169
Тіршілік
біресе жоңғарлықтар шапқыншылығы жайпаса, бірде қалмақтар
қырып, енді бірде қара қытай қаһарын төккенде де талай-талай
аумалы-төкпелі заманды бастан өткеріп, енді біраз тынышталғандай
болатын.
Ата
мекеннің тобылғылы, торпаңды, нулы-сулы деген жақтарын
мекендеп, ерменді, жусанды жағын жағалап жүрген Қараша, Бо-
лат, Төртуыл әулеттері сияқты рулы елдің сонау Ресейге жақын
қоныстанған қазақ руларынан жетіп жатқан дақпырттардың арты
шынға айналып, енді не істерлерін білмей дал болғандарына біраз
болған еді...
«Қанды тырнағын халыққа батырып, салықтан салық салып,
сүлікше сорған Николай патша тақтан құлап, бүкіл Романовтарды
тұқым-тұяғымен Сібірге жер аударыпты-мыс.
Өкімет басына кел-
ген қызылдар сол жақта патшаның үрім-бұтағын сендер бұл жарлы
жақыбайға не істемедіндер?» – деп қуып жүріп қырыпты-мыс. Олар-
ды қызылдар дейді екен, кеңестіктер деген бір аты тағы бар. Өздері
қарапайым елдің қамын жейді деген тәуір хабар жеткелі де бірталай
болған, сөйткен қызылдар өздері келіп, «бәленбайдың ауылын шауып
кетіпті», «түгенбайдың ауылын орнымен отап кетіпті» деген дақпырт
дүдәмал тудырғалы елде маза жоқ. Патшаның туын көтеріп, жоғын
жоқтағандар соның
заманын көксегендер көтеріліп, олардың ақ гвар-
дияшылар аталатынын, солардың аңқау, надан елдің ойын ойыстыру
үшін біресе қызыл боп киініп, біресе ақ боп келіп, елдің есін алатын
саясат екенін ұғатын хал халықта жоқ еді. Сондықтан да үдере көшкен
беттері. Алғы бетте – Қытай елі. Ол жақта да күлімсіреген күннің күтіп
тұрары анық емес. Әйтеуір ол жерде бұрыннан тұрып қалған қазақтар,
ұйғырлар бар екен...
Соларға біртіндеп сіңіп кетсек, болашаққа
ұрпағын сақтасақ деген ғана арман жетелеген еді...
Аттың аяңын, қатан-қалаш, бала-шағаның сылбыр жүрісін есеп-
теген көш басы енді бір-екі күнде Тарбағатай сілемдерінен асса, түн
жамылып шекарадан өтсе, артынан ерген елді есен-аман жат жердің
топырағына іліндірсе, ар жағында жергіліктілермен сіңісіп, арала-
сып ел боп кетерміз деген оймен дамылдап, ат шалдыруға,
аялдауға
әмір еткен-ді. Қуып келе жатқан қуғыншы жоқ қой деп өзін-өзі
саябырсытқан болатын. Бірақ ол өз ішінен жау шыққанын білмеді.
Атаққұмарлық, жағымпаздық, іштарлық сияқты жаман әдеттерді
құдай «әп» деп жаратқанда қазекеңе молырақ бергенін кім білген!
Жергілікті жерде патша өкілі болып саналатын, халықтан алым-
салық жинайтын, ағзам бұйрығын жеткізуші, елі ішінде «қара дүлей»