148
Клара Қабылғазина
бейдi. Жұмыстан кеш қайтатын, немесе мүлде қайтпай қалатын әкесi
келсе топ-толық денесiмен маймаңдай жүгiрiп, мойнына асыла кететiн
әдетi бар. Табиғатынан балажан Ермек қанша шаршап тұрса да,
көңiл-
күйi болмаса да қызының илеуiне көне кететiн.
– Папа, бiздiң мектептiң бiр қызы иномарка жүргiзiп жүр. Мектепке
өзi айдап келедi, қолында соткасы да бар. Маған да әпересiң ғой…
– Әрине, тек есейсең болды…
– Ой, папа, мен сенi сондай жақсы көремiн, – деп әкесiнiң бетiнен
шолп-шолп сүйедi. Оның осы қылығына риза болған әкесi де, ата-
әжесi де қауқылдасып қалады. Бәрiнiң тiлегi жалғыз, жалқы қыздың
аман дығы. Тек, Ирина ғана әлденеге iшiнен секемденгендей… Қызы-
ның алдында өзiнiң беделiнiң төмендеп,
ақшалы әкесiн көбiрек
жағалайтынына қамығады. Бой жетiп, анасына сырлас болудың ор-
нына күннен күнге алыстап барады. «Бүгiн де кеш келемiн» деп өзiне
көз салмастан бұрылып кете берген күйеуiнiң артынан қарап қалған
Иринаның көзiне жас толды. Соңғы кездерi топ адамның ортасында
отырса да жалғыздықты сезiнетiн болғаны жанын жабырқатып, көңiлiн
жүдеттi. Тiптi болмаса,
көңiлiн аулап, жұмысқа кетерiнде бетiнен сүйiп
кететiн күйеуi соңғы кездерi тым салқын. «Көнсең – осы, көнбесең –
тағы осы» деген сыңай танытады. Бiр өзгерiс барын сезетiн, бiрақ бiле
алмай дал болатын келiншек амалсыз көз жасына ерiк бередi. Ойлап-
толғап шешкенi – амалдап, қызын өсiрiп, күн көруi қажет. Сөйтіп
жүргенде Ермекті Айнашпен тағдырдың өзі жолықтырған еді.
* * *
Не жауарын, не жаумасын бiлмегендей аспанның жүзiн торлаған
қара бұлттың бiр тобы жөңкiлiп өте шығады, ендi бiр тобы түнерiп
қара аспанды төндiрiп тұрып алады. Онсыз да көңiлi бей-жай бо-
лып, не әрекет етерiн бiлмей отырған
Ақжанға ауа райы да қосымша
болғандай…
Есiне әр нәрсе түсiп, жанарына жас үйiрiлдi. Бiресе балалық, жастық
шағы өткен ауылы көз алдына көлбеңдесе, бiресе ана алақанының жы-
луынан ерте айырылып, жаутаңдап өткен күндерi елес бередi. Орта
мектептi бiтiрген соң «Бәленбай деген Алматыға кетiп барады екен,
соған iлесiп оқуға бар!», – деп әкесi қолына азын-аулақ қаржы берiп
шығарып салған болатын. Бiр-екi көйлек-көншегiн салып кете барып
едi…
Содан жолы болып, жоғары оқу орнының есiгiн де ашты. «Жоқтық
ұят емес, байлық мұрат емес» деген принциппен жүргенiнде бес жыл