан рет дәлелдеп, әлі де сан рет соның құрбаны болатынын сезді ме 
екен, қайран ел!


171
Тіршілік
Жер қазуға кіріскен күректердің шықыры, жоқтау айтқан әйел дер-
дің дауыстары, шошынып шырқыраған бала үндерін екіндінің уағында 
тын дап, сар дала салбырай қалыпты. Өзімен ілестіріп үлгерген екі 
баласын іздеді Жабықбай: бір түп қарағанның түбіне барып бұққан 
жерде қылышпен шаншылған Сақанын, нәзік денесі ат тұяғына 
жаншылған, мылжаланған Ақанын тапты. Өзінен кіші інісін қалқалай 
құлаған Құмар мен Нартайды бір жерден тауып, денелерді құша 
құлады. Өзегін өрт шалған әке көзіне қан толғандай тіл байланып, 
мылқау күйге айналған. Ентігіп, далақтай жүгіріп, балаларын бірінен 
соң бірін іздеп, ерсілі-қарсылы сабыла берді. Едел-жедел туған, 
кішкентай екеуін, Рәш пен Күләшті қолтығына қысып, етегіне ұстата 
Қабылғазыны сүйрелеген күйі жардан домалай құлаған, қайта өрмелеп 
шыға алмай тұрған жерінен Бапарияны тауып әкелді әлдекімдер. 
Кішігірім жарақат алғандары болмаса, дін аман. Тағы екі-үш қолы 
болғанда ана шіркін басқа балаларын да аман алып қалар еді-ау!
Қаншалықты темірден жаратылса да ер азаматта да жүйке бар, 
жүрек бар, сыңсыған, жоқтау айтқан әйелдер дауысы еңселерін езіп, 
жүрек етін мылжалап, боршалап бара жатқандығы сонша аяқ тарын 
ілгері баса алмай шамалары келмей қалды. Талықсыған, жара лан-
ғандарды көтере, демдей сылбыраған адамдар «енді не болса ол 
болсын» дегендей пішінде еді. Көш басының үні түн тымырсығын 
тілгілей саңқ ете қалды:
– Жетер енді сыңсығандарың! Қысқартындар! Тіріге тірлік керек! 
Тірі ұрпақтың қамын ойландар!
Жат ел, жат жердің топырағын басқандарына да біраз уақыт болып 
қалды. Туған жерден шыққандарында бірнеше әулеттен біріккен 
бір ауыл ел еді, жолшыбай қырғынға ұшырап, ауырып, өлім-жітімге 
ұшырап, аман қалғандарының ендігі күйлері де мәз емес. Не көп, 
қашқын, босқын көп. Жергілікті дұнған, ұйғырлар босқын қазақтарды 
жалшылыққа да тандап алып, айтқандарына көндіріп, айдағандарына 
жүргізіп тұр. Бір шаңырақтан біреу жұмыс тапса да аштан өлмейді-ау 
деп ойлаған Жабықбай біраз дарбазаны қағып көрген еді, оның беделі, 
ақсақалдығы, ақыл-ойы өз жерінде қалып қойған екен. Бұл жақта 
өзінің жан бағуы, от басын аман сақтауы қиын болайын деді. Өлдім-
талдым дегенде бір байдың үйіне үлкен жалшы болып кірді-ау!
Сауда-саттықпен айналысқан дұнғанның биік құйма кірпіш дуал-
мен қоршалған үлкен үйінің тірлігі бір тынбайды. Ауыз су алыс бол-
ған дықтан күні бойы су тасу, бақшаның ішінен қазып қойған құдық-
тан су тартып, қоршалған, ат шаптырым аумақты алып жатқан 


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет