Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет79/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
шығара алмайды. Уақыттың өзгергенi-ай, ой, алла-ай!» – деп Ақжан 
күрсiнiп қалғанын байқамай да қалды. Әлден соң ол бетiн бұрып:
– Не шаруа? – дедi
– Жұмысссыз едiм, корректордың орны болса да, табыла ма деп…, 
– дедi даусы әрең шығып. 
– Ой, жұмыс дегенiң қиын ғой… Кейiндеу бiр соғып кетерсiң, өзгерiс 
болса айтармын…, – деген сөзiне сенер сенбесiн бiлмей Ақжан шығып 
кеттi. 
Соңғы кездерi кресло, билiк, ақша дегеннiң адамдарды күрт өзгер тiп 
жiберетiнiне әбден көзi жеткендей… Дәл осы қыздың журналисти каға 
икемi жоқ болатын… Ағаларының көмегiмен оқуға түсiп, желiп оты-
рып бiтiрiп шыққаны есiнде. Ретi келгенде, студенттердiң арасындағы, 
кейбiр оқытушылардың бiрлi-жарым әңгiмелерiн басшыларға жеткiзiп 
қоятын әдетi де бар едi. Сол тәсiлдерiмен басқан қадамы сәттi болған 
сияқты, ол әжептәуiр беделдi орында отыр, бұл болса жұмыссыз жүр. 
«Жаза алмайтындар журналистиканың маңайына да жоламауы тиiс», – 
дейтiн едi марқұм ұстазы. Ол заңдылық неге сақталмайды? Керiсiнше, 
ондайларға төрден орын тиюде. Жоқ, күресу қажет, өзiн көрсетуi ке-
рек… Халыққа тиер пайдамның барын көрсететiндей, қоғамға, елге 
көмек беретiн келелi мәселелердi жазып жүргенiмдi дәлелдеуiм керек 
деген шешiмге келген қыз, өз бойындағы ерен батылдықтың қайта 
күш ала бастағанын сезiнгендей едi. 
Жұмыс iздеп шыққан сапары тағы да сәтсiз болған Ақжан басын 
төмен салған күйi iлбiп келедi. Жолақының арзандау күнiнде де көлiккке 
мiне беруге жағдайы келмейтiн. Ендi мiне, қымбаттағалы берi жаяу 
кезедi қаланы. Бүгiн де қаншама шақырым жүргенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр, 
iлгерi басқан аяғы керi кетiп келе жатыр. Көңiл күйi әлем-тапырық. Жан 
дүниесi быт-шыт. Еңсенi езген тiршiлiктiң ауыр табаны күннен күнге 
аямай мыжып, таптап барады. Ертеңгiсiн бiр жапырақ нанмен бiр кесе 
қара шай iшкен. Қажып, шаршаған ағзаға күш берерлiктей бiр нәрсе 
қажет сияқты. Көшенiң қиылыстары, бұрыш-бұрыш толған көздiң жа-
уын алған тамақ. Сатып алушыдан сатушы көп сияқты. Қызыл-жасыл 
шамдары жалт-жұлт еткен мейрамхана асханасының иiсi мұрнына 
келiп, сiлекейi ерiксiз шұбырып кеттi. Қызық болғанда, есiне қазы-
қарта, уылдырық емес, жас кезiнде анасының ыстық нанға май жағып 
беретiнi түстi. Мұңын шаққысы келдi әлдекiмге. «Осындайда бiреудiң 
қалтасынан бiр азын-аулақ ақша түсiп қалмайды екен?!» деп те ойлап 
келедi. Не қыс емес, не көктем емес боп тұрған күннiң сылбыраңқы ауа 
райы. Сылбыр жүрiспен ұзақ жүрдi. Сылп-сылп, сылп-сылп… Тұратын 


162
Клара Қабылғазина
пәтерiнiң есiгiн ашқанда қолдары дiрiлдеп, табалдырықтан зорға атта-
ды да киiмшең күйде төсекке құлай кеттi. 
Сол жатқаннан жатып ертеңгiсiн бiрақ тұрды. Табиғаттың жараты-
лысы да қызық. Түн қараңғылығы түнектей ойларды миыңа тықпаласа, 
жарық күн қайтадан үмiт отын жаққандай болады. Умаждалған үстi-
басын ретке келтiрiп, бет-ауызын жөндеп столға отырды да, қара шай-
ын ұзақ iштi. Дүкеннен әкелiнгелi бiрталай болған нан да әдеттегiден 
дәмдi көрiндi. Пұсырманға барып келудi ұйғарды. 
Пұсырманның алғашқы пәк, ақ махаббаты Айнашқа арналған-ды. 
Бiраз уақыт кездесiп жүрдi де, қыз оны босқа үмiттендiрмейiн дедi ме, 
әлде бала жiгiт көңiлiне олқылық еттi ме әйтеуiр, жанына жолатпай 
қойған. «Басым бос емес, сен мұнан кейiн менiң мазамды алма» деген 
Айнаш сөзiнен кейiн күрт өзгерген Пұсырман үн-түнсiз уайымдап жа-
тып алатын болған. Соның көңiлiн аулап барып шықпаса, арқа тiрер 
сүйеуi, ақылдасар адамы болып көрмеген жастың өмiрдiң алғашқы 
соққысынан-ақ баз кешiп кетпесiне кiм кепiл? Сондықтан, жанында 
болып, әңгiмелесiп, өзiнiң де көңiл-күйiн көтермек болып шештi. «Ба-
сымда баспана болса, қасыма алып, бiрге тұрар едiк, туған бауырла-
рымдай көрер едiм… Әттең, оған өзiмде де жағдай жоқ қой…» деп жиi 
ойлайтын Ақжан. Балалар үйiне барған сайын еркек болса «папалап», 
әйел болса «мамалап» жабыса кететiн бүлдiршiндердi көрген сайын 
да жүрегi ауырады. Тағдырдың тәлкегiне түсiп отырған нәрестелердiң 
жазығы жоқ-ау! Солардың көзiн жаутаңдатып тастап отырған, 
нәпсілеріне ие бола алмаған, ертеңін ойламаған қыз-келіншектерге 
зауал. Әрине, еркектің аты еркек, бала белде, қатын жолда. Жарық 
дүниенiң есiгiн шыр етiп ашқаннан көздерi жасқа, жандары налаға 
толы бейкүнә балаларға жаны ашиды. Бәрi де ананың аялы алақанын, 
жылы сөзiн аңсайды. Олардың бәрiнiң көздерiнен сол үмiт сезiлiп 
тұрады. Кеудесiнде сезiм оты бар әр адамның оны байқамауы мүмкiн 
емес. Кейiннен олардың «мамалаған» дауыстарына мұның да етi үйре-
нiп қалды. Ең алғаш бiрнешеуi бұған жабыса кеткенде, олардың үнi 
құлағынан кетпей, көз алдына елестеп, ұйықтай алмай шыққан едi…
Жол-жөнекей тағы редакцияларға, бiр-екi мекемелерге кiре кетудi 
ұйғарды. Көпшiлiгi «бар жерде қысқарту жүрiп жатыр, өз адам да ры-
мы з ға да жұмыс жоқ» дейдi. Көз таныстар: «Бiрдеңенiң шетi шықса ал-
дымен саған хабарлаймын» деп есiктен шығарып салады. «Өлмегенге 
өлi балық жолығар» деген деп тағы да бiраз аралап шықпақшы бо-
лып, көлденең жолдарды тiкесiнен кесiп өтiп, тартып келе жатқан 
едi. Машинаның бипылдатқан даусы естiлiп, жалт қараса бұны танып


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет