Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет22/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
ел жақты аралады. Әке-шешесiнiң көзiн көргендермен әңгiмелесiп, 
үрiм-бұтақтармен танысып, көңiлi марқайып, бiраз жатқан соң қалаға 
қайтқан. Осыдан бастап жалғыздықтың не екенiн қатты сезiне баста-
ды. 
Зейнеткерлiк демалысқа қалай шықты, солай бiртiндеп өзiнiң сән-
салтанатынан айырыла бастағанын, бiрден қартайып қалғанын өзi де 
байқаған едi. Дәлiздiң қабырғасында iлiнiп тұрған үлкен айнаның ал-
дынан өте берiп, ерiксiз өзiне өзi көз тастайды. Мойылдай қара бұрым 
сиреп, көксұр шуда жiптей болып бұратылып қалған. Қуанышын да, 
қайғысын да жасыра алмай жанарына шығатын, жалтылдап тұратын 
көздердiң сәулесi сөне бастаған оттың шоғындай әрiден жылтырайды. 
Тарау-тарау, қым-қиғаш жол салған әжiмдер бiр кездегi топ-толық, 
аққұба, қызғылт бет нұрын аямай-ақ торлапты. Жалғыз бет-әлпетiн 
ғана емес, жылдан жылға бүкiл өн бойына тамырын таратып, жай-
лай түскендей... Қуаты азайып, нәрi бойына жетпей басынан қурай 
бастаған көктеректi көрген сайын, неге екенiн өзi де бiлмейдi, әйтеуiр, 
ұзақ қарайтын едi. Сол сәт есiне түсiп, ұқсастық тапқандай болды. 
«Опасыз бұл дүние шолақ екен, 
Адамдар бұл өмiрге қонақ екен...» – дейтiн әннiң әуенiн ыңылдап 
көрiп едi, көңiлi босады. Көз жасына ерiк бермедi, әйтпесе кешелi 
бергi көтерiлген қан қысымы одан әрi асқына түсуi мүмкiн. Сондықтан 
қажалаған ой, мазалаған ауруға бой бергiсi келмей, шәй iшпекке ас 
үйге бұрылды. Көршiлерi әкелiп кеткен айран-сүт сол күйi стол-
да қалыпты. Тамақтың қалдығы қатып, жуылмай қалған ыдыстарын 
жуып, шәйға отырды. Қолын жайып, кiрпiктерiн әлсiз қимылдатып, 
көздерiн жұмып, бiлетiн аятын оқып, құдайдан тiлек тiледi:
– А, құдай, менiң басымды сүйер, аузыма су тамызар қасымда 
ешкiмнiң жоғын өзiң бiлесiң... Өзiң берген, маңдайға жазған тағдыр 
осындай... Сондықтан, кенеттен келер өлiм сұраймын. Күнәларымды 
кеше гөр,.. – деп бетiн сипады. 
Некеге тұрмаса да тұрғандай өмiр кешкен Еркеннiң бұл күндерi 
қартайып, ауру болып, төсек тартып жатқанына бiраз болған. «Ат 
айналып қазығын табар» дегендей балаларының, жастай қосылған 
қосағының қарауында көрiнедi. Өзiнен күй кеткен соң ба әлде, 
жастықтың шоғын басып, секiрiп жүрген күндердi өтпелi сәтке сана-
ды ма, әйтеуiр, шау тарта бастағалы Айқызға телефон соққанды да 
қойған. Одан берi де бiрiнен бiрi аумайтын күндер, жылдар жылжып өте 
берген. Аулаға шығып, Айқыз өзi құралпы кемпiр-шалдармен 
әңгiмелесiп, ана-мына өмiр түйткiлдерiн әңгiме ғып қайтатын едi... 


48
Клара Қабылғазина
Аяғы құрығыр, соңғы жылдары бастырмай, тысқа шығуға зар болып 
қалды. Екi-үш айда бiр соғып кететiн әпкесiнiң балалары болмаса, 
ешкiм ат iзiн сала бермейдi. «Қаншалықты бiр-бiрiн сүйгенiмен, Ер-
кен айналып келгенде ештеңесiн бұл өмiрден жоғалтпапты, бала-
шағасының қасында отыр. Ынтыққан күндер, сағыныш, сезім, махаб-
бат дегеннің бәрі өмірдің алдамшы, уақытша қызықтары ғана екеніне 
көзі жетті. Жеткеннен не пайда, сол алдамшы тірліктің жетегінде 
жылдар өтіп кете барыпты. Ал мен ше? Мен не ойлағанмын, менiң 
тiрлiгiмнiң мәнiсi не болды?»– деген ойлармен өзiн-өзi қажап, ақыры 
шаршаған болатын. Құдайдың берген өмiрiн сүрермiн, халiм келген-
ше... Болмаса онысын көрермiн, – деген ой-тұжырым жасаған. 
Сыздықтап тағы бiр таң атты. Сүт сәуле айналаны бозаң шапағына 
малындырып, жайлап күн де ұясынан көтерiлiп, бозаң қалып біртінден 
қызғылт реңденіп келе жатыр. Адамдар таңғы тәттi ұйқы құшағында. 
Айқыз түнiмен ұйықтай алмады. Көзiн жұмып қалғып кетсе-ақ бол-
ды Еркен түсiне енедi. Бiр аппақ шымылдықтың iшiнде отырған ол 
бiресе құс болып ұшқандай қалықтайды, бiресе шақырғандай қолын 
бұлғайды. Бұл да көптен сағынғанын бiлдiргендей қолдарын алға қарай 
созып ұсынады. Бiрақ орнынан тұра алмайды. «Шақырғанда, қолымды 
созып тұрғанда неге келмейсiң?»– дегендей ол қабағын шытып, ренiш 
бiлдiредi. Айқыз қайта ұмтылды. Япырмай, аяқ-қолын бiреу шегелеп 
тастағандай... Еркен жалт бұрылды да, тұңғиыққа сiңiп кете барды. 
– Аh, тоқташы, тоқта! – деп тұра алмаған күйi жылап оянды. Не бол-
ды екен? Ол өзi көптен төсек тартып жатыр деп едi-ау. Араларындағы 
байланыс баяғыда үзiлсе де соның тiрлiгiнiң өзiн медет қып жүр емес 
пе. Таң атпай телефон соқпай-ақ, кешiрек хабарласайын деген оймен 
орнынан қалтылдай тұрып, күндегi әдетiнше терезеге жақындады. 
Жарық сәулемен амандасқандай терезенi ашып, салқын саумал ауа-
ны, тау жақтан соққан лептi молырақ жұтқысы келгендей жиiлеп дем 
ала бастады. Көкiрегiндегi сырыл бүгiн күшейе түскендей. Таза ауаны 
нығыздай дем алған сайын жаны әбiгерге түсiп, мазасы кеттi. Ас үйге 
барып ыстық шәй iшсем мүмкiн ұстап тұрған ауру кетер деген оймен 
бұрыла бергенi сол едi, аяқтары кiлт етiп, жүрмей қалды. «Құлап түсiп, 
мертiгiп қалмайын» деп отыра кеттi, сол отырғаннан ұзақ отырды. 
Өмiрiндегi көлеңкелi тұстарды есiне алып, кеудесi өкiнiш пен мұңға 
толып, ұз-а-ақ жылады. Дәрменсiздiктiң, жалғыздықтың, кәрiлiктiң 
мұңын мұңдап, iшкi зарды шығарды. «Өмiрдiң бәрiн қайта бастар 
мүмкiндiк болса, шiркiн...», – деп болмас, ешқандай құдiреттi күш 


49
Тіршілік
қайтып әкелмес жайды ойлағанына өзiне өзi ренжiп, орнынан жайлап 
тұрды. Есiне телефон соғуы керектiгi түстi:
– Әлеу, Еркеннiң ұлысың ба, айналайын?
– Жоқ, туысқанымын... 
Айқыздың жүрегi әлдененi сезгендей лүпiлдеп, қағысы жиiлеп кеттi:
– Еркеннiң танысы едiм, қарағым... Ол ауырып жатыр деп едi... 
Қалай болды?.. 
– Ол кiсi бүгiн ертеңгiсiн қайтыс болды... 
Қолынан телефон тұтқасы түсiп кеттi. «Бәсе, кәрi жүрек бiрдеңенi 
сезген екен ғой...» деп сүйретiлiп барып диванға отырды. Барып, соңғы 
сапарға шығарып салар күй жоқ. Iштей қоштасып, бұл тiрлiктегi ең 
жақын, ең соңғы адамынан айрылып, қанаты қайырылған құстай, өзегi 
ойсырап, жаны жүдеп, көңiлi құлазып, езiлген күйi бiрнеше күн жүрдi. 
Сонан соң барып тiрлiгiн, пенделiк харекетiн жасап, әдеттегi күнкөрiс 
қамына кiрiскен болатын... 
Арада жылжып күндер, сусып сағаттар өтiп жатты. Есiктiң 
қоңырауын қаққан соң, ашса, көршi қыз екен:
– Апа, сiздiң почта жәшiгiнде мына бiр хат жатыр екен, бере салай-
ын деп... 
– Рахмет, айналайын... 
«Япыр-ау, мынау Еркеннiң жазуы ғой...» Асығып, абдырап, қисайып 
кеткен саусақтары икемге келмей, қайта-қайта жерге түсiрiп алды. 
Қас-қағым сәтте ойына не келмедi дерсiң... Әлде бiр үкiлi үмiт те жалт 
еткендей... Конверттi ашты-ау ақыры. Маржандай тiзiлген әрiптерден 
өрiлген ақ парақ бетiндегi бедерлер көзiне оттай басылды. Көзi 
көрiңкiремедi ме, әлде жаны қиналып жатып жазды ма?.. Әйтеуiр, 
сәл қисықтау жазылғаны болмаса, сол жазу, сол ерекше қасиетi бар 
сөздер... Көзiлдiрiгiн кие салып, оқи бастады:
Айым!
Сенi осылай мен ғана атайтынмын, есiңде шығар... Аурудан да 
гөрi жанымды көп қинаған сенiң тағдырың болды. Көп ойландым, 
толғандым. 73 жылғы өмiрiм көз алдымнан жетi-ақ минутта өтiп 
кеттi. Адам өмiрi дегенiң қысқа екен-ау. Өмiрiмдегi ең қызықты, 
ең тәттi күндерiм сенiмен өткен екен. Бiрақ, сенiң тағдырыңның 
осылай қалыптасуына мен кiнәлiмiн... мен... Кешiре алсаң, кеш... 
Күндерiмнiң санаулы-ақ қалғанын сеземiн. Маған жолықпағаныңда 
үй-жайың, бала-шағаң қасыңда болар ма едi?.. Тағдыр ғой... Жүрiп-
тұра алған болсам, барып қоштасар едiм... Балаларыма аманат 


50
Клара Қабылғазина
етiп сенi тапсырдым. «Қарайласыңдар олай-бұлай болып кетсе, 
менiң жаныма жерлеңдер» дедiм. Кемпiр де қарсылық бiлдiрмедi. 
Балаларымның анасы ретiнде қарсы келуi мүмкiн едi, бiрақ бұл 
жолы да парасатын, ақылдылығын бiлдiрдi. Жас кезiмiзде де бiздiң 
жайымызды бiлiп жүрiп, үндемеген екен. Одан да кешiрiм сұрадым. 
Бүкiл ғұмырым бiрге өткен адам емес пе, кештi, «кештiм» дедi. 
Ендi сен де кешiршi... өтiнемiн... Дәл сол сәтте, осы жолдарды 
жазып жатқанда да баяғы жiгiт шағымдағыдай жүрегiм тулап, 
сағыныштың оты қайта тұтанғандай болды. Хош, ана дүниеде жа-
нымыз кездескенше. 
 Өзiңдi мәңгi сүюшi Еркенiң. 
Кiре берiсте жүрелеген күйi отырған Айқыздың аяқтары ұйып, 
денесi дел-сал болып, тағы да бiраз басын қабырғаға сүйедi. Содан 
кейiн төрт тағандап, еңбектей төсегiне жығылды. Осылай күн жатты 
ма, түн жатты ма өзi де бiлмедi. Әйтеуiр, бойына қуат жиналып қалған 
екен, сергектеу тұрды. 
Себезгiлеген таң нұры терезеден өзiнiң шуағын тағы төгiп тұр. 
Мұндай таңдардың ендi қанша екенiн кiм бiлсiн? Дегенмен де аз 
қалғанын сезiнiп, түйсiнiп тұрғандай... «Хош, ана дүниеде жанымыз 
кездескенше» деген сөздер жадында сақталып қалыпты. Бiр сәт соған 
өзi де асыққандай болды... 
1985.


51
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет