Тіршілік
шақырып тұрған Айнаш екен. Сүйрiктей сұлу, ақ машинаның есiгiн
ашып шығып, қарсы жүрiп, күле амандасты. Сұлу денесiне, әдемi
жүзiне үстiне киген қымбат киiмдерi ерекше әр берiп, өңi құлпырып
кеткен.
– Машинаға да жеткiзбей тартып барасың ғой, алысқа бет алдың
ба?, – деп әзiлдегенсiп жатыр.
– Жұмыс iздеп, бiрер мекемеге кiрiп шығайын деп едiм…
– Кел, отыр. Бастықтың машинасы ғой… Қазiр менi жұмысқа апа-
рып тастайды… Сонан соң жеткiзiп тастайсыз ғой, Сәке, мына қызды
барар жерiне, – деп рульдегi жiгiтке күле қарап едi, анау басын изедi.
– Толысып, әдемiленiп кетiпсiң Айнаш…
– Ал, сен, тал шыбықтай бұралып тұрсың… Бұрын да «қима бел
қарындас» едiң… Сәл жүдегенiң болмаса, сен де көрiктi қызсың ғой…
Мен арықтайын деп, күнiне бiр-екi сағат жаттығу залына барып
жүремiн. Қызығамын сенiң мүсiнiңе…
«Бiреуге мал қайғы, бiреуге жан қайғы» дегендей Ақжан күрсiнiп
қалды. Оның көңiл күйiндегi өзгерiстi байқамаған Айнаш салдырлап,
әңгiмесiн бiрiнен-соң бiрiн жалғастырып, әне-мiне дегенше жұмыс ор-
нына келiп, түсiп қалды. Бiреудiң басындағы бағын, жеткен жетiстiгiн
күндейтiн, көре алмайтын немесе қызығып, армандайтын әдетi жоқ
болса да iшiн бiр нәрсе тырнап өткендей болып, жауап таба алмай
жүрген сауалдарының қатарына тағы бiреуi қосылған едi.
Лыпып, сырғып тұрған сырты сұлу көліктің iшi де керемет екен.
Жұп-жұмсақ орындық, табан астындағы түктi кiлемшелер, тоңазыт-
қышы, желдеткiшi, телефоны тағы басқа толып жатқан нәрселері бар
сәндi, тамылжыған әндi көлiктiң бiр сәттiк әсерiнен көңiлi көтерiлген
Ақжан Пұсырманға да жайдары амандасып, құшағын жая қарсы алған
жiгiтпен шүйiркелесе кеттi:
– Көңiл күйiң жақсы екен, қуаныштымын, бауырым… Серпiлгенiң
жөн…
– Сiздiң қуаныш менiкi ғой.. Сыңайыңызға қарағанда ештеңе
естiмеген сияқтысыз ғой…
– Не ол, не?
– Мiнеки, бүгiнгi газет.. Көре салысымен Сiзге жиналып жатқанмын.
Өзiңiз келiп қалдыңыз. Бүгiннен бастап той да, қуаныш та, табыс та
сiзде..
Не екенiне дегбiрi жетпей, жүрегi алып ұшқан Ақжан газетке үңiлдi.
Өзiнiң бiр әңгiмесiн ағылшын тiлiне аударып, көркемдiк жағын тiл ма-
манына тексертiп, шетелдiк үлкен қордың шығарып жатқан журналы-
164
Клара Қабылғазина
на жiберген едi… Конкурсқа қатыстырады деген ойында да болмаған.
Ендi мiне, сол әңгiмесi конкурс жеңiмпазы атанып, үлкен жүлде тиетiн
болғаны жазылыпты. Қуаныштан бiр сәт жүрегi тоқтап қалғандай
болған қыз сұлқ отыра кеттi. Қорқып кеткен Пұсырман жан-дәрмен
ұмтылды:
– Ақжан тәте, не болды, не болды?…
Ештеңе емес дегендi қолымен ишаралап Ақжан өзiне-өзi келдi.
Санасының бәрiн тұрмыс билеп, жаны жүдеген ол түбi бiр жолы болып,
бақтың айналып бұған соғатынына сенетiн. Ешқашан қандай қиындық
болса да үмiтiн үзбеген. Ендi мiне, өмiр күле қарағандай…Қолма-
қол екеуi есептей бастады: басына жап-жақсы баспана, тiптi артын-
да қалған ауылдағы бауырларын көшiрiп әкелiп, бiршама киiнуге де
жетедi екен…
– Пұсырман, бауырым, сенiң де бағың бар екен… Менiң iнiлерiмнiң
бiрi болып, бiзбен бiрге тұрасың ендi. Ал, кеттiк, жүлденi алуға…
Қол ұстасып, балаша секiрген екеуi жетiмдер үйiнен алыстап
бара жатты. «Барында баптаған, жоғында таптаған» бейдауа өмiрдiң
кей-кейдегi жомарттығына, бақыт дегендi тым алыстап бара жатса,
тiзгiнiнен тежеп, бiр сәт адамдарға күле қаратып қоятын шеберлiгiне
риза болғандай күн де нұрын төге қалыпты….
* * *
Көп уақыт бойы, Айнашты өзi апарып тастағаннан кейiн қалаға
жолы түспеген Тынышжан вокзалға келiп түскенде, күн де еңкейiп
қалған болатын. Қаланың шетiндегi баяғы өзi тауып берген қыздың
пәтерiне жеткенiнше қас қарайды. Бұны танып, үй иесi әйел қалбақтап,
кiшiпейiлдiлiк танытып жатыр:
– О, о … сұлу жiгiт! Көп болды ғой келмегенiңе?! Төрлет…
– Рахмет, рахмет!
– Жүз граммға қалай қарайсың? Бiзде жаңалық көп… Айнашқа
бастығы пәтер әпердi… Өзi де тамаша қыз ғой… Заслуживает, правда
же?…
Тағы бiр жаңалық айта ма деп Тынышжанның жүрек тұсы лүп ете
қалды. «Әкелiп тастады да кеттi, қайтып келе алмады ғой.. Сайраштың
күтiмiнен шыға алмағанын кiмге айтсын… Босанып алып үндемеген
болар, өсiп те қалған шығар…» Ол жайлы кемпiр ауыз ашар емес.
Сұрайын деп бата алмады. Аузына басқа сұрақ түстi:
– Қай жақтан алды, мекен-жайын сiзге қалдырды ма?
– Әрине, мiнеки… Кейде бiржаққа қонақтап кеткенiнде қарап
165
Достарыңызбен бөлісу: |