65
Тіршілік
бердi. Ойындағысын жүзеге асырған жiгiт оның қолына киiмдерiн және
азын-аулақ ақша берiп: «Осы жерден аялдамадан отырған кез келген
автобуспен тұрағыңа жетесiң. Кiнәлi өзiң... iштiң... Өз еркiңе өзiң ие
бола алмадың... Жiгiттердiң бәрiн риза еттiң. Соттасам, шарласам деп
әуре болмай-ақ қой... Мен сол маңайда қызмет етемiн. Бәрiбiр, ниче-
го не докажешь, – деп шығарып салды.
Бет-ауызы домбығып, iсiнген,
көзi бұлаудай болған қыз аяғын зорға басып, автобусқа мiндi. Бiр сәт
өлгiсi келдi, бiр сәт ол ойынан қорықты. «Балаларым бақытым, бар
байлығым» деп санайтын анасы есiне түсiп едi, ұяттан бетi өртендi.
Өзiне өзi қол салып елге бiр масқара етсе, қазасымен екi өлтiретiнiн
сезiндi де, неде болса көрiп алдым дегендей жатақ табалдырығын ба-
тыл аттады.
Бiрер айдан кейiн бойы ауырлап, басы жиi ауыра беретiн болған
қыз өзiнiң жүктi болғанын дәрiгерден естiгенде көпке дейiн есiн жия
алмады. Күн өткен сайын жүктiлiктiң бiраз қиыншылықтарын көрдi.
Жүрек айнып, бас айналып, еш асқа тәбетi тартпай,
жұмысын да атқара
алмай жүргенде, күндер өте бердi. Бiресе жатақхана, бiресе жұмыста,
әйтеуiр, жаны ауырған соң басқа еш жайды ойлауға шамасы келмей
жүре берiптi, күндер де сусыған құмдай сырғыды... Әне-мiне дегенше
жүктілік демалысын алатын күнi де келдi. Жатақханадағы қыздардың,
ондағы қызметкерлердiң сөздерi, өсек-аяңдары құлақ етiн жеп ба-
рады. Босанатын күнi таянып қалғанын сезген ол: «Қой, не болса да
ауылға барайын, анама жетейiн... Қайтемiн ұят болса... амалым жоқ..»
деп жұмыстан бiржола шығып, орнын өткiзiп,
вокзалға келгенiне бiр
күн болды. Солай жүретiн пойыз жоқ емес, өзi бара алмай, көз ал-
дында анасының бетiн басып ұялғанын, әкесiнiң әншейiнде бетiнен
сүйетiн әкесiнiң қарамай, терiс айналғанын, бауырларының үндемей
қалғандарын көзiне елестетiп едi, жолына көлденең табылғандай бол-
ды. Ендi, қайда барамын? Тақтай орындыққа қақшиып отырғанына
екiншi күн. Белi сырқырап, әлсiн-әлсiн iшi қатты бүрiп, ауырып кетедi.
Түйiлiп, бүкiл iш-құрылысын
әлде бiреу қозғап-қозғап, жұлып-
жұлып алып жатқандай... Ыңқылдаған дауысы қанша тiстенгенiмен
шығып кете бердi. Айналасында отырғандар, өтiп бара жатқандар
жалт қарайды, сөйтедi де кете барады. Кейбiреулерi «жедел жәрдем
шақырайын ба?» деп сұрайды. Бұл басын шайқайды. Қасында отырған
әйелдiң: «Толғағың басталған ғой, тезiрек ауруханаға жету керек. Үйiң
алыста ма едi?– деген сұрағына жауап берместен орнынан тұрып кете
барды. Тысқа шығып, ауамен көкiрегiн кере демалып едi,
толғақ сәл
басылғандай болды. Санасы сан тарапқа жүгiрiп, бiр шешiмге келген-