Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет49/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

17-қаңтар
Аптасына екі-үш рет келіп тұр. Әңгімесінен байқағаным – өсіп, 
ержетіп кеткен қыз-ұлдары, қыздай қосылған әйелі, әуелі алты-жеті 
немерелері де бар екен. «Бір ғұмыр боларлықтай уақыт бірге өмір 
кешкен зайыбыммен бүкіл тыныс-тіршілік біте қайнасып кеткен емес 
пе... Әзірге ештеңе сезген жоқ ол. Менің әрекетім «зинақорлық» деп 
аталады ғой.. Ер жеткен ұлдарым, бойжеткен қызым біліп қойса не 
дейді? Келіндердің алдындағы қайынаталық қасиет қайда қалады? 
Әйел қандай мінез көрсетеді? Осылардың бәріне жауап жоқ. Әрине, 
бәрінің қарсы боларын сезгендеймін. Бірақ, тап жас кезімдегідей бір 
желік желкілдетіп, сезімнен, нәпсінің жетегінен шыға алмай қалдым... 
Ұят деген сөздің барын да ұмытқандаймын...», – деп сөзінің аяғын 
жұтып қойған. 
– Не, мені жолықтырғаныңызға өкінесіз бе? – деген едім. Ол 
үндемеді. 
5-ақпан
Ол кісіні «Ереке» дейтін болдым. «Ерім» дегенім ғой.. Ағалық қаты-
нас емес, туралап атын атауға ыңғайсыздау екен. Төсек қызығын 
аңсай тын ды да шығардым. Бұрынғылар тәрізді бір-екі келіп пайдала-
нып кеткісі келмейтін сияқты. Шынымен маған көңілі ауғандай... Шын 
сүйе ті нін де айтып қалды. Жас ағзаның қызуынан айтып қалды ма, 
қайдам... 
Қалта жағдайым да жақсара бастады. Келген сайын қаражат беріп 
кетеді. Қызымыз екеуміз көйлек-көншек сатып алып, жетісіп қалдық. 
Бұрын соңды бұндай көлемді қаражат ұстаған емеспін. 


105
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет